Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Жоспар:
1.    Метеорологиялық жағдайлардың параметрлерін анықтау.
2.    Өндірісітік жайларды желдету мен жылытудың жалпы принциптері.  
   
Жұмысшы аймақтағы ауаның құрамдық жағдайы  температурамен, ылғалдылықпен, қысыммен, қозғалысымен және сәулеленуімен мінезделеді. Осы факторлардың әр түрлі қосынды мөлшері жұмысқа жағымды және жағымсыз жағдайлар туғызуы мүмкін. Мысалы, температураның жоғары төмен түсуінен және ауа жылдамдығының жоғарылығынан тұмау аурулары пайда болады, ал төмен температурада еңбек ету ағзаның жылу бөлуін және көмірсутектердің алмасуын жоғарлатса, жоғарғы температурада еңбек ету адам ағзасының тез құрғауына әкеліп шамадан тыс суды қажет еткізеді, мұның бәрі еңбек өнімділігін төмендетеді.
Микроклиматта температураның жоғары төмен түсуінен және ауа жылдамдығының жоғарылығынан тұмау аурулары пайда болады. Ал төмен температурада еңбек ету ағзаның жылу бөлуін және көмірсутектердің алмасуын жоғарлатса, жоғарғы температурада еңбек ету адам ағзасының тез құрғауына әкеліп шамадан тыс суды қажет еткізеді, бұның бары еңбек өнімділігін төмендетеді және оған кері әсерін тигізеді.
Микроклиматтың талап етілген жағдайы жылыту және желдету (вентиляция) жүйесі арқылы қанағаттандырылады. Сонымен қатар жабдықтардан және өндірілетін өнімнен жұмысшы аймаққа бөлінетін жылуды және ылғалдылықты жоғалту немесе минимумға келтіру шаралары жүргізіледі.
Микроклимат жағдайын әр түрлі құрылғылармен бақылауға және реттеуге болады. Ауаның қатысты ылғалдығын   стационарлы немесе аспирационды  психрометрлермен өлшейді. Психрометр құрылысы құрғақ және дымқыл термометрлерден тұрады (дымқыл термометр резервуары ылғалды ортада орналасады). Термометрдің әр түрлі көрсеткіштерінің сандық мәндері мен психометриялық кестені қолдану арқылы ауа ылғалдылығы анықталады. Цехтағы жұмысшы аймақтың микроклиматының оптималды параметрлері жұмыс күрделігінің категориясына және жыл мезгілінің қарастырылуына тәуелді. Микроклиматтың талап етілген жағдайы жылыту және желдету (вентиляция) жүйесі арқылы қанағаттандырылады, сонымен қатар жабдықтардан және өндірілетін өнімнен жұмысшы аймаққа бөлінетін жылуды және ылғалдылықты жоғалту немесе минимумға келтіру шаралары жүргізіледі. МЕСТ 12.1 005-88 бойынша микроклимат нормалары белгіленеді және алынады.    
         Микроклимат сыртқы қоршаған ортаның климаттық және табиғи жағдайларымен өте тығыз байланысты. Оның жағдайын әр түрлі құрылғылармен бақылауға және реттеуге болады.                                           Микроклиматтың нормалық негіздемелері
 Ет өнеркәсіптеріндегі цехтың жұмысшы аймағындағы температура нормалары, ауаның қатысты ылғалдығы және қозғалысының жылдамдығы кестеде келтірілген.
1-кесте.
Өндірістік ғимарат.
    Жұмыс
күрделігі
нің категор-иясы.               Оптималды                 Мүмкіндік    Жұмыс істелмейтін орында
ғы ауа
ның мүмкін
дік температурасы,  .

        Ауа
Температура- сы,
 .
Ауа-ның қат-ысты
Ылғалдығы, %.    Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с.    Ауа температурасы,  .
Ауа-ның қат-ысты
ылғалдығы, %.    Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с.   
    Жылдың суық және өтпелі мезгілі  (ішкі ауа температурасы    төмен).

Жылуы молырақ  өндірістік ғимарат ( 23 Вт/м3 көбірек).    Орта ауырлықты.    17 – 19.    60 – 30.     0,3 көп емес.    16 – 22.    75 көп емес.     0,5 көп емес.    15 – 24.









