Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Surak_zhauap в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
1.    Аэробы жолмен тазалау жүйесінің жұмыс істеу принипі.
2.    Активті тұнбаның сипаттамасы.

1. Аэробты жолмен тазартуда микроорганизмдер көмегімен тотыққан органикалық заттардың жартысы биосинтез процесіне қатысса, екінші бөлігі зиянсыз өнімдерге – Н2О, СО2, NO2 айналады. Аэробты биологиялық жолмен тазалау әрекеті ағынды культивирлеу әдісіне негізделген. Органикалық қоспаларды жою процесі бірнеше кезеңдерге жіктелген: клетка бетіне сұйықтықтағы органикалық заттар мен оттегінің берілуі, клетка ішіндегі мембрана арқылы заттар мен оттегінің диффузиясы, нәтижесінде микробты биомассаның өсуі байқалып, энергия мен оттегі бөлінеді. Биологиялық жолмен тазалаудың тереңдігі мен қарқындылығы микроорганизмдердің көбею жылдамдығына байланысты. Егер тазартылған ағынды суда органикалық заттар мүлдем қалмаса, онда тазартудың екінші этапы – нитрификация басталады. Бұл процесс барысында құрамында азоты бар заттар нитритке дейін, одан кейін нитратқа дейін тотығады. Осыған орай, аэробты биологиялық тазалау 2 этапқа жіктеледі: минирилизация – нитрификация мен құрамында көмірсу бар органикалық заттардың тотығуы. Егер тазартылған ағынды суда нитраттаржәне нитриттер пайда болса, онда тазалану деңгейі өте жоғары екендігін аңғартады. Ағынды суда кездесетін көптеген биогенді элементтер (көмірсу, оттегі, күкірт, микроэлемнеттер) микроорганизмдер тіршілігі үшін өте қажет. Ағын суда жекеленген элементтер (азот, калий, фосфор) тапшылығы орнаса, онда суға бұл элементердің тұзын қосады.
2. Биологиялық тазартуға тек бактериялар ғана емес, сондай – ақ бір клеткалы органнизмдерден – су саңырауқұлағынан, қарапайымдылардан (амеба, кірпікшелі және талшықты инфузориялар), микроскопиялық жануарлардан (жалпақ құрттар – нематодтар, су кенесі) және т.б. тұратын күрделі биологиялық ассоциация қатысады. Бұл биологиялық ассоциация биологиялық тазалау кезінде активті тұнба немесе биопленка түрінде түзіледі. Активті тұнба - өлшенген суда микроорганизмдердің, соның ішінде бактериялардың колониясын түзетін, мөлшері 3-150мкм болатын қоңыр сары түсті үлпек. Биопленкалар кілегейлі капсула – зооглея түзеді. Яғни биопленка дегеніміз – тірі микроорганизмдер көмегімен тазаланған қондырғының беткі сүзінді қабатында қалыңдығы 1-3мм болатын кілегейлі өсінділердің пайда болады.
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы