Әр адам бір салаға бейім болып келеді. Біреуі есепті жақсы шығарса, енді бірі өлеңді жақсы шығарады. Ал менің әлемім, менің бейімім музыка. Кішкентай кезімнен ән айтып , әр түрлі аспаптарда ойнаймын. Жоғары сыныпқа енді көшкенімде анам мені жетектеп аудандық саз мектебіне алып барды. Араға 5 жыл салып үздік түлек болып шыға келдім. Ең бірінші анам мен ұстаздарымның арқасында деп білемін. Саз мектебінде жүріп бірнеше байқауларға қатыстым. Нәтижесінде жүлделі орындарға ие болдым. Әу демейтін қазақ жоқ десек те, кез келген адам әнді нақышына келтіріп орындай алмайды. Әнді жүрекпен сезініп айту керек. Сондай ақ аспаптарда ойнаған кезде ән ерекше шығады. Оны дұрыс орындай білу керек. Саз мектебін бітіргеніме де 5 жылдан астам уақыт өтті. Ал мен музыкадан қол үзген емеспін, себебі музыка менің өмірім, музыка менің әлемім