Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Ректальды ДТ-ң түрін, құрамын және технологиясын жетілдіру жолдары. Жаңа суппозиториялық негіздерді зерттеп іздестіру. Ректальды ДТ бөлшектеу мен орамдау. Орауыштардың түрлері. Суппозиторийлерді, ректиолаларды, ректальды жағар майларды бөлшектеу мен орамдауға арналған автоматтар
спросил от Surak_zhauap в категории Дополнительное образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

8 Ответы

0 голосов
Жоспар:
І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім.
Суппозиторийлердің сипаттамасы және классификациясы.
Суппозиторийлерді илеу, престеу, құю әдістерімен дайындау.
            Ректальді дәрі түрлерінің жетілу болашағы, артықшылықтары мен кемшілік тері.
      ІІІ. Қорытынды.
IV. Пайдаланылған әдебиеттер.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Кіріспе
Суппозиторийлер ескі дәрілік түр. Біздің эрамызға дейін 1550 жылы Эверстің папирусында келтірілген Eгипеттегі қолданылған 800 түрлі дәрілік түрлердің жіктемесінде суппозиторийлер іш жүргізетін дәрі, әрі гемморойды емдеуге қолданылатын дәрі ретінде сипатталады.
Гиппократ (460-377 б.э.д.) өз еңбектерінде әлсіздерге және кішкентай балалардың тік ішегіне сұйықтықтың көп мөлшерін енгізуге мүмкіндік болмаған кезде, свечалар қолдануды ұсынған. Ол құрамына анис, мирра, қазы майы және бал бар, демікпеге қарсы әсер ететін свечаларды сипаттайды. Мессопатамидің саз балшық плитасында сына жазумен жазылған свечаларды дайындау және қолдану ережелері табылған. Бұл шайыр, дәрілік шөптер мен майлар қоспасынан жасалған свечалар болатын, оларды қолданар алдында кипарис майымен майлап, іш, жыныс мүшелері және т.б. ауруларда қолданған.
Ғасырдың медицина әдебиетінде пайда болған суппозиторий сөзінің өзі «суппоэрэ» – аудармасында «астына қою», «орнын басу» деген мағына білдіретін латын сөзінен пайда болған. Бұл сөзбен клизманың орнын басатын іш-жүргізуші шамдарды атаған болар. Клизма ең ежелгі, дәріні ректальді енгізуші форма болып табылатыны айқын. Ежелгі грециялық зерттеуші Плиний мынадай бір көріністі әңгімелейді: египтяндар ибистің нәжісін тездету үшін өзінің тұмсығымен суды тік ішекке енгізгеннін байқайды. Құстың үлгісіне еліктей олар сиыр мүйізінің қырқылған ұшымен тік ішектеріне теңіз және тұщы суды және де басқа сұйықтарды енгізген. Бүл іш жүргізуші және басқа да дәрілік заттарды қолданудың ең ыңғайлы және тиімді тәсілдерін іздеудегі алғашқы қадамдар болды. Қазіргі уақытта суппозиторийлер экстемпоральды және дайын дәрілер түрінде кең таралып қолдануда.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Негізгі бөлім
Суппозиторийлердің дәрілік түр ретінде жалпы сипаттамасы.
Суппозиторийлер бөлме температурасында қатты және дене температурасында балқитын немесе еритін, дене қуыстарына енгізуге арналған дозаланған дәрілік түр.
Дене қуысының құрылысының ерекшеліктеріне байланысты суппозиторийлерге тиісті сыртқы көрініс пен көлем беріледі. Ректальды, вагинальды және таяқшалы суппозиторийлерді ажыратады. Осы жіктелудегі суппозиторийлердің өздерінің атынан көрініп тұрғандай, ректальды суппозитроийлер тік – ішекке; вагинальды – қынапқа; таяқшалар – несеп жолына және басқа да тар қуыстарға енгізуге арналған.
Суппозиторийлер түрінде барлық фармакологиялық топтардағы дәрілік заттар қолданылады. Эстетикалық емес болып көрінетін және шырышты қабықтың тітіркену мүмкіндігіне қарамастан, суппозиторийлердің бірқатар маңызды артықшылықтары бар. Ингредиенттердің көп бөлігі үлкен қан айналымы шеңберіне түседі; әсердің тез басталуы мен препараттың жылдам сіңірілуі; ас қорыту сөлдерінің әсерінен ыдырайтын препараттарды белгілеу мүмкіндігі; аллергиялық реакциялар деңгейінің төмендеуі; төзімсіздік немесе жанама әсерлердің азаю жағдайы; ессіз күйде жатқан пациенттерге енгізу мүмкіндігі ректальді енгізу жолдарына айқын артықшылықтар береді. Ректальді енгізгенде инфекцияның түсуі мүмкін емес, арнайы медициналық персоналды, дайындаудың асептикалық жағдайларын жасаудың қажеттілігі жоқ. Енгізгенде ауыртпауы және жағымсыз дәмі мен иісінің бүркелуі де суппозиторийлердің артықшылығын көрсетеді. Қазіргі уақытта өндірісте келесі препараттар шығарылады: «Анузол», «Нео – Анузол», «Бетиол», «Анестезол» суппозиторийлері; құрамында: теофиллин, новокаин, левомицетин, синтомицин, апилак, ихтиол бар суппозиторийлер және де «Лютенурин» вагинальді суппозиторийлері мен «Демидрол» таяқшалары. Суппозиторийлер номенклатурасы әрдайым толықтырылуда. Суппозиторийлерді дайындауда форма түзгіш заттар ретінде негіздер қолданылады. Әр түрлі елдерде суппозиторий негіздерінің бірнеше жіктелуі ұсынылған. Біздің елде негіздердің келесі жіктелуі ұсынылады:
А) Липофильді
Б) Гидрофильді
В) Синтетикалық
Өдірістік жағдайда липофильді негіздерден төмендегі негіздер қолданылады:
1) Какао майы ( ГХ ст. 474б.)
2) Зауыттық майлы негіз  N 1 және N 2 (ФС – 42 – 836 – 72)
Құрамына кіретін ингредиенттерінің мөлшеріне байланысты көрсетілетін негіз екі үлгіде қолданылады. Майлы негіздің құрамы:
Какао майы – 30%
«Фритюрлі» кулинариялық май – 50 – 60%
Парапин – 10 - 20 %   
Эмульгатор – Т – 25%
Гидрофильді негіздер қатарына келесі негіздер жатады:
1) желатин – глицерин.
2) сабын – глицеринді негіздер осы уақытқа дейін өзінің маңызын жоғалтқан жоқ.
3) соңғы уақытта гидрофильді полиэтиленоксидті негіз қолданылып жүр.
Ректальды дәрілік формалардың классификациясы.
1. Суппозиторийлар.
2. Ректальды капсулалар.
3. Ректальды мазьдар.  
4. Клизмалар.
5. Микроклизмалар.
6. Ректальды тампондар.
7. Ректальды аэрозольдар.
Суппозиторийлер негізіне бірқатар талаптар қойылады:
-    балқу температурасы төмен (37 °С – тан жоғары емес) болуы тиіс;
-    суппозиторийлердің сырт түрінің өзгеруін болдырмайтын, бөлме температурасында тиісті консистенциясын сақтау үшін, қаттылығы жеткілікті болуы тиіс;
-    физиологиялық индифферентті;
-    тітіркендіру әсерінің болмауы;
-    дәрілік заттармен әрекеттеспеуі керек;
-    химиялық индифферентті, яғни дәрілік заттармен химиялық байланысқа түспеуі;
-    дәрілік заттармен сыйымды болуы;
-    қатты күйден сұйық күйге тез ауысуы;
-    МФ ХІ талабына сай деформациялану уақыты 3 тен 15 минутқа дейінгі аралық болуы;
-    сыртқы факторлардыың (ауа, жарық, ылғал, микроорганизмдер) әсеріне тұрақты болуы.
Қазіргі кезде суппозиторийлер дайындау үшін негіздердің үлкен ассортименті қолданылады, олар физика – химиялық қасиеттері бойынша ерекшеленеді.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Суппозиторийлерді зауыттық өндіріс.
Суппозиторийлерді илеу, престеу, құю әдістерімен дайындайды. Өндіріс жағдайында суппозиторийлерді құю әдісімен алады. Суппозиторийлері жасаудың технологиялық схемасы келесі сатылардан тұрады:
1) негізді дайындау
2) дәрілік заттарды негізге енгізу
3) қалыптау құю
4) стандарттау
5) суппозиторийлерді бөлшектеу және орамдау.
Негізді дайындау. Бу «көйлегі» мен якорлы араластырғышы бар сыйымдылығы 1000 л тот баспайтын құрыш реакторға негіздің компоненттерін салады. Алдын – ала «көйлекке» бу жіберіп, температураны 60 – 70° С дейін көтереді. Балқытылған негізді друк фильтрден өткізіп, сығылған ауа көмегімен басқа реакторға жібереді, ол жерде суппозиториялық массаны дайындау жүреді.
Дәрілік заттарды енгізу. Суда, спиртте немесе майда еритін дәрілік заттарды ерігіштігіне сәйкес еріткіштерде ерітіп, ерітінді – концентрат дайындайды. Дәрлік заттарды ерітуді арнайы ыдыстарда жүргізеді, содан соң ерітінді – концентратты арнайы бөз қапшықтан сүзеді, сонан соң оларды негізгі реакторға өткізеді.  Суда немесе спиртте ерімейтін дәрілік заттарды суппозиториялық негізге суспензия ретінде енгізеді. Ірі кристалды дәрілік заттарды алдын – ала шарлы диірменде ұнтақтап, електен елейді. Дайын ұнтақты 40 – 50° С дейінгі жылытылған негіздің бірдей немесе бір жарым мөлшерімен қазанда араластырады. Алынған қоспаны салқындатып, үш білікті гомогенизаторда ұнтақтайды. Керек болған кезде бұл операцияны бірнеше рет қайталайды. Қажетті дисперсті дәрежеде қоспа – концентрат алғаннан кейін, оны қабылдағыш арқылы негіздің қалған мөлшері бар раекторға жібереді. Қазіргі уақытта Нижний Новгород химиялық – фармацевтік зауытында суспензиялар үшін ротационды – тісті насостар (РЗ-3а) қолданылады.
РЗ-3а қондырғысының жұмыс істеу принципі мынада: сыйымдылығы 100 л бу «көйлегімен» және якорлы араластырғышпен жабдықталған кіші реактор бар. Реактордағы негіздің температурасы 45 – 48° С. Реактордың араластырғышын қосып, шамалы аз порциялармен ұнтақты қосады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов


Бұл кезде әрдайым 45 – 48° С арасындағы бірқалыпты температураны үзбей ұстап тұру керек. Насостағы ұнтақтауды 40 – 60 мин. бойына концентраттың тиісті дисперстігі алынғанша жалғастырылады. Содан соң күшті турбоараластырғыш және бу көйлегі бар сыйымдылығы 1000 л басқа реакторға концентратты жібереді. Негіздің қалған мөлшері бар үшінші реактордан друк – сүзгіш арқылы температурасы 45 – 48° С–тағы балқытылған негізді де осы реакторға жібереді. Концентрат дайындалған реакторды және насосты негізбен «жуады», бұл қоспалар негізгі реакторға жіберіліп, реакторда 45 минут араластыру операциясы жүреді, содан кейін талдауға өткізіп, қалыптауға кіріседі.
Суппозиторийлерді қалыптау немесе құю «Франко – Крепси» автоматында жүргізіледі. Автомат үйлестірілген айналатын үш дискілерден тұрады. Екі шеткі дискіде 36 қалып, әр қалыпта 12 ұялары бар. Қалыптарды салқындату арнайы тоңазытқыш қондырғының көмегімен жүргізіледі. Ортаңғы диск свечалар бар салқындаған қалыптарды қабылдап, қабылдағыш ванналарға итеріп шығарады.
 
Суппозиториялық масса реактордан кішкентай бакқа келіп, сонан соң насостың көмегімен қабылдағыш – дозаторға түседі, оның саны қалыптағы ұялардың мөлшеріне тең. Жоғарғы жүріспен насостар массаны қабылдағыш дозаторға сорады, төменгі жүріспен оны қалыптың ұяларына итеріп шығарады, сонда ұялар дәл толтырылады. Айналмалы дискілер салқындап, масса салқындайды. Форма белгілі айналым жасап, арнайы тасымалдағыштың көмегімен шеткі дискіден ортадағы дискіге беріледі. Ортадағы дискіде қалыптар ашылып, суппозиторийлер итеріліп шығарылады да, тартпаға беріледі. Осы жерден суппозиторийлер 2 сағатқа 10 – 15°С темпертурада ауамен үрлеуге кептіргіш шкафқа жіберіледі.
Суппозиторийлер қолмен айналмалы дискінің ұяшықтарына салынады. Осыдан олар горизонтальды итергішпен целлофан ленталар түзген кіретін тесік арқылы итеріліп шығарылады. Свечаларды ұстағыш қабылдап алады, престеуші штамптар оларды жауып, целлофанға орамдайды. Кескіш құрал көмегімен лентаға оралған суппозиторийлер 5 данадан кесіледі. Орамдалған суппозиторийлер автоматқа беріліп, онда 10 данадан картон қораптарға салынады. Суппозиторийлер құрғақ,  20°С-тан жоғары емес темпертурада, жарықтан қорғалған жерде сақталады.
Суппозиторий өндірісінде автоматтандырылған «Хефлигер және Карг» (ФРГ) фирмасының «Servax-200 S» линиясы қолданылады. Ол суппозиторий өндірісінің толық автоматизациясын қамтамсыз етеді.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Автоматтың жұмыс істеу принципі келесіде: екі рулоннан (1) алюминий фольга беріледі, ол кескіш құралдың (2) көмегімен вертикальды бағытта кесіледі. Сонан соң екі лента табақша тәріздес екі жарты бөлікке бөлінеді, олар комплекті қалып болып бірігіп, термобалқытылады. Әр қалыптың жоғарғы жағында толтыру тесігі ашық қалады. Ол арқылы иненің көмегімен суппозиторийлық масса жіберіледі.
Сонымен, орауыш материалы бір мезгілде әрі құюға арналған қалып қызметін атқарады.
Резервуарда (5) «бу көйлегімен» қыздырылатын және араластырғыштың көмегімен үздіксіз араластырылып отыратын 30 л масса болады. Дозалау насостың көмегімен жүргізіледі. Қалыптарды толтыру кезінде орауыш герметикалық жабылады (6) және жеке балқып жабысқан суппозиторийлер арасында қосымша көлденең қатаң қабырғалармен жабдықталады. Сонан кейін лентадан белгілі суппозиторий саны бойынша тілікшелер кесіледі (8,9). Кесілген тілікшелерді (10) салқындатады, автомат дайын орауышты итеріп шығарады. Фольганың сыртқы беті полипропиленді пленкамен жабылған; ал ішкі беті – жоғарғы қысымды полиэтиленмен жалтыратылған немесе қапталған болады. Өнімділігі 16000 – 20000 дана / сағ.
Суппозиторийлерді алуға «Farmo Dui FD 22 / И» (Италия) автоматты линиясы да қолданылады. Оның жұмыс істеу принципі алдыңғы қондырғыға ұқсас. Өнімділігі – 22000 – 25000 дана / сағ.
Қолмен илеу әдісінің дайындау сатылары:
    Дәрілік заттарды және негізді дйындау;
    Суппозиторийлік массаны дайындау;
    Массаны дозалау;
    Суппозиторийлерді қалыптау;
    Орамдау, безендіру.
1 – ші саты. Негізді дайындау: какао майын үгіткіш арқылы майдалау.
2 – ші саты. Майдаланған негізбен келіде дәрілік заттардың қасиеттеріне байланысты араластырады. Дәрілік заттар мен негізді біртекті пластикалық қоспа түзілгенше илейді, ол келі қабырғасына жабыспауы керек. Алынған қоспаны целлюлоид қалақша көмегімен жинақтап, түйіндейді салмағын өлшеп, рецепт артына көрсетеді, шыны пластинаға ауыстырып салады.
3 – ші саты. Пергамент қағазбен оралған ағаш көмегімен цилиндр немесе төрт бұрышты серіппе дайындайды. Осы серіппе пилюля машинасының кескіші көмегімен порцияға бөлінеді.
4 – ші саты. Суппозиторийлік массаның әр порциясына пилюля машинасының ағаш таяқшасы көмегімен шарик формасы беріледі, содан соң шариктерге конус, цилиндр, торпеда тәрізді пішіндер беріледі.
5 – ші саты. Осындай әдіспен дайындалған әр суппозиторийді балауыздалған капсулаға жеке – жеке орамдайды, безендіреді.
Қалыпқа құю әдісі. Дайындау сатылары:
    Дәрілік заттарды және негізді дайындау;
    Суппозиториялық массаны дайындау;
    Массаны дозалау және суппозиторийлерді қалыптау, орамдау және безендіру.
1 – ші саты. Негізді фарфор табақшаға салып, су моншасында балқытады 40 – 50° С.
2 – ші саты. Дәрілік препараттардың қасиетіне байланысты оларды негізге енгізеді.
6 – ші саты. Массаны араластыра отырып, арнайы қалыптарға құяды, ол бір – біріне тығыз жабылатын екі бөліктен тұрады.
Қалыптың ұяшықтарының саны 30, 50, 200 және одан да көп, ал сыйымдылығы 1,0; 1,5; 2,0; 3,0; және 4,0〖см〗^3 болады. Қалыптың ұяшықтарын, егер негіз гидрофобты болса сабынды спиртпен, гидрофилді болса вазелин майымен, малынған мақта тампонымен сүртеді. Жиналған қалыпты тоңазытқышқа 30 – 40 минут салқындатып, содан соң дайын жартылай суыған массаны құяды. Тоңазытқышта салып салқындатуға қалдырады. Уақыт өткен соң мұздап қатқан суппозиторийлерді қалыптың екі бөлігін ажыратып, әр суппозиторийді орамдайды.
Ректальді дәрі түрлерінің жетілу болашағы.
Лиофильденген суппозиторийлер. Лиофильденген суппозиторийлердің негізгі массасы дәрілік заттар болып табылады, негіздің мөлшері өте аз. Суппозиторийлер дайындау суппозиториялық қалыпта дәрілік заттардың эмульсиясын немесе суспензиясын 50 – 70° С температурада тоңазыту әдісімен жүргізіледі. Тоңазыған суппозиторийлерді қалыптан шығарып алып, лиофильдейді және суппозиториялық негізді қосады. Бұл тәсілмен алынған суппозиторийлер тік ішекте тез ериді, оны тітіркендірмейді. Бірақ, осы дәрілік түр гидролабильді, сондықтан, сақтаудың ерекше жағдайларын талап етеді.
Престелген суппозиторийлер. Мұндай суппозиторийлер дайындауда майлы суппозиториялық негіздерді ұнтаққа айналдырады, олардың тиеуші ворронкадан еркін ағылуын қамтамасыз етеді және суппозиторийлерді, таблеткалар тәрізді, престеу тәсілімен дайынайды. Престеу үшін тиісті формалы матрицалар мен пуансондар қолданылады. Дәл дозалануды, сусымалдылықты қамтамсыз ету үшін суппозиториялық негізгі тоңазытқыш камерада 3 – 5° С температураға дейін тоңазытады, ұнтақтайды және елеуіш арқылы елейді. Технологиялық қасиеттерін жақсарту үшін негіздің құрамына 10 – 20% дейін сұйылқыш заттар (лактоза, сахароза, аэрозол), тайғақ заттар ретінде 3 – 5% дейін крахмал мен аэросил (1:1) қосады.
Екі қабатты немесе екі құрамды суппозиторийлер. Мұнда суппозиторийлердің қабықшасын балқу температурасы төмен негіздерден дайындайды. Бұл негіздің құрамына жергілікті әсер ететін заттар (анестезин, белладонна экстракты) болады. Суппозиторийлердің стерженіне резорбтивті әсер етуші заттар енгізеді. Стержень үшін балқу температурасы жоғары негіздер қолданылады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Соңғы кезде ректальді жағар майлар қолдану кең таралуда. Ректальді майлар майлы, гидрофильді негіздерде дайындалады. Гидрофильді негіздер ретінде полиэтиленгликольдер, МЦ, оксипропилметилцеллюлоза, Na- КМЦ гельдері қолданылады. Ректальды жағар майлар ұзын ұштығы бар шприц – тюбиктерде шығарылатын дозаланған дәрілік түр.
Болашағы мол дәрі түрінің бірі – ректальді капсулалар. Көлемі мен формасы бойынша олар суппозиторийлерге ұқсас. Капсуланың қабықшасы 70% желетин мен 30% глицериннің қоспасынан тұрады. Капсула әсер етуші заттың майлы суспензиясы немесе оның майдағы - су  типті эмульсиясы немесе ерітіндісімен толтырылады. Тік ішекке енгізген кезде капсула ісініп, жарылады, оның ішіндегі дәрілік құрам сіңірілу бетіне таралады. Ректальді капсулалар жоғарғы температураға төзімді, олар 40 °С температурада өз формасын сақтайды. Капсула дәрілік заттарды тез босатып, тез сіңіріледі.
Тік ішекке клизма түрінде енгізілетін сулы ерітінділерден дәрілік затттар өте тез сіңірілетіні белгілі.Бірақ, дәрілік заттың біраз бөлігі сумен бірге ағылып шығып кетеді. Сондықтан да майлы негіздерде дайындалған суппозиторийлерден сіңірілетін дәрілік заттардың мөлшері ерітіндіден сіңірілетін заттан әлдеқайда басым болады. Дәрілік ерітінділерді ректальді тамызғыштар – ректиолалар көмегімен енгізеді. Олар иілімді полиэтиленді контейнер, сыйымдылығы 3-5 мл,дәрілік зат ерітіндісімен толтырылған және ұштықпен жабдықталған. Ректиолаларды клизма ретінде қабылдайды.
Ректальды тампондар да белгілі. Олар сыртынан дәрілік зат сіңірілген мақтамен оралған пластмасса стержень болып табылады. Мақта тампоны альгинаттың жұқа қабатымен қапталады. Қолданар алдында тампонды біраз уақытқа суға батырады, осының нәтижесінде альгинаттан жасалған қабықша ісініп, дәрілік заттың диффузиясына кедергі жасамайды. Тампонды тік ішекке 2 сағатқа енгізеді, көбінесе геморройды емдеуге қолданады.
Ректальды дәрі түрлерін гериатриялық тәжірибеде қолдану өте ыңғайлы.  
Ректальды әдіспен енгіздуің артықшылығы:
1. Дәрілік заттар асқазан-ішек жолында  рН ортасында және энзимдер әсерінен бұзылмайды.
2.ДЗ-ды сіңіру жылдамдығы жоғары, ішкі-бұлшық ет жолымен енгізумен сәйкес келеді.
3.Дәрілік заттардың асқазан-ішек жолында шырышты қабыққа тіттіркендіргіштік әсердің болмауы.
4.Дәрілік заттардың жергілікті және резорбтивті әсер ету сипаттамасы.
5. Аллергиялық әсердің деңгейін төмендету.
6.Психиаторлық практикада, науқас ес түссіз жағдайда, педиатрия мен гериатрияда қолдану ыңғайлы.
7.Дәрілік заттардың асқазан-ішек жолын толтырудың сіңіру эффектісінің тәуелсіздігі.
Дәрілік заттарды ректальді әдіспен енгізудің кемшіліктері:
1. Тік ішек шырышты қабығының тітіркендіру мүмкіндігі.
2. Дәрілік препарттарды енгізудің кейбір эстетиканың болмауы.
3. Тік ішектен дәрілік заттарды сіңіру механизмі жайында түсініктің аз болуы.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Қорытынды
Гиппократ (460-377 б.э.д.) өз еңбектерінде әлсіздерге және кішкентай балалардың тік ішегіне сұйықтықтың көп мөлшерін енгізуге мүмкіндік болмаған кезде, свечалар қолдануды ұсынған. Ол құрамына анис, мирра, қазы майы және бал бар, демікпеге қарсы әсер ететін свечаларды сипаттайды. Мессопатамидің саз балшық плитасында сына жазумен жазылған свечаларды дайындау және қолдану ережелері табылған. Бұл шайыр, дәрілік шөптер мен майлар қоспасынан жасалған свечалар болатын, оларды қолданар алдында кипарис майымен майлап, іш, жыныс мүшелері және т.б. ауруларда қолданған.


Пайдаланылған әдебиеттер
1.Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. - Алматы. – 2011. - 346 б.
2.Ділбарханов Р.Д. Сағындықова Б.А. Дәрілердің өндірістік технологиясы. – Алматы. – 1998. – 128 б.
3.Технология лекарственных форм.Учебник й том. Под ред. Ивановой Л.А. М.: Медицина, 1991. – 554 с.
4.Муравьев И.А. Технология лекарств. М.: 1980, т 1, 2.
5.Государственная Фармакопея Республики Казахстан. - том 1 - Алматы. Издательский дом: < Жибек жолы >. 2008 - 592 с.
6.Государственная Фармакопея Республики Казахстан. - том 2 - Алматы. Издательский дом: < Жибек жолы>. 2009 – 792 с.
7.Интернет беттері   kk.wikipedia.org/wiki /Дәрі-дәрмек, www.google.com
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы