Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Жоспар:
1.    Еңбек етудің қауіпсіз тәсілдеріне үйрету.
2.    Келеңсіз оқиғалар мен апаттарды тергеу және есепке алу.
3.    Жарақаттанушылық пен кәсіптік аурулар туралы ұғымдар. Өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік ауруларды талдау әдістері. Өндірістік жарақаттанушылық пен кәсіптік ауруы бойынша есеп беру.
4.    Еңбек қорғау жағдайын бағалау критерийлері.
Қоғамның экономикалық әл-ауқатының негізін құрайтын еңбекшілердің еңбек қорғау және денсаулығын нығайту – еңбекті қорғау саласына қатысты ең маңызды аспектілердің бірі.
Емдеу – профилактикалық іс-шаралар жүйесінде кәсіптік және өндіріспен байланысты патологияның профилактикасы жетекші орынға ие. Оны қызметкерлер денсаулығының елеулі әрі интегралдық сипаты ретінде қарастыру қажет. Сырқаттанудың құрылымы мен деңгейі бір жағынан өндірістің жағдайын көрсететін және өндірістік орта мен еңбек процесінде кездесетін зиянды әрі қолайсыз факторларға тікелей байланысты.
Қауіпсіз техниканың нормаларын, ережелерін, нұсқауларын, өрт қауіпсіздігін, өндірістік санитарияны бұзғанда кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттар болуы мүмкін.
Қауіпсіз техниканың нормаларын, ережелерін, нұсқауларын, өрт қауіпсіздігін, өндірістік санитарияны бұзғанда кәсіби аурулар мен өндірістік жарақаттар болуы мүмкін.
Өндірістік жарақат - сыртқы жағдайдың әсерінен адамның дене мүшелері мен ұлпа қызметінің бұзылуы мүмкін. Дене жарақаты әр түрлі жағдайдың (химиялық, физикалық, механикалық ж.т.б.) әсерінен пайда болады. Мысалы механикалық жарақат сыртқы күштің әсерінен пайда болады. Жарақаттың бұл түрі көбіне ашық жара, буын шығу, сіңір созылу, қан кету, қан құйылу т.б. түрінде кездеседі. Физикалық жарақат жоғары не төмен температура (үсу, күйік) электр тоғы, рентген сәулелері т.б. әсерінен, химиялық дене жарақаты - қышқыл, сілті, улы заттардың, ал биологиялық жарақат бактериялардың токсиндерінің әсерінен пайда болады.
Дене жарақаты жедел және созылмалы түрде өтеді. Жедел (қан құйылу, қан кету т.б.) жарақатттың әсерінен адам өліп кетуі мүмкін. Ал созылмалы түрінде терінің қажалуы (сүйел пайда болу) мүшелерге сыртқы күштің әсер етуінен пайда болады. Соның нәтижесінде ұлпа, мүше басылып жаншылады. Жарақаттанған адамға жедел дәрігерлік жәрдем көрсету қажет.
Өндірістік зақым – адамның өндірістік процеске байланысты, еңбекке уақытша немесе тұрақты қабілетсіздікке ұшырауы. Өндірістік зақым салдарынан еңбеккерге келтірілген залал үшін кәсіпорына, мекемелер мен ұйымдарға материалдық жауаптылық жүктеледі. Мүгедектікке ұшырағандарға мемлекет тарапынан тағайындалатын пенсия зақымданушының жұмыс стажы көлеміне қарамастан белгіленеді. Егер тағайындалған пенсия мүгедектікке дейінгі жалақыдан төмен болса, залал келтірген кәсіпорын жалақыға дейінгі соманы толықтырып төлеуге міндеттеледі. Еңбек жағдайы зиянды жер асты жұмыстарындағы, ыстық цехтардағы т.б. өндірістік зардаптарынан еңбекке қабілетсіздікке ұшыраған еңбеккерлерге де пенсия стажының толықтығына қарамастан белгіленеді.
Кәсіби ауру – жұмысшыларға еңбек жағдайларының зиянды әсерінен болады.
Химиялық өндірістерде шаңның әртүрлі түрінің әсерінен кәіби өкпе аурулар (пневмокониоз) пайда болады, күйдіргіш заттардан тері аурулар (дерматит, экзема), күкірт сутектен диметия, сулфаттан – көз аурулары (коньюктивит) ж.т.б.
Улы затар адам организіміне (өкпе) тыныс органдарынан, асқазан мен ішек арқылы немесе теріден сіңеді.
Ең көп уланулар 95% токсикалық заттың тыныс жолдарымен таралады, сондықтан аса қауіпті деп саналады. Себебі ол қан арқылы таралады сондықтан тыныс органдардың улы заттардан қорғалуы өте маңызды.
Кәсіби аурулар – белгілі мамандыққа байланысты кәсіпорынның әсерінен болатын кесел. Кәсіптік аурулар – кәсіпорындардағы ауа құрамы, жылу, шаң-тозаң, күн сәулесі, шу (вибрация), діріл (тербеліс) әсерінен пайда болады. Мысалы, организмде тұз бен су жеткіліксіз болса, ыстық цехта жұмыс істеу организмді түрлі ауруға шалдықтырруы мүкін. Шаң-тозаңы көп жерде еңбек еткен адамның өкпесі пневманиозға, радиоактивтік репараттардың әсерінен сәуле ауруына шалдығады. Қатты дірілдейтін аспаптармен ұзақ жұмыс істеу тамыр нервозына ұшыратады, шулы жер құлаққа әсер етеді. Химиялық заттардың әсерінен кәсіптік улануға ұшырауы мүмкін.
Мал шаруашылығындағы адамдар ауру мал арқылы түйнеме, маңқа, бруцеллез, туляремия ауруын жұқларап алуы мүмкін.
Кәсіптік зиянды әсерлер тек кәсіптік ауруларды ғана болдырмайды, сонымен қатар басқа аурулардың да пайда болуына қолайлы жағдай туғызады. Жұмыс орындарында мамандыққа байланысты қызмет орнының организмге тигізетін зиянды әсерлерімен күрес жүргізуге көп көңіл бөлінеді: ірі өндіріс орныдарын транспортты жаңа техникамен қайта қаруландыру, өндірістік процестерді комплексті механикаландыру және автоматтандыру негізінде еңбек жағдайлары одан сайын жақсара бермек. Жұмыс күні мерзімін қысқарту және түріне қарай жыл сайын қосымша демалыс беру, жұмыс кезінде үзіліс жасау,  техникалық шараларды іске асыру кәсіптік ауру санын азайтып, келешекте мүлдем жоюға мүмкіндік береді. Кәсіптік ауруға қарсы күресте жұмысқа аларда және одан кейін әр 6-12 ай сайын барлық жұмысшы, қызметкерлердің денсаулығын медициналық тексеруден өткізіп тұрудың маңызы үлкен. Кәсіптік ауруға шалдықандар әлеуметтік қамсыздандыру  тарапынан жеңілдіктерді пайдаланады. Кәсіптік аурудан мүгедек болған адамдарға мүгедектік белгісін береді.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Кәсіби улану – түрлі өндіріс саласындағы адам организміне зиянды (уландырғыш) заттардың көп өтуінен денсаулықтың бұзылуы. Кәсіптік улану өндірістегі гигиеналық талапты дұрыс сақтамау салдарынан болуы мүмкін. өндіріс орындарын механикаландыру, автоматтандыру жжәне басқа гигиеналық шаралар қолдану кәсіптік уланудан сақтандырады. ҚР түрлі өндіріс саласы кәсіпорындары ауасында болатын улы газ, бу, және шаң-тозаңның ең аз мөлшері белгіленген. Мұның кәсіптік улануды болдырмауы, жұмыс орнының гигиеналық жағдайын жақсартуда маңызы зор. Улы газдың, шаң-тозаңның ең аз мөлшерде болуы технологиялық процестер мен өндірістік жабдықтарды, жұмыс орнын желдету қондырғыларын жобалағанда ескеріледі. Цехтардың ауасы газ, бу, түтін, шаң-тозаң және зиянды химиялық заттармен ластанғанда, адам организміне бұл улы заттар тыныс мүшелері арқылы барады. Сондай-ақ, жұмыс кезінде лас қолмен тамақ ішіп-жегенде, улы заттар ас қорыту жолына өтіп уландыруы мүмкін. Сондықтан жеке адамның гигиенасын сақтап, арнулы жұмыс киімдерін киіп, мезгіл-мезгіл медециналық тексеруден өтуі керек.
Дене жарақаты – сыртқы жағдайдың әсерінен адамның дене мүшелері мен ұлпа қызметінің бұзылуы мүмкін. Дене жарақаты әр түрлі жағдайдың (химиялық, физикалық, механикалық ж.т.б.) әсерінен пайда болады. Мысалы, механикалық жарақат сыртқы күштің әсерінен пайда болады. Жарақаттың бұл түрі көбіне ашық жара, буын шығу, сіңір созылу, қан кету, қан құйылу т.б. түрінде кездеседі. Физикалық жарақат жоғары не төмен температура (үсу, күйік) электр тоғы, рентген сәулелері т.б. әсерінен, химиялық дене жарақаты - қышқыл, сілті, улы заттардың, ал биологиялық жарақат бактериялардың токсиндерінің әсерінен пайда болады.
Дене жарақаты жедел және созылмалы түрде өтеді. Жедел (қан құйылу, қан кету т.б.) жарақатттың әсерінен адам өліп кетуі мүмкін. Ал созылмалы түрінде терінің қажалуы (сүйел пайда болу) мүшелерге сыртқы күштің әсер етуінен пайда болады. Соның нәтижесінде ұлпа, мүше басылып жаншылады. Жарақаттанған адамға жедел дәрігерлік жәрдем көрсету қажет.
Өндірістік зақым – адамның өндірістік процеске байланысты, еңбекке уақытша немесе тұрақты қабілетсіздікке ұшырауы. Өндірістік зақым салдарынан еңбеккерге келтірілген залал үшін кәсіпорына, мекемелер мен ұйымдарға материалдық жауаптылық жүктеледі. Мүгедектікке ұшырағандарға мемлекет тарапынан тағайындалатын пенсия зақымданушының жұмыс стажы көлеміне қарамастан белгіленеді. Егер тағайындалған пенсия мүгедектікке дейінгі жалақыдан төмен болса, залал келтірген кәсіпорын жалақыға дейінгі соманы толықтырып төлеуге міндеттеледі. Еңбек жағдайы зиянды жер асты жұмыстарындағы, ыстық цехтардағы т.б. өндірістік зардаптарынан еңбекке қабілетсіздікке ұшыраған еңбеккерлерге де пенсия стажының толықтығына қарамастан белгіленеді.

Өндірістік зақымдар және кәсіби аурулардың көрсеткіштері

Еңбекті қорғау бойынша кәсіпорындардың іскерлігін талдау үшін бірыңғай есеп беру жүйесі белгіленген, яғни өндіріске байланысты бақытсыз жағдайлар үшін (9т түрі), кәсіби ауруларға (43 түрі) статистикалық басқармаларға жібереді. Созылмалы улану мен кәсіби ауруларды тергеп, тіркеу санитарлық-эпидемиологиялық стансаларға (СЭС) және денсаулық сақтау жүйелеріне жүктелінеді. Құрастырылған түрдегі есеп бойынша кәсіпорындардағы есептер бақытсыз жағдайлар туралы берілген есеп бойынша акиттардың мәліметтерімен 1000 жұмысшыға шаққандағы зақымдалудың жиілік коэффициентін есептейді.

Кж=Н*1000 / Р ,

Мұнда: Н – бақытсыз жағдайдың тіркелген саны, есеп мерзіміндегі                                                                                                                                           
                      жұмысқа   қабілетсіздігі 3 күннен артық болғанда.
                Р – сол мерзімдегі жұмысшылардың орташа саны.

Ауырлық коэффициенті К – зарарсызданғандардаң жұмыс қабілетсіздігінің орташа ұзақтығы, есеп берген мерзімдегі жұмыс күндері.

Кауырлық =Д / Н ,

Д – есеп мерзіміндегі жұмысқа қабілетсіздігі күндерінің жалпы саны.
Н – есеп мерзіміндегі жұмысқа қабілетсіздік 3 күннен асқан
       бақытсыз жағдайлардың есептелген саны.

Жиілік және ауырлық коэффициенттерін есептегенде адам өліміне немесе мүгедектікке соқтырған бақытсыз жағдайлар есепке алынбайды, оларды бөлек көрсетеді.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Белгіленген уақыт аралығындағы өткізілген жиілік және ауырлық коэффициенттердің талдауы барлық салалық өндірістердегі зақымданудың көрсеткіштерінің төмендегенін көрсетеді және басқа ұқсас өнеркәсіптегі зақымданумен салыстыруға мүмкіншілік береді.
Зақымданудың динамикасын талдап, жоғары мекемелер сол өнеркәсіптерге керекті шаралар қолданады.
Бақытсыз жағдайларды тіркеп тергеу туралы ережелер бақытсыз жағдайлардың акттарын статистикалық өңдеу мен бақытсыз жағдайлардың негізгі себептерін айқындап, олардың сақтандыру шараларына қорытынды беруіне жол береді.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы