Қай кезде де әр адамның үлгі тұтар адамы немесе идеалы болады. Жай үлгі тұтатын деп айтуға жеңіл сияқты. Себебі идеал сөзі одан ауқымдырақ. Мысалы осыдан 3-4 жыл бұрын Зорро Мультфиліміндегі Зорро есімді батырды көп балалар идеал санады. Ол елді жауыздықтан қорғайтын батыр рөліндегі кейіпкер. Кейіпкер ойдан шығарылса да, аңыздан туындаса да балалардың санасында қалатыны сөзсіз. Алдар көсе де идеал бола алады. Сонымен қатар бізді өмірге әкелген анамыз ол біздің бірінші идеалымыз. Себебі бойындағы бар жақсы мен қолындағы бар жиғанын баласына деп береді. Инабатты , ибалы қыз болсын деп, ер баласын батыр болсын деп тәрбиелейді. Ақ сүтімен дарытқан әр қасиеті бойымызға сіңіп, анамызға ұқсасам екен талпынамыз. Сондықтан әр баланың ең бірінші идеалы анасы. Дүние есігін ашқанда да алғаш көретін адам ол анамыз. Аналарымыз аман болсын!