Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Сәлеметсіздер ме? Маған санамақтар жинағы керек еді. Бар солса тауып беріңіздерші. Барлық пәндерден болса жақсы болады. Мысалы математика, балабақшаға 3-4 жастарға да және т. б.
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Санамақтар
Санамақ№1
Кел санайық санамақ,
Саусақтарды даралап.
Бас бармағым алғашқы -
Балаң үйрек жалғасы.
Ортан терек - кезекші,
Шылдыр шүмек - көмекші.
Шынашағым - балапан,
Бәріне ортақ алақан.
Шылдыр шүмек -мен,
Титтей бөбек - сен.
Санамақ №2
Ал, санаңдар, санаңдар,
Бізде қанша адам бар?
Алдымда:
Атам, әжем,
Алдымда:
Әкем, анам.
Білмесеңдер, біліңдер,
Тағы саусақ бүгіндер.
Алдыма:
әпкем, көкем,
«Аман жүрсін інім», - дер.
Өзім барамын, інім бар.
Кіп – кішкентай күнім бар.
Қанша болдық бәріміз?
 
Санамақ №3
Қуыр - қуыр қуырмаш,
Балаларға бидай шаш!
Тауықтарға тары шаш!
Бас бармақ,
Балалы үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
Сен тұр - қойыңа бар!
Сен тұр - қозыңа бар!
Сен тұр - жылқыңа бар!
Сен тұр - сиырыңа бар!
Сен тұр - түйеңе бар!
Ал сен алаңдамай,
Қазан түбін жалап,
Үйде жат.
Мына жерде құрт бар,
Мына жерде май бар....
Мына жерде қатық бар...
Қытық, қытық!

Санамақ №4
Бір - таңертең тұр.
Екі - шынығып, бекі.
Үш — тазала тіс.
Төрт - сабындап жу бет.
Бес - сүртін тез.
Алты — үйді жина жалпы.
Жеті - киін енді.
Сегіз — асыңды жеп, іш.
Тоғыз - ыдысты жу тегіс.
Он — сабақ оқы.
Осыдан соң
Бұл санамақ жаңа
Күнде өстіп сана.

Санамақ №5
Алма кетті домалап
Көше бойын жағалап
Кім алманы табады
Сол ойыннан шығады!

Санамақ №6
Бір деген-  антың
Екі деген – салтың,
Үш деген – дінің
Төрт деген – тілім,
Бес деген білім
Алты деген – ілім,
Жеті деген – жерім
Сегіз деген – елің
Тоғыз ата-анаң
Он деген – Отан
Бұзылмасын батаң
Бағдаршам бұл қатаң
Санап көріп саусақ
Ойлан енді ботаң!   




Санамақ №7
Бір топта он баламыз,
Бір-бір жастан арамыз.
Бір жастағы - Біржан
Екідегіміз - Елжан
Үштегіміз — Үсен
Төрттегіміз - Төкен
Бестегіміз - Бекен
Алтыдағымыз - Арқан
Жетідегіміз - Жетен
Сегіздегіміз - Сөкен
Тоғыздағымыз - Тойтан
Ондағымыз- Ойқан
Жастарымызды қосыңыз,
Қосындысы қанша осының?
Санамақ №8
Алмас, Асан келісті,
Алма жинап бөлісті.
Арасында бір алма,
Айтыс болды бұларға.
Асан берсе, алмасы
Үштен бірі кем болар.
Алмас берсе, алмасы
Асанның да тең болар.
Алма санап көріңдер,
Екіге тең бөліңдер.
Санамақ  №9
Бір - таңертең тұр.
Екі - шынығып, бекі.
Үш — тазала тіс.
Төрт - сабындап жу бет.
Бес - сүртін тез.
Алты — үйді жина жалпы.
Жеті - киін енді.
Сегіз — асыңды жеп, іш.
Тоғыз - ыдысты жу тегіс.
Он — сабақ оқы.
Осыдан соң
Бұл санамақ жаңа
Күнде өстіп сана.
Санамақ  №10
Бір дегенім - білеу,
Екі дегенім - егеу,
Үш дегенім - үскі
Төрт дегенім – төсек,
Бес дегенім, - бесік,
Алты дегенім - асық,
Жеті дегенім - желке,
Сегіз дегенім - серке,
Тоғыз дегенім- торпақ,
Он дегенім - оймақ
Он бір - қара жұмбақ
Санамақ №11
Бір –таңертең тұр!
Екі –шынығып бекі.
Үш –тазала тіс!
Төрт – сабындап жу бет.
Бес –сүртін тез.
Алты- үйді жина жалпы.
Жеті –киін енді.
Сегіз –асыңды жеп,іш.
Тоғыз ыдысты жу тегіс.
Он- сабақ оқы,осыдан соң.
Бұл санамақ жаңа,
Күнде өсітп сана.
Санамақ №12
Бірім,екім,
Тығыл!Бекін!
Мен санайын:
Сен бол дайын.
Сары шымшық,
Сен тұр,сен шық!   
Санамақ №13
Алшаға кеп күнара,
Қонушы еді бір ара.
Бүгін тоғыз туысын
Ертіп келді бұл ара.
Сонда бүгін алшаға
Келіп қонды қанша ара?  (Он)
Санамақ №14
Балалық-ау,балалық!
Кел,бір ойнап тарайық!
Бірім,бірім,бірім деп.
Саусақты да санайық!
Көзді тас қып жұмайық,
Кім түрткенін табайық!
Кел,жарыса шабайық!
Санамақ №15
Үйге жұмсап Жарқынды,
Алдырдық біз үш түйе.
Қос қап бидай артылды
Әр түйенің үстіне
Тапқыр болсаң,ал санап,
Бидай алдық қанша қап?
Санамақ №16
Кел санайық,санайық,
Санайық та табайық.
Ойын бастаушы:
-Жаңа ойынды көрейік,
Ойын аты: «Санамақ».
Санап талдап берейік,
Әрбір затты даралап.
Ал санайық,санайық,
Ретімен әдепкі.
Құралдарды табайық
Құрылысқа қажетті
Балалар:
-Балта,балға,бұрғы,
-егеу,күрек,сүргі.
-қашау,зембіл,ара....
Ойын бастаушы:
-Тоқта.Қайта сана.
Балалар:
-Қайрақ,қалақ,шеткі,
-Қайла
Ойын бастаушы:
-жә-жә,жетті,
Қанша болды бәрі?
Балалар:
-Он үш болды саны.
Санамақ №17
Ойын бастаушы:
-Ойын шарты жаңалап,
Тағы ойнайық «Санамақ»
Енді аң мен құстарды
Түгендейік сралап
Балалар:
-Бүркіт,елік,үкі,
Қарға,құлан,түлкі.
Барыс,бұғы,тартар,
Шымшық,бұлбұл,арқар...
Ойын бастаушы:
Ал санайық әрі
Қанша болды Бәрі?
Санамақ №18
Ойын бастаушы:
-Ал санайық,санайық,
Мақсат мынау ендігі:
Ағаштарды табайық
Көпшілікке белгілі
Балалар:
-қарағай,қайың,шырша,
Үйеңкі,емен,арша
Самырсын,терек,алма ағаш,
Долана,жиде,қарағаш...
Ойын бастаушы:
-Ал,санайық,әрі,
Қанша болды бәрі?
Санамақ №19
Бір дегенім-бөрік,
Кисең бойға көрік.
Екі дегенім –етік,
Киер сәнді етіп.
Үш дегенім –ішік,
Теріден тігер пішіп.
Төрт дегенім –тымақ,
Қыста кисең жылы-ақ
Бес дегенім –байпақ,
Іші жылы тайпақ.
Алты дегенім –алқа,
Мойныңа тақ,ал да
Жеті дегенім- жейде,
Кір болмасын кейде.
Сегіз  дегенім - сенсең,
Жылысы тонның сеңсең
Тоғыз дегенім – телпек,
Болма,балағтентек.
Он дегенім –оймақ
Жүрме босқа ойнап.
Санамақ №20
Бас бармағым –атам,үйдің данасмы.
Балаң үйрек –әжем,ошақ анасы.
Ортан терек –әкем,отау панасы.
Шылдыр шүмек –шешем,шаңырақ ажары
Титтей бөьек – мен,бәрінің базары.
Санамақ №21
Қанша бала?
Мұз айдында жеті бала
Асыр сап жүр сырғанап
Сырғанамай екі бала,
Жағалауда тұр қарап,
Енді осы бар баланың
Санын айтсаң жарадың?     (тоғыз)
Санамақ №22
Ағам біздіжинады,
Сегіз қолғап сыйлады
Қамқор болған ағамыз
Біздер қанша баламыз? (төрт)
Санамақ №23
Портфелімді әуелі
Он үш жаңғақ бар еді.
Науат  пенен Маратқа,
Самат пенен Сағатқа,
Апасына Қанаттың
Екі-екіден тараттым,
Қанша жаңғақ қалғанын
Айта қойшы,ал,жаным! ( үш)
Санамақ №24
Мына алты ақ алма –
Нүбүбі мен Жанарға
Үш сары алма –Манарға,
Қызыл алма – Анарға.
Қанша сонда бар алма?   (он)
Санамақ №25
«Бес» алған Аснға –бес алма.
«Төрт» алған Досанға –төрт алма.
«Үш» алаған Хасанға – үш алма.
«Екі» алған Бошанға  -неше алма?  (екі)
Санамақ №26
Бес бұтақты қайыңда –
Бұтақ сайын бес алма
Біреуін бер Сайынға,
Сонда қалмақ неше алма? (қайыңда алма өспейді)
Санамақ №27
-Бес алманың үшеуін
Досың сұрап алады,
Айтшы,сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады?  (екі)
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
7 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов