Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Жоспар:
1.    Септиктенктарға сипаттама.
2.    Толық араластыруды қажет ететін ашытқы қондырғылары.
3.    Байланыстырғыш анаэробты жүйе.

1) Қазіргі уақытта ағын суларды анаэробты жолмен тазарту кеңінен дамымаған. Ағын суды тазартуда қолданылатын анаэробты процестерді аэробы процестермен салыстырғанда біршама артықшылығы бар. Негізгісі, биомасса көлемінің өсуі барысында ластаушы заттардан көмірсудың түзілу деңгейі жоғары және қосымша құнды өнім – биогаз алынады.
 Европада 100 жыл бойы ағын суларды анаэробты жолмен тазартуда. Бұл процесте қолданылатын биореакторларды септиктенктер деп атайды, олар тұнып тұрған тұнбаны анаэробты деградацияға ұшырататын тұндырғыш қондырғыларынан тұрады. Септиктенктер 30-350С температурада жұмыс атқарады. Мұнда тазаланатын ағынды су 20 тәулікке дейін болады. Биоректорды құрастырған уақыттта оның көп көңіл бөлетін негізгі параметрі сыйымдылығы (V), ол халық санымен есептеледі P:
   
  
180л көлемнің жартысы халыққа сұйық ретінде берілсе, екніші жартысы тұнба түрінде жиналады. Тенк көлемі екі камераға ажырайды, бірінде көлемі 2/3 құрайды және мұнда тұнба жинақталады. Тұнба толығымен жойылады, тек оның азғантай бөлігі ғана биореакторда қалады. Қалалық тазалау қондырғылар жүйесінде  септиктенктер қолданылады. Мұнда біріншілік тұндырғыштардан бөлінген шөгінділер қайта өңделеді.Нәтижесінде ашытылған тұнба ликвидацияланады. Ашыту кезінде тұнбаның көлемі азаяды, оның құрамындағыпатогенді микроорганизмдер мен жағымсыз иісі жойылады.  Күрделі ассоциация барысында септиктенктада жүретін ластаушы заттардың биодеградациясы бірнеше жолдар арқылы жүзеге асады: ацидогенді және гетероацетогенді бактериялардың қасытуымен жүретін гидролитикалық процесс және метаногендердің қатысуымен жүретін метаногенерация процестері. Анаэробты ағынды ашытударды өндірістік және ауыл шаруашылықтық ағын суларды анаэробты жолмен тазалауда қолданылады.
2) Қатты ластанған тағам өндірісінің ағындары мен мал шаруашылығының қалдықтарын тазалауда қымбат емес анаэробты жүйелер қолданылады. Жоғарыда айтылған ағын түрлерінің БПК және ХПК бойынша жүктеме деңгейлері жоғары, ал көңдік ағындар да құрамында биодеградацияға түспейтін, ерімейтін компоненттер бар. Мұндай ағындарды тазалау үшін  толығымен араластырғыш ашытқылар қолданылады. Шошқа және құс фермаларынан анаэробты биологиялық тазалау барысында тек ХПК – ның 50% ғана босап шығады. Ал ірі қара мал фермаларынан тек 30% қана. Деградация процесінің ингибиторы болып жоғары концентрациялы органиктер мен азот аммонийі табылады.
Көлемі 600-700м3 тең биореакторларда ағын суларды 15-20 тәулік бойы ұстап тұрауға болады. Бұл процесс барысында түзілген биогаз құрамында 70% метан болады. 1200-1500 жуық шошқасы бар фермалардағы ағын суларды тазарту үшін көлемі үлкен емес биореакторлар қолданылады.
3) Тағам өндірісінің ластанған ағын суларын тазарту үшін арнайы өндірілген анаэробты процестер қолданылады. Мұнда түскен ағынды сулар биогаз, тұнба рециркуляциясы және механикалық араластыру арқылы толығымен айналысқа түседі. Интенсификация процесінің факторы – ол биореакторлардағы температура өзгерісі. Ашыған ағындар жарықтандырғыш құралына қарай бағытталады, онда тұнба тұну процесімен қосымша биогаз түзіледі.
Тығыздалған тұнба қайтадан ашытқышқа түседі. Ашытқышта биомасса концентрациясы 5-10г/л болса, онда құрамында ХПК бар ағын суларда 20кг/м3  дейін тазартуға болады. Биомасса концентрациясы 20-30г/л көтерілсе, ерімеген ағынды пайдаланады. Қозғалмайтын биопленкасы бар реакторларды анаэробты жолмен тазалау әдісінде де қолданылады. Бұл мақсатта қолданылатын биореакторлардың аэробты тамшылы биореакторлардан айырмашылығы, олардың лайланудан қорғайтын ірі саптамалары болады.  Осы мақсатта қолданылатын ұсақ тасты саптамалардың диаметрі 25-65мм, 50% жуық бос көлемі бар. Ағынның тазалану жылдамдығы төмен және саптаманың бос кеңістігінде биомасса болады. Жүйеде ХПК бойынша жүктеме шегі 10кг/м3 тәу, органиканың біркелкі мөлшерінде ол 5кг/м2 тең. Тазалаудың эффективтілігі 70%. Бұл қондырғылар көп қолданылмайды., себебі қондырғыға қажетті саптама қымбат және қондырғының фильтрлеуші қабатын қайта – қайта тазалау қажет.
Жалпы алғанда анаэробты процестер біршама артықшылығы болғаымен, олар аэробты процестер сияқты кеңінен қолданылмайды. Алайда соңғы жылдары өндірістік ағын суларды канализацияға жібермес бұрын, оны қайтадан тазарту қажет деген қатаң талап қойылғандықтан, анаэробты процестерге деген қызығушылық артуда.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Образование
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