Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Пәннің мәні  мен міндеттері. Негізгі түсініктер. Тара және орауыштарға қойылатын негізгі талаптар. ДДҚ-дың тара және орауыштарға қойылатын стандартты талаптар. Орауыштарға қойылатын арнайы талаптар. Орауыштардың сыртқы безендіруіне қойылатын талаптар. ДДҚ жаңа орауыштар шығарудың негізгі мақсаттары. ДДҚ-дық тара мен орауыштар өндірісіндегі жұмыстардың кәзіргі жағдайы
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

5 Ответы

0 голосов
Лекцияның жоспары:
1.    Кіріспе. Пәннің мәні  мен міндеттері.
2.    Тара және орауыш туралы негізгі түсініктер.
3.    Тара және орауыштарға қойылатын негізгі талаптар.
4.    Дайын дәрілік құралдырдың (ДДҚ) және медициналық қолдану бұйымдарының (МҚБ) тара мен орауыштарға қойылатын стандартты және арнайы талаптар.
5.    Жаңа орауыштарды шығарудың негізгі мақсаттары.
6.    ДДҚ мен МҚБ-дің тара және орауыштар өндірісіндегі жұмыстардың кәзіргі жағдайы.

«Дәрілік түрлерді (ДТ) бөлшектеуге және орамдауға арналған машиналар мен автоматтар» курсі инженерлік пәндердің біреуі болып келеді. Ол фармацевттік өндірісте істейтін фармацевт-технологтарды дайындауға арналған курс. Осы курс ДДҚ және МҚБ орауыш, тара, тығындайтын заттар түрлерімен, сыртқы безендірулерге қойылатын талаптармен, фармацевтикалық және медициналық өнімдерді бөлшектеу мен орамдауға арналған машиналар мен автоматтардың құрылысымен жұмыс істеу принципімен таныстырады. Сонымен бірге курс бөлшектеу – орамдау жұмыстарының техникалық деңгейін бағалау және тара – орауыш материалдарды нормалау тәсілдерін зерттейді.
Негізгі түсініктер мен терминдер.
Дәріхана және өндірістік жағдайларда дәрілік препараттарға керекті емдік немесе профилактикалық әсер көрсету және қолдануға қолайлы болу үшін рационалды күйі беріледі (мысалы, керекті агрегатты күйі, дозаланған немесе дозаланбаған түр және т.б.). Осы дәрілік препараттың оптималды (рационалды) күйі дайын дәрілік дәрілік түр (ДДТ) деп аталады.
Дегенмен, дәріхана және өндірісте шығаратын дәрілік препараттар (ДДТ) тұтынушыға ДДҚ түрде жетеді, яғни ДДҚ-ды  ДДТ-ден, орауыштан, препарат туралы ақпараттардан (этикетка, аннотация, қосымша этикеткалар, сигнатура, қолдану туралы инструкция парағы және т.б.) тұратын комплекс деп түсінеміз.
әр дәрілік тұрге өзіне арналған орауыш материал және орамдау тәсілі қажет.
Орамдау процессі – ол өнімді тасымалдауға, сақтауға, босатуға және қолдануға дайындау процессі.
Өнімді сыртқы факторлардан, механикалық кері әсерден, жлғалудан қорғайтын, сонымен бірге оны тасмалдау, сақтау, босату және қолдануды жеңілдететін құрал немесе құралдардың комплексін « Орауыш» терминімен атайды. (ГОСТ 17.527 – 72).
Өнімнің немесе товардың бірнеше мөлшерін салатын ( араластыратын) сыйымдылықты (көп жағдайда) «тара» терминімен атайды.
Бірінші жағынан қарағанда, тара ретінде өніммен тікелей қатынаспайтын  (жәшіктер, қорабтар, картон қораптар) сыйымдылықтар қолданылады.  Екінші жағынан, өніммен тікелей қатынасатын бұйымдарды ( флакондар, құтылар және т.б.) тара деп атайды. Сонда тара орауыштың бір элементі болып саналады.
Дегенмен, орамдайтын өнімнің технологиялық және түтынушылық қасиеттерін белгілейтін, тара мен көмекші құралдардан тұратын комплексті «Орауыш» жалпы түсініктемесіне жатқызуға болады. Мысалы, орауышқа келесі комплекстер жатады:
а) флакон – тара ретінде; немесе
б) дәрілік препарат салынған, тығын немесе тамызғышпен және сыртынан қақпақпен жабылған, этикеткамен безендірілген флакон.
ДДҚ өндірісте орауыш түрлеріне келесі жіктелу қолданылады:
 - біріншілік немесе индивидуалды (жекеше) орауыш. Оның ішіне оралған өнім орауыштың материалымен тікелей қатынасады;
- екіншілік және топтық – бірнеші біріншілік орауыштарды біріктіретін орауыш. Кейбір орауыштар, мысалы контурлы ұяшықты және ұяшықсыз орама таблеткалар және суппозиторияларды орағанда біріншілік орауыш ретінде болады, ал капсулаларға және ерітіндісі бар ампулаларға – екіншілік орауыш ретінде қолданылады.  Екіншілік орауыштарға келесі талаптар қойылады:
а) біріншілік орауыштың сақталуын қамтамассыз ету;
б) өнімді ең қарапайым және қолайлы есепке алу және бақылау жолын қамтамассыз ету.
Көп жағдайда дәрі туралы ақпаратты мәліметтер  екінщілік орауыштың бетінде орналасады;
- транспортты орауыш: өнімді сақтау, бөліп тарату (склад),  босату (дәріхана), орнына жеткізуге қолданылатын тара. Транспортты тара, дағдыдағыдай, тұтынушыға дейін жеткізбейді.
Көптің пікірінде, тара көп жағдайдатоптық және транспорттық орауышқа жатады. Кейбір жағдайда тара орауыштың үш түрі бір орауышқа біріктіріледі, мысалы, 20 – л—лік ерітінді құйылған құты (ыдыс) бір мезгілде біріншілік, екіншілік және транспорттық орауыш ретінде болады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Іс – тәжірібеде әр түрлі варианттар түзілуі мүмкін, мысалы:
- бірнеше екіншілік орауыштар бір мезгілде қолданылады (капсулаланған дәріні картон пачкаларға (пеналдарға) орамдайды );
- кейбір жағдайда транспортты орауыш болмауы мүмкін, тасымалдануы екіншілік орауышта өтеді.
Көп жағдайда осы орауыштардың жіктелуі ДДҚ өндірісінде кең қолданылады.
Орамдау процессінде көмекші орауыш құралдар  қолданылуы мүмкін, яғни орауыштардың кейбір элементтері. Орауыш элемент ретінде негізгі тарамен (орауышпен) комплекс түрде немесе орауышсыз ораманың функциясын атқаратын әр түрлі бөлшектер (детальдар) юолуы мүмкін, мысалы, ампулаларды ашатын кескіштер, пипеткалар, дозалайтын мензуркалар, тамызғыш – қондырғылар, инструкциялар және т.б.
Тара және орауышқа қойылатын талаптар.
Халық шаруашылығының әр саласында өнімдегі орауыштарда шығарады.Орауыштардың бәріне жалпы келесі талаптар қойылады:
1.    Химиялық индифферентілігі – біріншілік орауыштың материалы өнімнің физико – химиялық, фармакологиялық және т.б. қасиеттерін өзгертпеуі қажет;
2.    Биологиялық индифферентілігі (физиологиялық) – тұтынушаға кері әсер көрсетпеуі керек;
3.    Орауыштар берікі, сонымен бірге қолайлы ашуын қамтамасыз етуі үшін сынғыштылығын сақтауы керек;
4.    Температураның өзгеруіне тұрақты болуы;
5.    Жоғары ылғалдылыққа немесе жоғары құрғақтылыққа  тұрақты болуы;
6.    Өнімнің формасын бір қалыпта сақтау қабілеті болуы қажет;
7.    Жалпы салмағы минимальды болуы керек;
8.    Бөлшектеу мен орамдау процессін максимальды механизациялау жіне автоматизациялау мүмкіндіктерді қамтамасыз етуі керек;
9.    сыртқы безендіруі әдеми болу қажет;
10.    Жұмыстың жоғары өнімділігін және өндірістің рентабельдігін қамтамасыз ету қажет, және басқа талаптар.
ДДҚ – дың тара мен орауыштарға қойылатын талаптар.
(ТМД) елдерге дәрілер және МҚБ – дің өндірісі СССР МФ талаптарына сай өткізіледі. МФ – да препараттар қолдануға рұқсат етілген туралы мәліметтері, олардың сапасын бақылау әдістері, орауыштарына, сақталуына, қолданылуына қойылатын талаптары берілген. МҚБ – дар мен санитарлық мақсаттармен қолданылатын бұйымдарға     (СҚБ) нормативті – техникалық құжат (НТҚ) ретінде – ТУ және МРТУ, ОСТ, т.б. қолданылады.
ДДТ  юөлшектеп орамдау, тұтынушыға қолайлы дайын түрде жеткізу мақсаты ДДҚ  (өндірісінде) шығаруды медициналық және фармацевттік өнеркәсіптің жеке сала ретінде бөлінуіне сабап болды. Себептері (ДДҚ өндірісінде келесі жағдайларды ескере ету қажет):
1.    Орамдалынатын дәрілердің, жартылай өнімдердің әр түрлі физико – химиялық қасиеттерін (мысалы, ұшқыштығын, бояғыштығын, иіс шығаруын, өтрке қауіпсіздігін, жеңіл тотығуын және т.б.);
2.    Организмге әсер етуін (улы, күшті әсер ететін, құрамында есірткі заттардың болуы, т.б.);
3.    Тазалығына қойылатын талаптарды (кейбір жағдайда стерильділік талабы);
4.    Дәл дозалануын, әсіресе балалар және гериатриялық практикада қолданылатын, немесе құрамында күшті әсер ететін, улы заттары бар дәрілік түрлердің;
5.    Және басқада спецификалық талаптарды.
Осыған қарағанда ДДҚ өндірісінде препаратпен тікелей қатынасатын біріншілік орауышты дұрыс таңдау ең маңызды жағдай болады. Біріншілік орауыш, біріншіден, ішіндегі дәрілік түрдің тұрақтылығын, және ұзақ сақталуын, екіншіден, дәріні қолдану қолайлығын (ыңғайлығын) және т.б. қамтамасыз етуі керек.
Сонда орауыштарға қойылатын жалпы талаптарымен бірге ДДҚ – дар және МҚБ (СҚБ) – дардың біріншілік орауыштарға келесі стандартты талаптарды қойылады:
    газ және бу өткізбеушілігі;
    жарық өткізбеушілігі;
    микроорганизмдерді өткізбеушілігі (микробтарға барьерлік тұрақтылығы);
    дозалау және қолдану ыңғайлығы;
    сақтау мерзімінің ұзақтылығы және т.б.
Сонымен, біріншілік орауыштың түрін (конструкциясын) және материалын таңдау келесіге байланысты:
    дәрілік препараттың физико – химиялық және технологиялық қасиеттеріне;
    тұтынушыны максимальды қанағаттандыру талаптарына (ол талаптар әрі қарай айтылады);
    өндірістің пайдасын көздеу (қол жеткілігі, арзандылығы, яғни рентабельділігі).
ДДҚ – дардың орауыштарына келесі ерекше талаптар қойылады:
1.    Дәрілік улануын, әсіресе балалар арасында, болдырмау. Осы талап келесі жолдармен орындалады:
а) құрамында улы немесе күшті әсер ететін заттары бар дәрінің орауышына жиіркенішті түс беру. Қәзіргі кезде кездегі көп дәрінің хош иісі, жақсы дәмі, әдемі сыртқы түрі балалар арасында, әсіресе  2 – 3 жастағы балалардың улану себебі болады, осыны дәрілерді шығарғанда ескеру қажет;
б) балаларға қиын ашылатын орауыштар, бекіткіштер (затворы), тығындарды зерттеп шығару. Осы талап көп елдерде заңдатылған.
в) дәрінің дозасын асып кетпеуіп болдырмайттын, әсіресе сұйық ДТ және аэрозольдерге арналған арнайы дозалайтын қондырғыларды зерттепшығару (әр түрлі сұзындырмаларды  шығару);
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
2.    Суда еритін немесе жеуге жарайтын полимерлі материалдардан ( мысалы, желатин, амилоза және оның туындылары, ацетиленген моноглицеридтер, қолдан жасалынған коллогендер) қақпағы бар немесе дәнекерленген  дәрілерді салуға арналған капсулаларды шығару.

ДДҚ – дар мен МҚБ – дың орауыштар келесі керекті тұтынушылық қасиеттерге ие болу қажет:
    қалтада немесе сумкада тасмалдауға қолайлығы;
    ДДТ немесе МҚБ (бір реттік шприц, ЖМҚ және т.б.) (СҚБ) сақтау және қабылдау, қолдану ережелер туралы ақпараттаң болуы;
    товарлы әдемі түр болуы;
    дәрінің жағымсыз органолептік қасиеттерін болдырмауы немеес жасыруы;
    біріншілік ашуын бақылаудықамтамасыз ету (әсіресе стерильді дәрілік түрлерге «А» және «Б» тізімінің препараттары бар ДТ, балаларға арналған ДТ – ге ең маңызды қасиет болады);
    дәрінің бір ішім дозасын қабылдағанда келесі дозалардың герметикалық жабылуын, стерильділігін, және басқа да қасиеттерін бұзбайтын дәрілік препараттардың ерекше орналасуы;
    препараттың қабылдауын бақылауы;
    қолданылған орауышты, әсірісе синтетикалық полимерден жасалынған орауыштарды, жою қарапайымдылығы;
    кейбір жағдайларда, орауыштарды тікелей қызметі бойынша қайта қолдану (дозаторлар, тамшылатқыш – сұғындырлалар және т.б.), немесе басқа мақсаттармен қолдану мүмкіндігі (шыны және полимерлі флакондар мен құтылар, жез ыдыстар, картон коробкалар және т.б.).
Сонымен, ДДҚ – дың жарамдылық мерзімін максимальды болдыру, сонымен бірге тұтынушыға дәріні қабылдаған кезде, немесе МҚБ – ді қолданғанда максимальды ыңғайлық жасау үшін орауыштар түрін (конструкциясын), олардың материалын дұрыс таңдау ең маңызды жағдай болады, себебі сақтау мерзімі – ДДҚ – дың және МҚБ (СҚБ) – дың ең маңызды технико – экономикалық көрсеткізші.
Себебі белгілі, сақтау кезде тұрақсыз препараттар арнайы орауыш түрлерін шығаруды талап етеді. Ол, өз кезекте, осы препараттар өндірістің рентабельдігін төмендетеді. Мысалы, шет елдерде, көп фирмалар дәрінің сақтау мерзімі 3 жылдан төмен болса оны өндіріске енгізбейді, себебі оны  пайдасыз деп санайды (өнімді реализациялағанда сақтау мерзімінің төмендігі қиындық туғызады). Сондықтан жыл сайын осы салада енгізу сұрақтары маңызды роль атқарады, атап кеткенде:
а) орауыштың жаңа прогрессивті түрлерін (жаңа конструкцияларын) өндіріске енгізу;
б) жаңа орауыш материалдарды өндіріске енгізу;
в) жаңа прогрессивті орамдау әдістердіөндіріске енгізу.
Егер жоғарыда айтылғандар өндіріске енгізілсе, ол:
а) орауыштың тұтынушылық қасиеттерін жақсартады (дәрілік препараттың сақтау, ашу, дозалау, қабылдаудың ыңғайлығы);
б) препараттың сақтау мерзімін ұзартуы;
в) сыртқы безендірудің жақсартуы;
г) жұмыстың өнімділігін және өндірістік рентабельдігін жоғарлатуы;
д) өнімді біріншілік және екіншілік орауышқа орамдау тәсілдерінің механизацияланумен өнімділікті жоғарлатуы;
е) қолжеткілікті (дефицит емес) және арзан материалдарды орауыш ретінде қолдануы қамтамасыз етеді.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
ДДҚ – дар мен МҚБ – дарға қолданылатын орауыштардың сыртқы безендіруіне қойылатын талаптар.
Медициналық және фармацевттік өнеркәсіптегі шығарылатын өнімдерін белгілі сыртқы  безендіруі болу тиісті. Оған келесі жатады:
    жапсырылған этикеткалар немесе орауыштың үстіне (бетіне) түсірілген жазулар;
    орауышқа салынатын парақтар, қолдану немесе қабылдау туралы инструкциялар және т.б.
ОСТ – тар бойынша келесілер белгіленеді:
а) этикеткаларды, бандерольдерді, инструкцияларды және т.б. графикалық безендіру;
б)этикеткалардың, бандерольдердің, инструкциялардың, салынатын парақтардың материалдарға қойылатын талаптар.
Бандерольдердің немесе инструкциялардың (қосымша салынатын қағаздың) бетіне келесі мәліметтерді орналастырады:
    орауыштың геометриялық форма туралы, оның әр дәріге керекті өлшемдері туралы;
    орауыштың сынғыштық немесе беріктік туралы, сонымен бірге орауыштың устіне (немесе астына) белгісін;
    орауыштың сапасын бағалау әдістер туралы;
    қабылдау ережелер, тасымалдау тәсілдер, сақтау жағдайлар туралы және т.б. мәліметтер.
Этикеткада келесі мәліметтер болуы керек:
1.    Дәрілік құралдың атауы (латынша, орысша, қазақша);
2.    Оның құрамы;
3.    ДҚ – дың көлем немесе нетто салмағы;
4.    Препараттың концентрациясы немесе активтілігі;
5.    Әсер етуші заттың дәрінің бір бөлігіндегі мөлшері  (1 мл немесе 1 г);
6.    керек жағдайда стерильдік талабы ( тек қана орыс тілінде жазылады);
7.    Сақтау жағдайы және жарамдылық мерзімі туралы;
8.    Қабылдау тәсілі және бір реттік доза туралы;
9.    Серияның номері және куәліктің, тіркеу номері;
10.    1 ДДҚ бағасы;
11.    Кейбір жағыдайда әр түрлі міндеттегі ескертетін жазулар;
12.    Дәрінің даярлаушы туралы және саластық бағыну туралы мәліметтер.
Серияның номері бірнеше сандық белгіден тұрады, соңғы 4 сандық белгі өнімнің шығару айы мен жылы көрсетеді, ал алдынғы сандық белгілер – өндірістік номер көрсетеді.
Латын тіліндегі мәліметтердің шрифті орысша және қазаша шрифтерден майдалау болуы керек.
Жазудың бәрі айқын ширифтпен орындалу және оңай оқылуы керек.
ДДҚ – дар мен МҚБ – дардың орауыштардың сыртқы безендіруін қәзіргі кезде безендіру бірыңғай стиль шығару арқылы жақсартады, атап айтқанда:
    түсін және шрифтін регламенттеу;
    бұдан да жақсы товарлы түр, жарнамалық және көрнектілік беру;
    ақпаратты мәліметті жақсарту.
ДДҚ – дар мен МҚБ – дардың орауыштардың сыртқы түрін безендіруді жақсарту зерттеу жұмыстары ары қарай жалғастырылады.\
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
ДДҚ – дардың тара мен орауыштар өндірісіндегі жұмыстардың қазіргі жағдайы және осы саласындағы зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары
Орауыштардың жаңа түрлеріне, ДДТ – ді орамдау жаңа тәсілдеріне, бөлшектеп – орамдайтын техниканың жаңа түрлеріне патенттер шығару саны жылдан жылға көбейіп жатыр. Осы жұмыстар дәрілік препараттар мен ДТ – лердің номенклатурасының кеңейтуін, өнімнің бөліп тарату сферасын кеңейту үшін, жарамдылық мерзімін жоғарылату үшін және т.б. мақсатпен ары қарай жүргізіледі. Сонда патенттердің  көпщілігі Жапония, АҚШ (США)шығарылады.
Соның арасында көбінесе патенттер флакондар, құтылар, пробиркаларды жетілдіру, орамдау процессінің механизациялау мен автоматизациялауды жетілдіру туралы. Екінші орында бекіткіштер (затворы), пробкалар, сұғындырмалардын жетілдіру жұмыстары тұрады.
ДДҚ – дар мен МҚБ – дардың көптеген түрлері үшін пленкалық материалдардан орауыштар жаңадан зерттеп шығару және өндіріске енгізуге көңіл бөлуі аз емес. Аэрозольдердің орауыштарын жетілдіру және каробкалар, пачкалар, пеналдар, қақпағы бар және қақпағы жоқ флакондар, тубалар, пакеттер, қаптардың тұтынушылық қасиеттерін жақсарту жұмыстар ары қарай жалғастырылады.
Жаңа орауыштар шығару негізгі мақсаттары.
Осыт жұмыстардың мақсаттарына келесі жатады:
    орауыштан дәріні дозаланған түрде шығару;
    баларға орауышты ашуын болдырмау;
    орауыштың герметизациясын (тығыз жабылғанын) жақсарту;
    кең номенклатурадағы препараттар мен МҚБ – дардың сақталуын арттыру үшін орауыштарды жетілдіру;
    өндіріске орамдау жаңа прогрессивті әдістерді енгізу және технологиялық жабдықтарды ары қарай жетілдіру;
    жаңа едәуір экономды тара-орауыш материалдарды қолдану;
    керекті мақсатпен қолданылатын орауыштардың жаңа түрлерін зерттеп шығару;
    орауыштардың тұтынушылық қасиеттерін жақсарту, сонымен тағыда басқада мақсаттар.
Сонымен қазіргі кезде бекіткіштер, пробкалар, дозаторлардың жаңа түрлерін зерттеп шығару перспективті болады. Дозаны бір ретте шығару және бір реттік дозасы бар орауыштарды зерттеп шығару қазіргі кезде актуальды болды. Осы түрлердің орауыштары соңғы жылдарда барлық елде кең қолданылады. Специалисттер пікірі бойынша, олардың қолдануы өседі, себебі осы орауыштар бір қатар артықшылықтарға ие.
Балалар және гериатриялық іс – тәжірибеде қолданылатын орауыштардың жаңа түрлерін зерттеп шығаруға көо көңіл бөлуде.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы