Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Жоспар:
1.    Өрт сөндіру тәсілдернің жіктелуі. Өрт сөндіру құралдарын таңдау принциптері.
2.    Судың, сұйықтықтардың, қатты заттардың өрт сөндіруші қасиеттері. Өрт сөндіргіш сұйық заттар.
3.    Өрт сөндірудің алғашқы құралдары.
4.    Өндірісітік апаттарды жою кезінде ИТЖ және жұмысшылардың міндеттері. Өрт сигнализациясы және байланыс.

Өрттерді тез жою үшін дұрыс құралдар мен тәсілдерді таңдаған дұрыс. Ол үшін жану процесіне әсер ететін жағдайларды ескерген жөн.
Олардың ең маңыздысы:
1.    жанғыш жүйелерінің сипаты мен жану процесінің түрі;
2.    жанудың өтуі;
3.    метеорологиялық жағдай;
Өртті сөндіргенде тотықпен немесе жанғыштармен қызу реакцияға түсетін заттарды пайдалануға болмайды. Мысалы, суды пайдалануға болмайды, егер сонымен әсерленгенде жанғыш заттар пайда болса немесе жылу шығарса (сілтілі және жер сітіліметалдар, көптеген металорганикалық қоспалар, метал гидридтері), сондай-ақ, өрт сөндіру үшін азотты да пайдалануға болмайды. Себебі онымен реакцияға түскен заттардан нитридтер пайда болады. Өртті сөндіру шараларының тиімділігі жанғыш сұйықтардың тұтану температурасына тәуелді болады. Тұтану температурасы төмендесе судың және көбіктің шығыны өртті сөндіргенде жоғарылайды.
Өрт сөндіру кезінде өрт көзіне ауаның болғаны, желдің күші мен ағымы және басқа метеорологиялық жағдайлар әсер етеді. Жел жанғыш булар мен ауаның алмасуын өрістетеді, сонымен жанудың жылдамдығын жоғарылатады да, жану ошақтарына өрт сөндіргіш заттардың берілуін қиындатады.
Өрт сөндіру қоспалары мен құралдарын - өрт сөндіру заттары деп атайды, ал қолмен тасымалдайтын және таситын өрт сөндіргіш құралдарды өрт сөндіргіш құралдар деп атайды. өрт сөндіру жүйелері – стационарлы, жартылай стационарлы және т.б. болып бөлінеді.
Өрт дабылын соққыштар -  от жалыны  шыққанын хабарлауға арналған техникалық құралдар жиынтығы. Бұл құралдар күзет, өрт дабылын соққыш жүйесінің құрамына  кіреді. Өрт дабылын соққыштар өрт хабарлағыштар мен қабылдау құрылғыларын және бұл екеуін өзара жалғастыратын байланыс желісін іске қосады. өрт хабарлағыштар күзет пунктіне электрлік дабыл беретін құрылғылар түрінде жасалады. Өрт дабылын соққыштар  қабылдауыш құрылғылары өрт дабылын қабылдайды. Қабылдау –бақылау құралдары өрт жайлы дабыл қабылдаған мезетте сыртқы дабыл қағылуымен бірге күзет бекетіне де хабарланады.

Өрттерді сипаттау және оларға қарсы өрт сөндіретін құралдар.

Өрт класы    Жанғыш ортаның және жану объектісінің сипаттамасы.    Ұсынылатын өрт сөндіру құралдар мен құралдар
А    қатты жанғыш материалдар (ағаш, көмір, қағаз, резина, текстильді заттар және т.б.)    Өрт сөндіретін құралдардың барлық түрі (алдымен су)
Б    Жанғыш сұйықтар және қыздырғанда еритін заттар (мазут, бензин, майлар, спирт, спреатин, каучук және кейбір синтетикалық заттар және т.б.)    Тозаңдатылған шашыратқан су, көбіктің барлық түрі, ұнтақтар.
С    Жанғыш заттар (сутек, ацетилен,көмірсутектер және т.б.)    Газды құралдар: N2, CO2, дертсіз сұйытқылар, ұнтақтар, су
Д    Металдар және олардың қорытпалары (калий, натрий, алюминий, магний және т.б.)    Ұнтақтар
Е    Кернеудегі электрожабдықтар    CO2, ұнтақтар, көмірсутек галоидтері

Көбікті өртсөндіргіштер жанатын сүйықтарды, эртүрлі материалдарды, қүрастырылған элементтерді жэне қүрылымдарды, қысым астындағы электр қондырғыларынан басқаларды өшіруге арналған.
Өрт сөндірудің газдық қүралын қолдану нәтижелі болады, олардың іс-эрекеті ғимаратты тез арада өрт сөндіруші газ затымен толтырып ауадағы тотықтың қатты төмендеуіне әкеп соғады. Өрттермен күрес кезінде өрт шыққаны туралы шұғыл хабарлау өте маңызды. Өрттін шыққандығын хабарлау үшін автоматтандырылған дабыл жүйесін қолдануға кеңес беріледі. Бүл жариялағыштардың жүзеге асу факторы болып түтін, жылу, жарық немесе осы және басқа факторлардың барлығын қосып алғанда.
Өрт сөндіру техникасы - өрттен адамдарды құтқаруға материалдық және табиғи байлықтарды қорғап қалуға арналған техникалық құралдар. Өрт сөндіргіш техникаларын өрт сөндіру машиналары (өрт сөндіру автомобилі, өрт сөндіру поезды, өрт сөндіру кемесі, самолеті мен вертолеті) құрайды. өртенген жерлерде от сөндіргіш заттар шашуға арналған өрт сөндіретін орнықты қондырғылар, өрт сөндіргіштер, өрт гидранттары т.б. өрт сөндіру құрал-жабдықтары, өрт сөндіру техникасы қатарына жатады. Ө.с.т.-н жасау ісі өте ерте кезден-ақ қолға алынған.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Өрт сөндіру көлігі (ӨСК) - өрт шыққан жерге өрт сөндіру күзеті бөлімшесінің мүшелері мен өрт сөндіруге арналған құрал-жабдықтарды жеткізеді. Өрт сөндіру автомобилі негізгі, арнаулы және көмекші деп үш түрге бөлінеді.

 

  




Негізгі өрт сөндіргіш көліктерге автоцистернамен, қолдық сорғыштармен, автосорғыштармен, сорғыш станцияларымен жабдықталған газды су, көбіктелген ауа, ұнтақты өрт сөндіргіш заттарды шашатын автокөліктер жатады. Автоцистерналы ӨСК өрт ошағына шашылатын өрт сөндіргіш заттармен бірге өртті сөндіретін адамдарды да тасыйды және ол өрт сөндіруге қажет әртүрлі құрал-жабдықтармен жабдықталған. Өрт сөндіру сатысы. Техникалық қызметтің ӨСА өрт ошағына өрт сөндіргіш адамдарды, бөлме ішінен түтін соратын және оған таза ауаберетін, үйді бұзатын немесе тесетін, жөндейтін т.б. құрал-жабдықтар тасыйды. Барлық ӨСК-ді қызыл түсті.
Өрт сөндіру депосы (ӨСД) - өрт сөндіру бөлімшелерінің кезекшілері, өрт сөндіру автомобильдері мен құрал-жабдықтарды орналастырылған үй. ӨСД-ң құрамында:гараж, байланыс бекеті, класс бөлмелері, кезекшілер тынығатын бөлмелер, автомобильдерге техникалық қызмет көрсету, өрт сөндіру жабдықтарын күту орындары, өрт сөндіруге қажет құрал-жабдықтар қоймасы т.б. бөлмелерден тұрады.
Өрт сөндіру кемесі (ӨСК) – кемелерде және порт аймағындағы бола қалған өртті сөндіруге арналған кеме. Бұл арнайлы өрт сөндіру құралдарымен жабдықталады. ӨСК-нде суды лафеттік оқпанды айдайтын насос бар. Насос кеме двигателі немесе арнайы жетекпен жұмыс істейді. Насос сағатына 1000 м3-ке дейін су айдай алады. Су айдағыш лафеттік оқпан кеменің тұмсық жағына немесе кормасына орнатылады.Лафеттік оқпандарды алыстан басқаруға болады. Өрт сөндіру кемесінде көбікті от сөндіргіш заттар толтырылған ыдыстар болуынан танкерлер мен жағалаулардағы мұнай қоймаларында шыққан шыққан өртті сөндіруге де болады. ӨСК-не су атқыш 8 лафеттік оқпан орнатылған. Олар сағатына 400 м3 су (100-200м қашықтыққа дейін) атқылай алады. 15 минут уақыт ішінде өрт көзіне 3400м3 көбікті өрт сөндіргіш зат шашып үлгереді.
Өрт сөндіру сатысы (ӨСС) - өрт болып жатқан үйдің үстіңгі қабатына өрт сөндірушілерді және құралдарды шығаруға, әрі ол жердегі адамдарды өрттен құтқаруға арналған ұзын саты. ӨСС-ның қол саты, автомобильдік және орнықты саты деп аталатын түрлері бар. Қол сатысы жиналмалы және аспалы болады. Жиналмалы қол сатысы созылған кезде 10метрге дейін ұзарады. Автомобильдік өСС автосаты (ұзындығы 16, 30 және 45 метрге дейін жетеді) және иінді көтергіш (18 не 30 м биіктікке дейін көтереді) деп екіге бөлінеді. ӨСС-ны жоғары иініне су атқыш лафеттік оқпан орнатылады. Орнықты ӨСС әр үйдің сыртында орнатулы тұрады.

Бақылау сұрақтары:
1.    Өрт сөндіру кемесі дегеніміз не?
2.    Өрт сөндіру сатысы дегеніміз не?
3.    Өрт сөндіру депосы дегеніміз не?
4.    Өрт сөндіру техникасына сипаттама беріңіз
5.    Өр т сөндіру қоспалары мен құралдары
6.    Өрт сөндіру көлігі дегеніміз не?
7.    Өрт дабылын соққыштар дегеніміз не?
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы