Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

9 Ответы

0 голосов
Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
1.    Д.И. Менделеев периодтық жүйесінің үшінші топ элементтері
2.    Д.И. Менделеев периодтық жүйесінің төртінші топ элементтері
3.    Д.И. Менделеев периодтық жүйесінің бесінші топ элементтері
4.    Д.И. Менделеев периодтық жүйесінің алтыншы топ элементтері
5.    Д.И. Менделеев периодтық жүйесінің жетінші топ элементтері
ІІІ Қорытынды
IV Пайдаланылған әдебиеттер
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Кіріспе
Бейорганикалық заттар немесе Анорганикалық қосылыстар, бейорганикалық қосылыстар — хим. элементтердің өзара және бір-бірімен байланысуынан шығатын заттар. Бұған тізбек түзе байланысатын көміртек қосылыстары яғни органик. және полимерлік қосылыстар кірмейді.Қазіргі хим. ғылымы А. қ-дың гомоатомды және гетероатомды түрлерін қарастырады. Гомоатомды А. қ-ға бір ғана хим. элементтің атомдарынан құралатын элементтік немесе жай заттар жатады. Жай заттың қасиеті оның құрамын түзетін элемент атомының қасиеттеріне сәйкес келеді. Элементтердің периодтық жүйесінде орналасқан барлық элементтер түзетін жай заттар металдар мен бейметалдарға бөлінеді. Металдар электрон беруге, бейметалдар электрон қосып алуға бейім. Олардың арасында екі жақты қасиетті амфотерлік заттар бар. Жай заттардың физ. қасиеттеріне олардың термодинамикалық (атомдану энергиясы, энтропия, энтальпия, фазалық өзгеру темп-сы т.б.), кристалхим. (құрылымы, аллотропиясы т.б.), физ.-мех. (қаттылығы, сызықтық және көлемдік ұлғаюы т.б.), электрфиз. (электр өткізгіштігі, концентраттануы т.б.), оптикалық, магниттік т.б. қасиеттері жатады. Жай заттардың хим. қасиеттері олардың тотықсыздандырғыштық яғни бейметалдық қасиеттеріне байланысты. Гетероатомды А. қ-дың ішіндегі ең қарапайымдары — екі элементтен құралған бинарлы заттар. Олар құрамына байланысты кластарға (мыс., гидридтер, оксидтер, галогенидтер) жіктеледі. Бұлардың атаулары анион түзуші элементтің атына -ид жалғауын қосудан шыққан. Екі элемент байланысып бірнеше бинарлы қосылыстар бере алады. Бейорганикалық препараттардың алу көздері миенералды шикізаттар болып табылады. Оларға өзен, көл сулары, кен, газ,  химиялық өндірістің негізгі өнімдері жатады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Негізгі бөлім
Д.И. Менделеев периодтық жүйесінің үшінші топ элементтері
Периодтық жүйедегі үшінші топтағы элементтеріне бор жатады.
Бор (лат. Borum), B — элементтердің периодты жүйесінің ІІІ тобындағы хим. элемент, қара сұр түсті кристалды немесе аморфты зат (өте таза Бор түссіз).
 Таза кристалды Бордың тығыздығы 2,3 г/смі, балқу t 2075оC, қайнау t 3860оC, қаттылығы жағынан алмаздан кейін екінші орында. Кристалды Бор — шала өткізгіш. Қалыпты жағдайда электр тогын нашар өткізеді, бірақ 800оС-қа дейін қыздырғанда оның электр өткізгіштігі артады.Бор комплексті қосылыстар түзуге бейім, көпшілік қосылыстарында үш валентті. Борды 700оС-қа дейін қыздырғанда Бор ангидриді (В2О3), ал оны суда еріткенде бор қышқылы (Н3ВО3) түзіледі. Бор қышқылының тұздарын бораттар деп атайды. 900оС-тан жоғары қыздырғанда Бор азотпен бор нитридін (ВN), көмірмен бор карбидін (В4С), металдармен боридтер түзеді. Борды таза күйінде бор ангидридін (В2О3) тотықсыздандыру арқылы алады. Бор және оның қосылыстары — диэлектриктер мен шала өткізгіш заттар ретінде және ядролық реакторларда, медициналық препараттар, полимерлер алуға қолданылады.

Бор қосылыстары. Бор қышқылы,(Acidum boricum) ортобор қышқылы, (Н3ВО3) — анорганикалық үш негізді әлсіз қышқыл, ақ кристалл зат. Ол ыстық суда, спирт және т.б. органикалық еріткіштерде ериді. Бор қышқылын қыздырған кезде, оның құрамынан су бөлініп шығып, әуелі метабор қышқылына (НВО2), содан кейін бор ангидридіне (В2О3) айналады. Бор қышқылын оның табиғи тұздарын өңдеу арқылы алады. Мысалы, натрийдің тетраборатының (бураның — Na2B4O7Һ10Н2O) ыстық ерітіндісін күкірт қышқылымен әрекеттестіріп алуға болады. Ерітіндіні салқындатып, Бор қышқылы кристалдарын бөліп алады. Бор қышқылы бояу алуда, қағаз шығару, тері өңдеу өндірістерінде, дәрі-дәрмек жасауда қолданылады.
Na2B4O7•10H2O+2HCl→4Н3ВО3+2NaCl+5H2O
B2O3•2MgO•H2O+2H2SO4→2Н3ВО3↓+2MgSO4
Натрий тетрабораты (Natriitetraboras)Na2B4O7•10H2O
        Бура — тетрабор қышқылының натрий тұзы. Химиялық формуласы Na2B4O7*10H2O.
Табиғатта минерал күйінде кездеседі. Түсі ақ, сұр және сары, меншікті салмағы 1,6 — 1,7 г/см3, суда ериді. Судағы ертіндісінің сілтілік реакциясы бар және ол ауадағы көмірқышқыл газды (СО2) сіңіреді. Бура металдарды дәнекерлеуде, шынының арнайы түрлерін (оптикалық шыны), эмаль, глазурь дайындауда, тері өңдеуде, сондай-ақ, ауыл шаруашылығында тыңайтқыш ретінде қолданылады.
Алынуы:боркальциатқа ыстық сода ерітіндісін қосу арқылы нәтижесінде,бура және кальций корбонаты түзіледі.
CaB4O7 + Na2CO3 →Na2B4O7 + CaCО3↓
Идентификация: 1) этил спиртімен концентрацияланған күкірт қышқылы қатысында, борэтил эфирі жасыл түсті  болады.
Na2B4O7 + 12 C2H5OH → 4B ─ OC2H5 + 2 NaOH
2)Na+ натрий ионына реакция.
        Тазалығын тексеру:  бура құрамында  карбонат қоспалары болмауы керек,мышьяктың,хлоридтың,сульфаттардың қоспалары белгіленген мәннен аспауы керек.
Сандық анықтау:
1)    ацидиметрия, тура титрлеу , индикатор – метилді қызғылт сары,
f= 1/2Na2B4O7 + 2 HCl + 5 H2O → 4 Н3ВО3 + 2 NaCl
2) алкалиметрия
Қолданылуы: дезинфекциялаушы, антисептикалық құрал ретінде және  эпилепсия ауруын емдеуде қолданады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Алюминий қосылыстары
Алюминий (лат. Aluminium),– ашудас, Al – элементтердің периодтық жүйесінің ІІІ тобындағы химиялық элемент, рет нөмірі 13, атомдық массасы 26,9815. Бір тұрақты изотопы бар. Жер қыртысында таралуы бойынша элементтер арасында 4, металдар арасында 1-ші орында. Табиғатта жүздеген минералдары кездеседі, оның көпшілігі – алюмосиликаттар болып келеді. Алюминий латынша Alumіnіum; алюминий алу үшін пайдаланылатын негізгі шикізат – боксит. Алюминийді бос күйінде алғаш рет 1825 жылы даниялық физик Ханс Кристиан Эрстед алған. Алюминий – күміс түсті ақ металл, жылуды және электр тогын жақсы өткізеді, созуға, соғуға икемді, меншікті салмағы 2,7 г/см3; балқу температурасы , қайнау температурасы 2500 ӘС; коррозияға берік, қалыпты температурада тұрақты, себебі бетіндегі алюминий оксидінен тұратын жұқа қабыршақ оны тотығудан қорғайды. Сондай-ақ ол амфотерлі элемент, сондықтан қышқылдармен де, сілтілермен де әрекеттеседі. Алюминий – практикалық маңызы зор металл. Ол негізінен жеңіл құймалар өндіру үшін пайдаланылады. Алюминий құймалары авиа, авто, кеме, ядролық реактор, химиялық аппараттар жасауда, құрылыста, т.б. салаларда, таза металл түрінде электртехникасында ток өткізгіш сымдар, тұрмысқа қажетті бұйымдар дайындау үшін қолданылады.
Алюминий гидроксиді, (Aluminii hydroxydum) химиялық формуласы Al(OH)3 (сонымен қатар H3AlO3, HAlO2 және [Al2O3 • H2O] • nH2O) — іркілдек, ұйыған айран тәрізді ақ түсті зат. Алюминий гидроксиді суда ерімейтін әлсіз амфотерлі негіз. Сондықтан ол негіз және қышқыл сияқты диссоциацияланады.
Алынуы:алюминий гидроксидін аммиак ертіндісін ыстық алюминий сульфатымен қосу арқылы 600С:
 Al2(SO4)3 + 6 NH4OH → 2 Al(OH)3 + 3 (NH4)2SO4

Идентификация:
1) субстанцияны қыздыру кезінде кобальт нитраты  ерітіндісімен , кобальт алюминаталынады.

2Al(OH)3→Al2O3+3H2O +2Co(NO3)2→2CoO2+4NO2↑+O2↑+Al2O3 + CoO2 → Co(AlO2)2
жалпы: 4 Al(OH)3 + 2 Co(NO3)2 → 2 Co(AlO2)2 + 4 NO2 ↑ + O2 ↑ + 3 H2O
2)  Al3+ алюминий ионын анықтау реакциясы:
Al3+3 OH → Al(OH)3↓ = Al(OH)3 + 3 NaOH → Na3[Al(OH)6]
Тазалығын тексеру: Препарат құрамында карбонаттардың және ауыр металдардың қоспасы болмау керек.

Сандық анықтау:
1) гравиметрия                                                  2) комплексонометрия
Қолданылуы: адсорбент, антацидное, обволакивающее средство, применяется также в виде присыпок, является одной из составляющих препарата «альмагель» и «маалокс».
        Каолин (Kaolinum)  Al2O3· 2SiO2 · H2O –  ақ түсті ұнтақ. Каолинит минералынан құралған саз тәрізді тау жынысы. Каолин слюдалы-дала шпаттыминералдардың (гранитоид, гнейс,тақтатас, т.б.) үгілуінен немесе гидротермальдік өзгерістерге ұшырауынан түзіледі.
Каолин алғашқы (түзілген орнында сақталған) және туынды (басқа жерге ауысып шөккен) болып екі түрге бөлінеді. Алғашқы каолиннің ірі кен орындары төменгі мезозойдың үгілу қыртыстарында шоғырланған. Оларда тау жыныстарының бастапқы құрылымы сақталған. Туынды каолин линза, қабат түрінде кездеседі. Олар жер бетіне жақын орналасқандықтан, ашық әдіспен игеруге ыңғайлы. Өңделмеген каолиннен отқа төзімді материалдар дайындалады. Өндірістің басқа салалары үшін каолин байытылады. Байытылған каолиннен фарфор және фаянс бұйымдары жасалады, сондай-ақ, қағаз, резина, парфюмерия, химия өнеркәсіптерінде, медицинада кеңінен қолданылады. Қазақстанда каолиннің Алексеевское, Елтай (Ақмола облысы) кен орындары игерілуде.
Қайта түзілгені құмды шөгінділерде линза, ұя, қат пішінді болады. Каолин қыш өнеркәсібінде фарфор, фаянс бұйымдарын, электртехникада оқшаулағыш, отқа төзімді оқбақырлар жасауға пайдаланылады, одан баска қағаз, мата, резеңке, сабын, парфюмерия, карындаш, бояу өндірістерінде және т.б. қолданылады
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Д.И. Менделеев периодтық жүйесінің төртінші  топ элементтері

Медициналық тәжірибеде Д.И. Менделеев периодтық жүйесіндегі көміртек,қорғасын төртінші топ элементтері  қолданыс табуда.
Көміртек (Carboneum) адамзатқа көмір, күйе түрінде ерте заманнан белгілі. 1780 жылы А.Лавуазье көміртектің табиғатын зерттеді. Оған латынша «карбонеум» көмір деген атау 1827 жылы берілді. Көміртек бос күйінде алмаз, графит, карбин деп аталатын аллотропиялық күйлерінде кездеседі. Табиғи қосылыстары карбонаттар (СаСО3 • MgCО3 - доломит, СаСО3 - мәрмәр, MgCО3 - магнезит). Байланысқан күйде көмірде, мұнайда, табиғи газдарда кездеседі. Бос күйінде көміртек улы емес, ал оның қосылыстары CO - иіс газы, ССl4 - төрт хлорлы көміртек, CS3 — күкіртті көміртек улы заттар.
Қосылыстары. Активтендірілген көмір — сорғыштық қабілетін арттыру үшін арнаулы өңдеуден өткізілген, яғни активтендірілген көмір. Нәтижесінде жақсы активтендірілген көмір үлкен аумақты copy беті бар көмір (1 г 800 м2 бос беті болады), улағыш заттарды және ішінара биологиялық аэрозолдарды соратын адсорбент алынады. Активтендірілген көмір ауаны радиоактивті тозаңнан, биологиялық заттар мен түтіндерден сүзу аркылы тазартады. Активтендірілген көмірді газтүмылдырык қорабында және қорғаныс ғимараттарына арналған сүзгісорғышта пайдалану осыған негізделген.
Активтендірілген көмір — арнаулы әдіспен өңделген көмір. Онын ауадан әр түрлі газдарды, су ерітінділерінен ион және молекулаларды сіңіру қасиеті жоғары.
Тазалығын анықтау.  Препарат құрамында су ,сульфидтер және цианидтер болмауы керек.Рұқсат етілген мөлшерлері  хлоридтер (0,008%), сульфаттар (0,02%), ауыр металдар (0,001%), темір (0,01%), мышьяк (0,0001 %).
Сапасын тексеру. Активтендірілген көмірдің сапасын тексеру оның адсорбционды қасиетіне негізделген. Анықтау жолы: МФ бойынша 0,15%-ті метилен көк ерітіндісінмен. Осы ерітіндіге (16 мл)  0,1 г кептірілген көмірді салып 5 мин арластырамыз,фильтрлейміз. Алынған фильтрат  түссіз болуы керек.
Қолданылуы. Улану кезінде,вирустармен емделу кезінде,инфекционды ауруларда,дизентерияда.
Натрий гидрокарбонаты. NaHCO3 немесе Қос көмір қышқыл натрий, немесе Натрий бикарбонаты - ақ түсті, кристалды ұнтақ. Улы емес, өрт ке қауіпсіз, жарылуға қауіпсіз.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Көміртек қышқылының екі тұзы бар: орта (карбонат) және қышқыл(гидрокарбонат ). Дәріхана жағдайында, натрий карбонатты натрий гидрокарбонатынан айыра білуміз керек.Ол үшін ерітіндіге фенолфталеин индикаторын қосамыз. Карбонат ерітіндісі қызыл түске боялады,ал гидрокарбонат ерітіндісі түссіз немесе әлсіз қызғылт түске боялады.
Сандық анықтау. Титрлеу әдісі арқылы жүргізіледі.
Сақталуы. Натрий гидрокарбонатын жақсы тығыздалған ыдыста сақтау керек. Ылғал ауада көміртек диоксидін тез жоғалтып,натрий карбонатына айналады.
Қолданылуы:ингаляцияда(0,5-2%-ды ерітінді) және антацид ретінде.
Қорғасын қосылыстары.
Қорғасын (лат. Plumbum), Pb – элементтердің периодты жүйесінің IV-тобындағы химиялық элемент, асыл металдардың бірі. Реттік нөмірі 82, атом массасы 207, 2 Қорғасын өте ерте заманнан белгілі, одан жасалған тиын ақша, медальондар ертедегі Египет қазбаларынан көп табылған. Жер қыртысындағы мөлшері 1.6 07%, ол жеке күйінде кездеседі. Ең маңызды кені- галенит- қорғасын жылтыры PbS; Қазақстандағы кендері Оңтүстік және Шығыс Қазақстанда және Қарағанды облысында. Қорғасын бос күйінде көкшіл-сұр түсті жұмсақ және ауыр металл, оңай балқиды.
Қорғасын қосылыстары – қорғасын элементі түзетін химиялық қосылыстар. Қорғасын қосылыстары 2, 4 валентті, 4 валентті қосылыстары тұрақсыз келеді. Қорғасынның PbO, PbO2, Pb3O4 оксидтері белгілі. Қорғасын (ІІ) оксиді PbO сарғылт-қызыл (балқу температурасы 886ӘС) және сары (балқу температурасы 600ӘС) екі модификацияда кездесетін кристалл, қайнау температурасы 1473ӘС. Суда ерімейді, ауада 400 – 500ӘС-қа дейін қыздырғанда қорғасын жосасы деп аталатын шымқай қызыл түсті Pb3O4-ке айналады. Ол бояу ретінде қолданылады. Қорғасын (ІV) оксиді PbO2 қара-қоңыр кристалл, модификациялары тетрагональ (ыдырау температурасы 220ӘС) және ромбы (ыдырау t 280ӘС) түрінде кездеседі. Суда ерімейді, қышқылдарда нашар ериді, күшті тотықтырғыш. Pb (ІІ) қосылыстарын гипохлоритпен тотықтыру, Pb3O4-ті концентрленген азот қышқылымен әрекеттестіру, құрамында Pb (ІІ) бар ерітіндіде анодтық тотықтыру арқылы алады. Қорғасын аккумуляторларында пластинка ұяшықтарын толтыруда, тотықтырғыш ретінде қолданылады. Қорғасын галогендермен PbІ2, PbF2, PbCl2 қосылыстарын түзеді. Олардың маңыздысы қорғасын (ІІ) иодиді PbІ2 сары алтын түсті кристалл, тығыздығы 6,16 г/см3, балқу температурасы 412ӘС, қайнау температурасы 954ӘС, ыстық суда жақсы, салқын суда нашар ериді. Оны құрамында Pb2+ бар ерітінділерді иодид ерітіндісімен әрекеттестіру арқылы алады. Аналитикалық химияда қорғасынды идентификациялауда қолданады. Қорғасын қышқылдармен әрекеттесіп тұз түзеді. Қорғасын (ІІ) сульфаты PbSO4 суда ерімейтін кристалл зат, тығызд. 6,20 г/см3, балқу t 1770ӘС (ыдыраумен). Табиғатта англезит минералы түрінде кездеседі. Ол құрамында Pb2+, иондары бар ерітінділерді тұндыру және қорғасын сульфидін (PbS) тотықтыру арқылы алынады. Қорғасынды аккумуляторлардың пластинкалы ұяшықтарын толтыру үшін, пигменттер құраушысы ретінде қолданылады. Қорғасын (ІІ) нитраты Pb(NO3)2 суда ерігіш (20ӘС-та 100 мл суда 56,5 г) кристалды зат, тығыздығы 4,599 г/см3, ыдырау температурасы 470ӘС. Күшті тотықтырғыш. Қорғасынды немесе қорғасын (ІІ) оксидін азот қышқылымен әрекеттестіріп, соңынан кристалдау арқылы алады. Ол шырпы өндірісінде және қорғасынның басқа қосылыстарын дайындауда және пиротехникада қолданылады. Қорғасын (ІІ) карбонаты PbСО3 кристалды зат, ыдырау температурасы 315ӘС, спирт пен суда ерімейді, қышқылдармен әрекеттеседі. Табиғатта церуссит минералы түрінде кездеседі. Pb(СН3СОО)2 ерітіндісіне СО2 жіберу арқылы алады. Қорғасын ақ бояуын дайындауда қолданылады. Қорғасын (ІІ) хроматы PbСrО4 сары кристалл, тығызд. 6,12 г/см3, балқу температурасы 844ӘС, суда ерімейді, азот қышқылы мен сілті ерітінділерінде ыдырайды. Табиғатта крокоит минералы түрінде кездеседі. Сулы ортада қорғасын тұзының ерітінділерін сілтілік металдардың хроматтарымен әрекеттестіру арқылы алынады. Қорғасынның тағы бір маңызды қосылысы қорғасын ацетаты (CH3COO)4Pb балқу температурасы 175 – 180ӘС, суда PbО2-ге дейін гидролизденеді; бензолда, нитробензолда, хлороформда ериді. Мұзды сірке қышқылын сірке ангидриді қатысында Pb3О4-пен әрекеттестіру арқылы алады. Қорғасын-органикалық қосылыстар – қорғасын атомы көміртек атомымен байланысқан қосылыстар. Олардың мынадай түрлері белгілі: R4Pb, R3PbХ, R3Pb – PbR3, R2PbХ2, R2PbО, RPbХ3, RPb3ООН. Бұлардың маңыздысы R4Pb. Қорғасын-органикық қосылыстар галогеналкилдер мен PbNa қорытпасының әрекеттесуі арқылы алынады. Қорғасын-органикалық қосылыстар жарық, жылу, тотықтырғыштар әсеріне қалайы, күшәла және сүрме органиклық қосылыстарынан гөрі тұрақсыздау. Қорғасын-органикалық қосылыстардың ішінде тетраэтил қорғасын көп мөлшерде мотор майына антидетонатор ретінде қолданылады.
Қолданылуы. Пациенттерді рентген аппараттарының сәулелерінен қорғау үшін қолданады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Д.И. Менделеев периодтық жүйесінің бесінші топ элементтері

Медициналық тәжірибеде Д.И. Менделеев периодтық жүйесіндегі бесінші топ элементтері азот, фосфор, висмут,сурьма қолданыс табуда.

Азот қышқылы, HNO3 — тұншықтырғыш, иісі бар, түссіз, сұйық зат.Таза күйінде тығыздық 1,51 г/см3. Ол — 42oС-та мөлдір кристалға айналып қатады. Ауада су буымен майда тамшылар түзеп “түтіндейді”. Азот қышқылы жарық әсерінен біртіндеп ыдырайды: 4HNO3=4NO2+O2+2H2O. Бөлініп шыққан азоттың қос тотығы қышқылда еріп, оны қоңыр түске бояйды. Азот қышқылы аса өткір қышқыл, қуаты жоғары тотықтырғыш. Сұйытылған ерітіндісінде ол толық Н+ және NO3— иондарына ыдырайды. Көптеген металл еместер азот қышқылында өзіне тиісті қышқылдар түзгенше тотығады. Мысалы: күкірт азот қышқылмен қосып қайнатқан кезде күкірт қышқылына айналады. Азот қышқылы алтын, платина, тантал, родий, иридийден басқа металдардың бәрімен әрекеттесіп, олардың нитраттарын немесе оксидтерін түзеді. 1 көлем азот және 3-4 көлем тұз қышқылынан тұратын қоспа “патша арағы” деп аталады. “Патша арағы” Азот қышқылмен әрекеттеспейтін металдардың кейбіреуін, соның ішінде алтын мен платинаны да ерітеді. Азот қышқылы азот тыңайтқыштарын, қопарылғыш заттар, бояулар тағы басқа заттар алу үшін қолданылады. Азот қышқылының тұздары — нитраттар да суда жақсы ериді. Өндірісте азот қышқылын аммиакты оттегінің қатысуымен толықтыру арқылы алады.
Нитраттар(Нитраты; грек, nitron - сода, селитра) — өнеркосіпте, әсіресе ауыл шаруашылығында көп қолданылатын азот қышқылының түздары. Аммоний нитраты, сілтілік және сілтілік жер металларының нитраттары селитра деп аталады. Белгілі бір мөлшерден артық пайдаланғанда Нитраттар тамақ өнімдерінде жиналады да, адамды уландырады.[1] Нитрат тұздарын металлдарды, негіздік оксидтерді, негіздерді және аммиакты азот қышқылымен әрекеттестіріп алады. Басқа оттекті қышқылдардың тұздарымен салыстырғанда нитраттардың ерекше қасиеттері бар.
Химиялық қасиеттері.
Нитраттарды қыздырғанда оттек бөле ыдырайды. Нитрат құрамына кіретін металлдың кернеу қатарындағы орнына сәйкес тұздар әртүрлі болып айырылады: а) сілтілік металдардың нитраттары қыздырғанда нитриттерге және оттекке ыдырайды:
ә) электрохимиялық кернеу қатарында магний мен мыс арасында орналасқан металлдардан түзілген нитраттар металл оксидіне, азот (IV) оксидіне және оттекке ыдырайды:
б) кернеу қатарында мыстың оң жағында тұрған нитраттар бос металға, азот (IV) оксидіне және оттекке ыдырайды:
Тұздың қүрамындағы нитрат ионды N03 анықтау үшін тұзды концентрациялы күкірт қышқылымен және мыс жаңқасымен қосып қыздырғанда қоңыр түсті газ N0, бөлінеді. Ол нитрат ионға сапалык реакция болып табылады, ерітінді көкшіл түске боялады. Реакция теңдеуі:
                                           t
Cu + 4HNO3 = Cu(NO3)2+2H2O + 2NO2^буланады
     көкшіл түс               қоңыр түс
Қолданылуы.
Азот қышқылының барлық тұздары суда жақсы ериді. Азот қышқылының тұздары NaN03, NH4N03, KN03, көбінесе азот тыңайтқыштары ретінде қолданылады. Натрий және калий нитраттары шыны қайнатуда, тағамдарды консервілеуде қолданылады. Оқ-дәрі алу үшін калий нитратынан KN03, күкірттен және көмірден тұратын коспа жасайды. Күміс нитраты AgN03 (ляпис деп те аталады) медицинада, затты күмістеу үшін және химиялық лабораторияларда хлор ионын табуға, анықтауға пайдаланады.
Д.И. Менделеев периодтық жүйесінің алтыншы топ элементтері
Медициналық тәжірибеде Д.И. Менделеев периодтық жүйесіндегі алтыншы топ элементтері оттек,күкірт , сутек қолданыс табуда.

Препарат    Химиялық формула    Сипаттамасы
Оттек Oxygen


 Су Aqua purificata




Инъекцияға арналған су Aqua pro Injectionibus  
   
О2

Н2О



Н2О     Ол иіссіз, дәмсіз, түссіз газ.
Ол түссіз,иіссіз,  мөлдір сұйықтық.
Стерильденбеген дәрілік заттарды дайындауда,инъекциялық су үшін қолданады.сақтау мерзімі-30 тәулік.
Түссіз,мөлдір  сұйықтық.Парентеральді дәрілік заттарды дайындауда еріткіш ретінде қолданады. Сақтау мерзімі-24 сағат
 



•    Препарат    Химиялық формула    Сипаттамасы
•    Сутек асқын тотығы Solutio Hydrogenii peroxydi diluta  



•    Магний пероксид Magnesii peroxidum
     H2O2






 MgO.MgO2     Түссіз,мөлдір,өзіне тән иісі бар сұйықтық.Антисептикалық,гемостатикалық,
дезинфикциялаушы ретінде қолданады.   
Ақ немесе сары түсті,аморфты,иіссіз ұнтақ.Суда,спиртте ерімейді.Антисептикалық, дезинфикциялық құралретінде.Диспепияда қолданады.

Күкірт.Күкірт - сары түсті, суда нашар еритін, су жұктырмайтын, жылу мен тоқ өткізбейтін, морт сыңғыш келетін қатты зат. Балқу температурасы 119°С. Күкірт атомының сыртқы валенттілік кабатында екі дара электроны болғандыктан, олар өзара байланыса алады.
Күкірт қышқылы — күкірттің маңызды қосылыстарының бірі. Ол екі негізді күшті қышқыл, орта және қышқыл тұздар түзеді. Концентрациялы күкірт қышқылы — түссіз, ұшпайтын, май тәріздес, суда жақсы еритін, сұйық зат. Тығыздығы 1,84 г/см3, массалық үлесі 98%. Ол 280°С-та қайнайды, ал 10,4°С-та кристалданады.
 Күкірт қышқылы суда ерігенде көп жылу бөле отырып, онымен химиялық реакцияға түсіп, құрамы әр түрлі гидраттар түзеді. Олар: H2SO4*2O, H2SO4*2H2O, H2SO4*4H2O. Сондықтан да қышқылды суда еріткенде мынадай қауіпсіздік ережесін мұқият сақтау қажет: ауыр сұйықтықты (қышқыл) жеңіл сұйықтыққа (суға) шыны таяқшамен араластыра отырып, жайлап құю қажет. Сонда ауырлау күкірт қышқылы судың астыңғы қабатына дейін жетіп, бөлінген жылу біркелкі тарайды, ал керісінше суды қышқылға құйса, су қышқылдан жеңіл болғандықтан бөлінген мол жылу суды қайнау температурасына дейін жеткізіп, қышқыл жан-жаққа шашырауы мүмкін.
Күкірт қышқылы күшті су тартқыш зат. Егер концентрациялы қышқыл толтырылған стақанды біраз уакыт ашық калдырса, ауадағы су буын бойына тартып сіңіреді де, қышқыл ыдыстан асып төгіледі. Осы қасиетіне бола күкірт қышқылын түрлі газдарды ылғалдан құрғату үшін пайдаланады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Д.И. Менделеев периодтық жүйесінің жетінші топ элементтері

Медициналық тәжірибеде Д.И. Менделеев периодтық жүйесіндегі жетінші топ элементтері хлор,бром,йод  қолданыс табуда.

Хлор (лат. Chlorum, Cl) — элементтердің периодтық жүйесінің VІІ тобындағы химиялық элемент, атомдық номері 17, атомдық массасы 35,45; галогендер тобына жатады. Молекуласы екі атомнан (Cl2) тұрады; өткір иісті сарғылт, жасыл түсті улы газ; тығыздығы 0,3214 г/см3. Балқу t – 101°С; Табиғатта екі тұрақты изотопы (35Cl мен 37Cl) бар. Жасанды радиоактивті изотоптарының ішіндегі маңыздылары [34Сl(Т1/2 32,4 мин); 36Сl (Т1/2  3,08105 жыл); 38Сl(Т1/2 37,29 мин)] химиялық және биохимиялық процестерді зерттеуде пайдаланылады. Хлорды алғаш швед химигі К. Шелле пиролюзитті тұз қышқылымен әрекеттестіріп алған (1774). Жер қыртысындағы салмақ мөлшері 4,5102%. Хлор өте активті элемент, бос күйінде жанартау лавасында ғана, ал байланысқан түрінде тау жыныстарында, теңіз, мұхит, өзен суларында, өсімдік және жануарлар организмдерінде кездеседі. Байланыстағы хлор көптеген минералдардың: галит, сильвин, сильвинит, карналлит, т.б. құрам бөлігі. Қалыпты жағдайда хлор — сарғыш жасыл, ерекше өткір иісті газ, тығыздығы 3,214 г/л, ауадан 2,5 есе ауыр, қайнау t –33,6С, балқу t –100,98С. Суда жақсы ериді. Тотығу дәрежелері +1, +3, +4, +5, +7. Хлор химиялық активті болғандықтан оның қосылыстары көптеген металдармен, бейметалдармен тікелей әрекеттестіру арқылы, ал оттек, азот, көміртек, инертті газдармен хлор қосылыстары жанама жолмен алынады. Хлор кальций гидрототығымен белгілі жағдайда әрекеттесіп, маңызды техникалық өнімдер (хлорлы әк, гипохлорит, кальций хлораты, т.б.) түзеді.
Фторидтер, хлоридтер, бромидтер, йодиттер қосылыстары
    Табиғатта фтор қосылыстары минерал виллиомит, плавик, шпаты (флюрит), криолит түрінде кездеседі.
    Медицинада қолданылатын натрий фторидін флюоритті құм және натрий карбонатымен қыздыру арқылы алады:
Кейін сумен 50-550С-та оқшааулайды. Сонымен бірге натрий фторидін плавик қышқылын бейтараптандыру арқылы аалуға болады
    Натрий хлоридін минерал галиттен, сонымен бірге жерасты сулардан, көл және теңіз суларын буландыру арқылы алады. Реттілікпен қоспалардан тазарту жүргізеді. Алғашында барий хлориді ерітіндісімен сульфаттар және фосфаттарды тұнбаға түсіреді:






Қорытынды
Осы элементтер қосылыстарының препараттары медицинада маңызы өте жоғары десек болады. Олар дезинфекциялаушы, антисептикалық құрал ретінде және де тері ауруларын емдеуде, рентгеноскопияда және т.б. мақсатта қолданылады. Қазіргі кезде бейорганикалық заттар табиғатта өте аз десек болады. Біздің мақсатымыз бар шикізаттан мейлінше көбірек препарат алу. Сонымен қатар, синтездеу жолын қарастыру. Бейорганикалық элементтерімізді үнемдеп қолданып, сақтау шарттарын сақтауымыз міндетті.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Пайдаланған әдебиеттер
1.    Арыстанова Т.А.  Общая фармацевтическая химия/ Учобное пособие Шымкент 2008ж
2.    Арзамасцев А.П. Фармацевтическая химия/ Учобное пособие. Медиа 2006ж – 640б
3.    Беликов В.Г. Фармацевтическая химия В 2-х. учобное пособие. МЕДпресс – информ 2007ж
4.    Соколов Р.С. химическая технология. ВЛАДОС 2000
5.    Кутепов А.М. Общая химическая технология/ 1990ж
ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы