Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағытында қызметкерлердің өмірі мен денсаулығын сақтауға басымдымдық беру жатады.
Өндірістік процестерде жұмыскерлерге әр түрлі қауіпті және зиянды факторлар әсер етеді. 12.0.002-80 Мемлекеттік стандарты бойынша қауіпті және зиянды факторларға негізгі түсініктер берілген.
Қауіпті өндірістік факторлар деп жұмыскерді жарақаттандырып немесе оның денсаулығына аяқ астынан нашарлататын факторларды айтады.
Зиянды өндірістік факторлар деп белгілі бір жағадайларда жұмыскерлердің іскерлігін төмендетіп немесе ауруға шалдықтыратын факторларды айтады.
Қауіпті және зиянды өндірістік факторлар физикалық, химиялық, биологиялық және психо-физикалық болып бөлінеді. Ең кең тарағаны қауіпті және зиянды факторлар. Олар, мысалы қозғалған машиналар мен механизмдер; ауадағы шаң мен газ; шу, діріл, ультрадыбыс, ион сәулелері, электрзақым, статикалық электр ж.т.б.
Еңбекті қорғау жұмысшыларды зиянды (өндірістік санитарлық және қауіпіті (техника қауіпсіздігі)) өндірістік факторлардың әсерінен қорғайтын шараларды алдын-ала қарастырады.
Өндірістік бақытсыз жағдай дегеніміз жұмысшының өз міндетін, жұмысын атқарып жатқанда, оған қауіпті өндірістік факторлардың тигізетін әсері.
Өндірістік жарақат дегеніміз өндірістегі еңбек қауіпсіздігінің талаптарын бұзғаннан шығатын жарақат.
Кәсіби ауру (сырқат) – жұмыс жағдайларының зиянды әсерінен болатын ауру.
Кәсіби аурудың бір түрі – бұл кәсіби улану. Кәсіби уланулардың қатты және созылмалы түрлері бар.
Әдетте, қатты уланулар адам организміне тез тарап, қысқа мерзімде сіңіп кететін зиянды заттардан (газ, бу) болады.
Созылмалы улану – көпке созылатын, аз мөлшерден адамды уландыратын процесс. (12.0.002 МС (ГОСТ) бойынша берілген анықтама)

Бақылау сұрақтары:
1.    Өндірістік жарақат дегеніміз не?
2.    Кәсіби аурулар деп қандай ауруларды айтамыз?
3.    Өндірістік бақытсыз жағдай дегеніміз не?
4.    Қауіпті және зиянды факторлар дегеніміз не?
5.    Өндірістік зақымдар және кәсіби аурулардың көрсеткіштері
6.    Өндірістік факторлар қалай жіктеледі?
7.    Физикалық өндірістік факторларға не жатады?
8.    Химиялық өндірістік факторларға не жатады?
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
спросил от Testovik в категории Образование