    Жылдың жылы мезгілі (ішкі ауа температурасы    және артық).

Жұмыс орнындағы температура, ылғалдылық және ауа қозғалысы (МЕСТ 12-1-005-88 «Жұмыс орнындағы ауа»)
2-кесте. Өндірістік бөлмедегі температура, салыстырмалы ылғалдылық және ауа қозғалысы жылдамдығының қолайлы нормалары

Жыл мезгілдері    Жұмыс категориясы    Температура, С0    Салыстырмалы ылғалдылық,%    Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с
Суық және көшпелі жыл мезгілі

сыртқы ауаның температурасы +100С-дан төмен болған мезгіл    жеңіл          -І
орта
ауырлық   ІІа

орта
ауырлық   ІІб
ауыр          ІІІ    20-23

18-20


17-19
16-18    60-40

60-40


60-40
60-40    0,2

0,2


0,3
0,3
Жыл уақыты

Сыртқы ауаның t+100С және одан жоғары болған мезгіл    жеңіл          -І

орта
ауырлық    ІІа

орта
ауырлық   ІІб
ауыр          ІІІ    22-25


21-23


20-22
18-21    60-40


60-40


60-40
60-40    0,2


0,3


0,4
0,5
3.   
І категориялы жұмыс – адамның энергия жұмсауына байланысты жұмысты шектеу (ккал/с). Жұмыс категориясын жұмыскердің энергия жұмсауына қарай салалық, нормалық құжаттарға сәйкестендіріп анықтайды. Жеңіл физикалық жұмыстар (І категория) - отырып, тұрып және жүріп жасалатын  жұмыстар, бірақ, үнемі физикалық күш жұмсауды қажет етпейтін жұмыстар (150ккал/с,172Дж/с).
    ІІ категориялы жұмыс – ауырлығы орташа физикалық жұмыстар; түрлі жұмыстар.
    Ал энергия шығымы 150 ден 200 ккал/с (172-232 Дж/с)- ІІа категорияға және 200-ден 250-ге ккал/ч (232-293 Дж/с) - ІІб категориясына жатады.
    ІІа категориясына үнемі жүретін, үнемі тұрып және отырып істейтін, бірақ, ауыр нәрсе тасымайтын жұмыстар жатады.
    ІІб категориясына жүріп істейтін және шағын (үлкен емес) нәрсе таситын (10 кг дейін) жұмыстар жатады.
    ІІІ категория – ауыр физикалық жұмыстар. Оған үнемі физикалық күш жұмсап, 10 кг-ден артық ауыр жүк көтеріп, таситын жұмыстар жатады. (250ккал/ч.293Дж/с)
3-кесте.
Өндірістік бөлмелердегі суық және көшпелі жыл уақытындағы температура, салыстырмалы ылғалдылық, ауа қозғалысы жылдамдығының болжамды нормалары
Жұмыс категориясы    ауа температурасы, 0С    салыстырмалы ылғалдылық, %, көп емес    ауа қозғалысының жылдамдығы м/сек көп емес    Ауа температурасы, тұрақты жұмыс орнынан басқа 0С
Жеңіл    -І

Орта ауырлық – ІІа

Орта ауырлық – ІІб

Ауыр     -ІІІ    19-25

17-23



15-21



13-19    75

75



75



75    0,2

0,3



0,4



0,5    15-16

13-24



13-24



12-19
Желдету - өндірістердегі ауаны белгілі дәрежеде алмастырып тұруды қамтамасыз ететін құрылғылар. Бөлме тазалығы мен температурасын, ауа ылғалдылығын бірқалыпты ұстау үшін желдету өте қажет. Бұл талаптар гигиеналық  тұрғыдан белгіленеді. Ауадағы газ, бу және тозаңдар мөлшері адам денсаулығына зиян тигізсе, ылғал мен температура адамның көңіл күйіне, жұмыс қабілетіне әсер етеді. Тіпті, кейбір өндіріс орындарында (жоғары дәлдікті механизмдерді құрастыру цехы, радиоэлектроникалық цех т.б.) ауаға қойылатын талаптар технологиялық процестің бірі ретінде есептеледі. Ал кей жағдайда үйдегі ауа температурасы мен ылғалдылығы ондағы заттардың, жабдықтардың, сондай-ақ құрылыс конструкцияларының бүлінбеуі үшін де өте қажет. Өнеркәсіп орындарындағы технологиялық процестер нәтижесінде зиянды заттар, шамадан тыс ылғал және жылу пайда болады. Ал тұрғын үйлерде санитарлық тораптар мен ас үйден, әсірее газ плитасынан көбірек тарайды. Адам организмінен де зиянды заттар, жылу, газ және ылғал бөлінеді. Машина түтіні мен өндіріс қалыптары да сыртқы ауаны ластап, үйге енуі мүмкін. Сонымен қатар терезеден түскен күн сәулесі мен үйдегі жарық көздері де бөлме температурасына әсер етеді. Осының бәрін жүйелі түрде реттеп, мөлшерлеп тұрудың маңызы зор.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Желдету ағындата желдету, жалпылай алмастыра желдету, табиғи және механикалық желдету болып бірнеше топқа бөлінеді.
Ағындата желдету – ішке тек таза ауа беруді қамтамасыз етеді. Ал ауаны тысқа шығару іштегі қысымның артуына байланысты саңылаулардан, есіктің ашылып-жабылуы кезінде іске асады.
Сора желдету – желдетілетін бөлмедегі ауаны әкету үшін керек. Бұл жағдайда бөлмедегі ауа қысымы кемиді де, саңылау-саңылаудан таза ауа кіреді.
Жалпылай алмастыра желдету – қоғамдық және тұрғын үйлерде қолданылады. Үйдегі ауа тыстан келген таза ауаға араласып, құрамындағы зиянды заттар мөлшері залалсыз шекке дейін кемиді.
Табиғи желдетуде – ауа алмасуы сыртқы және іштегі температура айырмашылығы негізінде, яғни, желге байланысты жүреді. Бұл терезе, есіктегі, қабырғалардағы саңылаулар арқылы немесе әдейі жасалған ашпалы-жаппалы терезе көздері арқылы жүзеге асырылады.
Механикалық желдету электр желдеткіштермен орындалады. Ол үшін ауа арнаулы каналдар арқылы желдетілетін орындарға жетеді , жалюздер мен үй бүйіріндегі арнауылы саңылаулар арқылы, тор перделер т.б. сұғындырмалар  арқылы ішке беріледі. Жалпылай алмастыра желдетуде – ауа сорылып, каналдар арқылы шығарылады.
Ауаның құрамында улы заттар болса, оны тазартуға желдету жүйелеріне тазартқыш құрылғылар, тозаң тұтқыштар, сүзгілер т.б. орнатылады. Өнеркәсіп орындарында оны сыртқа қойғаны жөн. Егер желдету жабдықтарының шуы жұмысқа кедергі тигізбесе, оны ішке де орнатуға болады. Қазіргі кезде өндірістік және қоғамдық үйлерде механикалық ағындата-сора желдету кең пайдаланылады. Көп жағдайларда ағындата желдетуді ауамен жылыту жүйесіне жалғастырып, қуатты ауа қыздырғашпен жабдықтайды. Ол берілетін ауаны бөлмедегі ауадан гөрі жоғарырақ температураға қыздырып, жоғалған жылудың орнын толтырып отырады. Егер ауа сапасы белгілі бір мөлшерде қатаң сақталуға тиіс болса, онда ол конденсацияланады (талапқа сәйкестендіріледі). Ол үшін ауаның әртүрлі көрсеткіштері (ылғалдылығы, температурасы т.б.) сыртқы ауа райына және үйдегі жылумен ылғал мөлшеріне сәйкес кондициялағыш камералар көмегімен, автоматты түрде реттеліп тұрады. Ауаны кондициялау және жіберу әдістерін жетілдіру желдетудің тиімділігін  арттыруға көмектесетін болады. Бөлмеде жұмысшылардың жақсы ахуалын қамтамасыз етуі – комфорттық деп аталады.
Желдеткіш - өндіріс орындарындағы ауаның алмасуын қамтамасыз ететін машина.
Кейбір өндірістерде ауаның құрамында денсаулыққа зиянды газдар мен шаңдар болады. Мысалы, кремнезем (SiO2) шаңы өкпеге қонып, силикоз деген ауруға шалдықтырады. Тау жыныстарын қопару үшін жарылғыш заттар қолданылатындықтан, шахталарда улы газдар (CO, NO2 т.б.) бөлінеді. Сондықтан ондай зиянды газды, шаңды үздіксіз сыртқа шығарып, жұмыс орнына таза ауа жеткізіп отыру қажет, оны іске асыратын машинаны желдеткіш деп атайды.
Цехтың ішінде жылу бөліп шығаратын жабдықтар бар, сондықтан жылытылған ауа төменнен жоғарыға көтеріледі, ал оның орнына сырттан суық ауа кіреді. Жазда,  жел жоқ болса төменгі және жоғарғы саңылауларды ашады. Сол кезде ауа жерден 1-1,5 м биіктегі төмендегі саңылаулардан ағып кіріп, жоғарыдағы саңылаулардан шығады.
Қыста жел жоқ кезде, төменгі саңылауларды жауып, ортадағы және биіктегіні ашады . Бұл жағдайда сыртқы ауа ортадағы 1-6 м биіктегі жерден саңылаудан кіріп төменге түсіп, жылы ауамен араласып жылыйды. Содан соң жоғарыдағы саңылаулардан шығып кетеді.
Аэрацияны есептеу әдетте үш вариантта орындалады:
1)    цехтың ішінде және сыртында ауа (қысымының) тығыздығының айырмашылығы болған жағдайда (жылулық қысымы);
2)    желдің қимылында (жел қысымы);
3)    жылу мен желдің қысымының бірлескен әсерінде.
Цехтағы жылы ауаның тығыздығы, сыртқы ауаның тығыздығынан  төмен болады. Кейбір биіктікте қысымның айырымы 0 тең, ол тең қысымдардың жазықтығы деп аталады.
Жылыту
Өндірістік бөлмелерде жұмысшылар ұзақ уақыт болытндықтан жылыту жүйесін алдын ала ескереді.
Жылыту жүйесі үш элементтен құралады: жылу беретін генератор, жылытатын бөлмеге жылу тасымалдайтын құбырлардан және жылытатын құрылғылардан.
Химиялық өндірістерде жергілікті (пештен) жылытуды әдетте қолданбайды, ал өрт жарылыс қаупі бар (А,Б,В категориялық) өндірістерде оған тыйым салынған.
Орталық жылыту булы, сулы, ауалы болуы мүмкін. Сілтілі металлдар, металорганикалық қосылыстар, карбидтер және басқа да сумен қосылғанда өртенетін,  жарылатын немесе жіктелетін заттары бар бөлмелерде сумен және бумен жылытуға болмайды.
 Бумен  жылытудың көп кемшіліктері бар, атап айтсақ, жоғары температурадан аау құрғайды, сол себептен тез от алатын сұйықтар (заттар) және жанғыш шаңдар жылытқан құралдармен қатынасқанда жануы мүмкін. Соның салдарынан адамдардың күйік алуы мүмкін.
Сумен жылытқан кезде судың гравитациялық айналымы жылы және мұздай судың тығыздығының айырымы бойынша өтеді.
Ауамен жылытудың артықшылығы – қауіпсіз, гигиенаға сай, бөлме температурасын тез көтереді, т.б.
Жылыту агрегаты – бөлме ауасын жылытуға арналған құрал. Ол ауа қыздырғыштан (калорифер), желдеткіштен, электрлік қозғағыштан және қораптан тұрады. Жылыту агрегатында ауа ыстық су, бу, электр тогы немесе газ жанғанда бөлінетін өнімдер арқылы қыздырылады.
Жылыту агрегаты калориферде сырттан келген ауамен жұмыс істесе, жылыту-желдету агрегаты деп аталады.

Бақылау сурақтары:
1. Жұмыс орнының метеорологиялық жағдайын ауа ортасының қандай параметрлерімен анықтайды?
2. Терморегуляцияға анықтама беріңіз.
3. Өндірістің қолайлы метеорологиялық факторларының мәндері қалай аталады?
4. Микроклиматтың нормалық құжаттарын атаңыз. Мұнда есепке не алынады?
5. Жұмыс орнының метеорологиялық жағдайын  анықтау және оған мән берудің мақсаты?
6. Метеорологиялық жағдайды анықтау әдісі.
7. Психрометр аспабының жұмыс істеу принципі.
8. Желдету ж.йесіне сипаттама беріңіз
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы