Жауап.кз вопросы и ответы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

10 Ответы

0 голосов
Қазақстан Республикасының Денсаулық Сақтау және Әлеуметтік Даму Министрлігі


Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Фармацевтика Академиясы.

Биохимия, биология және микробиология кафедрасы.


Реферат

Тақырыбы: Гендік инженерия. Трансгенді өсімдіктер мен жануарларды алу.





Орындаған:
Тобы:  
Қабылдаған:

2016 ж
Жоспар:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Гендік инженерия, жұмыс кезеңдері.
Трансгенді ағзалар.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Кіріспе
Гендік инженерия -  молекулалық және клеткалық генетиканың қолданбалы саласы. Белгілі қасиеттері бар генетикалық материалдарды In vitro жағдайында алдын-ала құрастырып, оларды тірі клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі генетикалық информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгіленген жоспармен қайта құруға болады.
 

Негізгі бөлім
Гендік инженерия
Гендік инженерия -  молекулалық және клеткалық генетиканың қолданбалы саласы. Белгілі қасиеттері бар генетикалық материалдарды In vitro жағдайында алдын-ала құрастырып, оларды тірі клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі генетикалық информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгіленген жоспармен қайта құруға болады.
    Гендік инженерия ол функционалдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық  ДНҚ молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік иженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып басқа организмге көшіру. Бұған рестриктаза мен лигаза ферменттерінің ашылуы мүмкіндік туғызады. Рестриктазалар ДНҚ молекуласын белгілі жерлерден жеке үзінділерге қиып бөлшектейтін ыдыратушы фермент. Қазір ДНҚ молекуласын бір-бірінен өзгеше 120 жерінен үзетін 500-ден астам рестриктазалар анықталған. Алынған полинуклеотид бөлшектерінінің комплементарлық  немесе жабысқыш ұштарны ДНҚ лигазасы – бір-біріне желімдеп реттеп жалғасытырып қосады. Осы ферменттердің көмегімен бір ДНҚ молекуласынан қажетті ген бөлініп алынып, басқа ДНҚ молекуласын үзінділерімен құрастырылып рекомбинанттық, яғни жаңа будан ДНҚ жасалады.
 
Сөйтіп, гендік инженерияның дамуына негіз болған молекулалық биология мен молекулалық генетиканың мынадай жетістіктер:
 
1.    рестректазалармен лигазалардың ашылуы;
2.    генді химиялық және ферменттерді қолдану арқылы синтездеу әдісі ;
3.    бөтен генді клеткаға тасымалдаушы векторларды пайдалану;
4.    бөтен генге ие болған клеткаларды таңдап бөліп алу жолдарының ашылуы.
Гендік инженерияның жұмысы мынадай кезеңдерден тұрады:
1.    басқа организмге көшірілетін құрылымдық генді алу;
2.    оны вектордың құрамына енгізу, яғни рекомбинанттық ДНҚ жасау;
3.    рекомбинанттық ДНҚ-ын өсімдік клеткасына тасымалдау;
4.    өсімдік клеткаларында бөтен ДНҚ-ның экспрессиясын талдау;
5.    геномы өзгерген жеке клеткалардан регенерант өсімдігін алу.
                       Гендерді тасымалдайтын векторлар
Бөтен генді клетка ішіне тасымалдап алып баратын арнаулы ДНҚ молекуласын вектор деп атайды. Оған мынадай талаптар қойылады:
1.    өз алдына репликациялану, яғни клетка ішіне бөтен генді алып кірген соң клеткамен бірге немесе өзалдына көбейе алатын болуы керек; немесе вектор клетка хромосомасының құрамына еніп, онымен бірге ұрпақ клеткаларға беріліп отыруы керек;
2.    трансформацияланған клеткаларды анықтау үшін оның ерекше генетикалық белгілері болуы керек;
3.    құрамында рестриктазалар үзе алатын нуклеотидтер тізбегі болуы керек және репликацияға қабілетін жоғалтпауы керек;
4.    векторға орналастырылған бөтен ген оның атқаратын қызметін бұзбауы керек, ал вектор болса, ол да енгізілген геннің ішінде дұрыс реттеліп жұмыс істеуін қамтамасыз ететін болуы керек;
5.    вектордың көлемі кішігірім болуы керек.
   
Гендік инженерияның жұмыс кезеңдері
Генетикалық инженерия туындау кезінен бастап ғалымдар қоғамда кейбір зерттеулердің қауіптілігіне назар аудартты. Мұндай қорқыныштын туындаған қауіпсіздік пікір 1974 жылы айтылған болатын. Кейін бірнеше сәтті эксперименттен соң in vitro әдісі арқылы рекомбинантты молекуланың ДНҚ алынды. П.Берг бастаған әйгілі молекулярлы биологтар тобы гендік инженерия эксперименттерін жүргізуді шектеуге шақырды. Айтылған пікір екі жақты болды. Алдымен рекомбинантты ДНҚ молекулаларының зертхана сыртында немесе өнеркәсіп орнында шынымен жасушалардың  «жоғалып» кетуі ескертілсе, сонымен қатар адам және жануарлар ағзасына келтірілетін зиян бақылаусыз концентрацияда өте жоғары екендігі айтылды. Екіншіден клондалған ДНҚ фрагментіндегі құрылымы мен қызметі туралы білімнің жетіспеушілігі, оларды реципиентті жасушаға енгізгенде олар қалаған затымызды ғана емес, одан да басқа қауіпті (токсиндер, онкоген) өнімдерді синтездеу ықтимал.
    
Қазақстанда гендік-инженерия өнімдері мен препараттарын маркілеу жөніндегі келісім шартқа қол қойды.
    Генетикалық модифицирленген микроорганизмдерді қолдануға байланысты қатерді бағалау. Барлық микроорганизмдар адам үшін патогендік көзқарас тұрғысынан төрт қатерлі топқа бөлінеді:
1.    1 қауіп тобы: адам ауруын қоздырмайтындар
2.    2 қауіп тобы: олар мен кім жұмыс жасап отырғандарда ауру тудырады. Алайда микробтра жалпы алғанда азконтагиозды (мысалы, E. coli, Mycoplasma pneumoniae, адам папилома вирусы).
3.    3 қауіп тобы: адамда ауру тудырады және олармен жұмыс жасушаларға да қауіп тудырады. Қоғамда тарап кету қауіпі бар, бірақ алдын алу шаралары да бар.(Bacillus anthracis, Mycobacterium leprae, АИВ)
4.    4 қауіп тобы: олармен жұмыс жасушаларда ауру тударады, қоғамда тарап кету қауіпі бар, алдын алу шаралары жоқ. (мысалы – геморрагиялық безгек вирусы). 2-4 топтары патогендік микроорганизмдар біріктіреді. Топтың нөмірі қауіп түрін анықтайды және қорғаныс шараларын да қамтамасыз етеді. Бұл деңгей үшін GLP ( Good Laboratory Practice) ережелер міндетті. Мщдифицирленген генетикалық микроорганизмдерді ұстау деңгейін анықтау үшін « Генетикалық модификацияны халықаралық бақылау камитетінің ережелері» (1993) бар.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Ауыл шаруашылығында өсімдіктің атмосфералық азотты өзіне жинақтап алуы — үлкен мәселе. Осыған байланысты 1970 жылдары азотты фиксациялауға қабілеті жоқ пішен таяқшасына азотты жинақтай алатын, басқа бір бактерияның гені салынып, азотты жинақтау қасиетіне ие болды. Мед. саласында жаңа гендерді енгізу арқылы тұқым қуалайтын ауруларды емдеуге болады. Қазіргі кезде ауру адамдардан зат алмасудың 1000-нан аса әр түрлі тұқым қуалайтын өзгерістері табылған.
Гендік (генетикалық) инженерияны – молекулалық және клеткалық инженерия белгілі бір мақсатпен жасанды айқын қасиеттері бар генетикалық материалдарды алдын ала құрастырып, оларды басқа клеткаға енгізіп, көбейтіп, зат алмасу процесін өзгеше жүргізу. Бұл әдіспен организмдердегі тұқым қуалайтын информацияны көздеген мақсатқа сай өзгертіп, олардың геномдарын белгілеген жоспармен қайта құруға болады.
Гендік инженерия ол функциональдық активті генетикалық құрылымдарды рекомбинаттық (ата-ана екі ДНК молекулалары арасынан пайда болған будан) ДНК молекулалары түрінде қолдан құрастыру. Гендік инженерияның мәні жеке гендерді бір организмнен алып, басқа организмге көшіріп орналастыру.
Бұл рестриктаза деген фермент пен лигаза ферментінің ашылуы негізінде мүмкін болды. Рестриктаза ферменті ДНК молекуласын нақты белгіленген жерлерін кесіп алады да, осылай фрагменттерді (рестрикция сайттарын) түзеді. Ал лигаза ферменті гетерогендік ДНК-ның фрагменттерін бүтін тігеді. Құрамында шығу тегі әр түрлі ДНК-лары бар молекуланы рекомбинаттық молекула деп атайды.
Рекомбинаттық ДНК = прокариоттардың және / немесе вирустардың ДНК-ы (вектор) + эукариоттардың ДНК-ы (бөтен ДНК).
Вектордың көмегімен эукариоттардың бөтен ДНК-ы клеткаға еніп, геномға интеграциялана алады. Сонымен, прокариоттар мен вирустардың зерттелетін ДНК молекулалары нақты белгіленген жерден кесіліп, одан кейін бұл жерге эукариоттардың қажетті бөтен гені енгізіледі, осылайша рекомбинаттық (гибридтік) ДНК түзіледі.
Түзілген рекомбинаттық ДНК тірі клеткаға енгізіледі, жаңа геннің экспрессиясы (көріну күші) басталғаннан соң, клетка сол ген белгілеген белокты синтездей бастайды. Сонымен, клеткаға рекомбинаттық ДНК молекуласы түрінде жаңа генетикалық информацияны енгізіп, соңында жаңа белгісі бар организмді алуға болады. Мұндай организмді трансгендік немесе трансформацияланған организм дейді. Осылайша, гендік инженерияның дамуына негіз болған молекулалық биология мен молекулалық генетиканың мынадай жетістіктері бар:
Рестриктазалар мен лигаза ферменттерінің ашылуы;
Гендерді химиялық заттарды және ферменттерді қолдану арқылы синтездеу;
Бөтен генді клеткаға тасымалдаушы-векторларды пайдалану;
Бөтен генге ие болған клеткаларды таңдап, бөліп алу жолдарының ашылуы.
Алғашқы рет рекомбинаттық ДНК 1972 жылы АҚШ-та П.Бергтің лабораториясында жасалды.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Гендік инженерияда гендерді тасымалдау арқылы түраралық кедергілерді жойып, қажетті тұқым қуалайтын белгілерді бір организмнен екіншісіне беру іске асырылады.
Инженерия түсінігінің өзі құрастыру деген мағынаны береді. Олай болса, гендік инженерия организмнің жағымды белгілерін сақтай отырып, оған арнайы мақсатта қосымша жаңа қасиет беріп, генотипін қалаған бағытта өзгерту болып табылады. Гендік инженерияны ауыл шаруашылығында, медицинада пайдалану арққылы өсімдіктер, жануарлар мен микроорганизмдердің қажетті гендерінің қызметін басқаруға мүмкіндік туды.
Соңғы жылдары гендік инженерияның көмегімен бактериялық клеткадан вирустық ауруларды емдеуге қолданылатын интерферон және өсу гормоны - соматотропин нәруыздарын алуға қол жетті. Қант диабеті ауруын емдеуге қолданылатын инсулин гормонын алудың арзан жолы табылды. Бұрын инсулин жануарлардың ұйқы безінен өте қымбатқа түсетін жолмен алынатын еді. Қазіргі кезде гендік инженерия әдісімен ішек таяқшасы бактериясынан бөлініп алынатын болды.

Жануарлар селекциясында гендік инженерияға байланысты аустралиялық ғалымдар гендер құрамына өсу гормонының генін енгізе отырып, кәдімгі шошқаға қарағанда екі еседей жылдам өсетін шошқаның жаңа қолтұқымын шшығарды.
Ағылшын ғалымдары геномына қанның ұюын тездететін ген енгізілген қой алды. Мұндай қойдан бөліп алынған арзанға түсетін препаратты гемофилия ауруын емдеуде қолданады.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесінде ауадағы азотты тұтатын қасиеті бар бүйнек бактериялары селбесіп тіршілік ететіні белгілі. Олар топырақты азотты қосылыстармен байытады. Қазіргі кезде осы бактериялардағы азотты тұтатын генді астық тұқымдастар геномына енгізу жұмыстары жүргізілуде.
Ол лабораториялық әдіс арқылы генетикалық жүйелер мен тұқымы өзгерген организмдерді алу жолын қарастырады. Ген инженериясының пайда болуы генетиканың, биохимияның, микробиологияның және молекулалық биологияның жетістіктерімен байланысты. Бұл атаудың екі түрі қолданылады: «генетикалык инженерия» және «ген инженериясы». Соңғы кезде «генетикалық инженерия» жалпылама түрде қолданылып жүр, ген инженериясы да осының ішіне кіреді.+ Генетикалық инженерия дегеніміз клеткаларда өздігінен көбейе алатын, белгілі бір затты синтездеуге қабілетті тұқым қуалаушылық материалдарын қолдан жасайтын молекулалық биолгияның жаңа саласы. Ген инженериясының дүниеге келген уақыты 1972 жыл деп есептеледі. Сол жылы АҚШ-та П. Бергтің тобы алғаш рет пробиркада үш түрлі (маймылдың SV 40 онкогендік вирусының толық геномы, λ-бактериофагынын геномының бөлшегі және Е. соlі (ішек таяқшасы) лактозалық оперонының гені) микроорганизмнің ДНҚ-ларының фрагменттерінен жаңа гибридтік ДНҚ құрастырды. Бірақ маймылдың рак вирусының, бактериофагтың және ішек бактериясының гендік ДНҚ-ларынан құрастырылған   ол гибридтік ДНҚ-ның клетка ішінде ойдағыдай  жұмыс істей алатындығы тексерілмеді, себебі құрамында рак вирусының нуклеин қышқылы болғандықтан ғалымдар тәуекелге бармады. Клеткада жүмыс істей алатын гибридтік ДНҚ-ны 1973 жылдары алғаш С. Коэн, Д. Хелински мен Г. Бойер құрастырды. Олар басқа организмнен бөліп алған ДНҚ фрагментін (генін) бактерия плазмидасының  құрамына  еңгізді. Ол плазмидадағы  бөтен гендердің алғаш рет жаңа организм ішінде жұмыс істей алатынын көрсетті. Соның артынша-ақ дүние жүзінің көптеген лабораторияларында жүмыс істей алатын әр түрлі плазмидалар алынды. Совет елінде ондай бөтен гені бар плазмида академик А.А. Баевтың басшылығымен жасалды. Ген инженериясы деп рекомбинантты ДНҚ-лар жасап, оларды басқа тірі клеткаларға еңгізуді айтады. Ген инженериясы шешетін мәселелер: генді химиялық немесе ферментті қолдану жолымен синтездеу; әртүрлі   организмнен   алынған   ДНҚ   фрагменттерін   бір-бірімен жалғастыру (ДНҚ рекомбинанттарын алу); бөтен генді жаңа клеткаға векторлық ДНҚ аркылы жеткізу және олардың қызмет жасауын қамтамасыз ету; клеткаларға гендерді немесе генетикалық жүйелерді еңгізу және бөтен белокты синтездеу; бөтен генге ие болған клеткаларды таңдап бөліп алу жолдарын ашу.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
.  Ген инженериясында генді мынадай әдістермен алуға болады: клеткадағы ДНҚ-дан тікелей кесіп алу; химиялық жолмен синтездеу; аРНҚ-дан кері транскриптаза арқылы синтездеу. Перед сном натирайте вены обычным... Обычная студентка вычислила хитрую систему и стала ... Не знаете что делать с пигментными пятнами? Это все из-за паразитов! Скорей Псориаз? Болезнь лечится за 3 дня, если мазать кожу простым... Бірінші әдіс ген инженериясының дамуының алғашқы кезеңінде қолданыла бастады. Белгілі организмнің ДНҚ-сын тугелімен  әр түрлі рестриктазалармен үзіп, әр түрлі фрагменттер алады. Содан кейін оны клетка ішінде «аркалап» кіргізе алатын сақиналы (дөңгелек) плазмидалармен жалғайды, Ол үшін плазмиданы да рестриктазалармен  үзеді, оған әлгі ДНҚ фрагменттерін қосып жалғап, қайтадан бүтін плазмидалар алады. Бұл плазмидалардың әрқайсысының құрамында бір немесе бірнеше бөтен ДНҚ фрагменті (гені) болады, Одан кейін ол плазмидаларды қайтадан бактерияға еңгізеді. Осының нәтижесінде бактерия клеткасының әрқайсысында басқа организм генінің, бір түрі болады, Осындай әртүрлі бөтен гендері бар бактерия клеткаларының жиынтығын немесе коллекциясын «гендер банкі» кейде «гендер кітапханасы» деп атайды. Зерттеушілер ол банкіден уақытында қажет белоктың генін жаңадан тауып алады. Осындай гендер банкі қазір Ресейде, Батыс Европада және АҚШ-та жасалған. Химиялық жолмен жасанды генді 1969 жылы Г. Корана синтездеген. Бірақ оған жалғасқан промотор тізбегі мен транскрипцияны аяқтайтын кодондар болмағандықтан, ол клетка ішінде ешбір қызмет көрсете алмады. Гендрді химиялық синтздуге нуклеин қышқылдарындағы нуклеотидтердің орналасу тәртібін анықтау әдісін тапқаннан кейін  ғана  мүмкіндік  туды. Бұл  әдістерді  тапқан  Д. Джильберт пен  Ф. Сэнгер. Ғалымдар  генді  белоктың құрамындағы амин қышқылдарына  қарап  отырып  синтездеуді де үйренді, (3 нуклеотид — 1 кодон — 1 амин қышқылы деген заңдылық бойынша). Соның ішінде қолдан синтезделген ең ұзын ген, адамның самототропин (өсу) гені, ол 584 нуклеотидтен тұрады. Оны бактериядағы басқа геннің промоторына жалғастырып, плазмида арқылы бактерия клеткасына еңгізді. Соның нәтижесінде бактерияның бір клеткасы 3 млн-ға дейін адам самототропин молекуласын жасай алатын болды. Адам инсулині де химиялық жолмен синтезделіп,  осы айтылған жолмен бактерияға еңгізілді. Инсулин генін 40 аса алты мүшелік олигонуклеотидтерден тұратын түрінде бөліп алып, кейін ДНҚ-лигазаның кемегімен біріктірген. Алынған үзындығы 271 және 286 нб қос тізбекті полинуклеотидтер плазмидаға еңгізілді. Оған қоса бұдан молекулалардың экспрессиясын камтамасыз ететін, ДНҚ-ның реттеуші учаскелері де енгізілді. Клонданған (өркендетілген) гендер проинсулиннің синтезін кодтады, ал оны қарапайым химиялық өңдеу арқылы қос А және В полипептидтік тізбектен тұратын, ұзындығы 21 және 30 амин қышқылдарының қалдықтарынан тұратын, өзара дисульфидтік байланыстары бар белсенді гормонға айналдыруға болады. Жасанды әдіспен генді ферменттік синтезге сүйене отырып, кері транскрипция механизмнің көмегімен алуға да болады. Бұл механизм РНҚ-ға тәуелді ДНҚ-полимеразаның немесе кері транскриптазаның (ревертазалар) белсенділігіне байланысты. Бұл фермент ең алғаш он-когендік (залалды ісік) вирустарды зерттегенде табылған. Фермент әртүрлі РНҚ-ларда, синтетикалық полинуклеотидтерді қоса, ДНҚ-ның көшірмесін құра алатын қабілеті бар. Ревертазаның көмегімен, сәйкес иРНҚ-ның қатысуымен, іс жүзінде кез келген бөліп алуы жақсы игерілген генді алуға болады. Бұл әдісті белгілі бір тканьдарда өте қарқынды транскрипцияланатын гендерге қолдану тиімді. Осындай әдістермен адамның, сүтқоректілер мен құстардың кодтаушы глобиндері, өгіздің көз хрусталигінің (көз жанары) белогы, жұмыртқа белогы, жібек фибрионы (талшығы) және тағы басқа гендер алынды да өркендетілді. Ферментті синтездеп, пробиркада РНҚ молекуласынан ДНҚ генінің комплементарлы тізбегін жазып алуды транскрипция дейді. Синтездеу үшін қолданылатын жүйе құрамында ДНҚ-ға кіретін төрт нуклеотид, магний ионы, кері транскриптаза ферменті және генмен кодталған көшірмесін алатын иРНҚ бар. иРНҚ-дан кері транскрипта-за, оған сәйкес ДНҚ тізбегін синтездеп, сол ферменттің көмегімен ДНҚ-ның екінші тізбегі синтезделеді. Осының нәтижесінде иРНҚ-да синтезделген ген құрылымына ұқсас ген пайда болады. Осы әдіспен көптеген елдің лабораториясында бірнеше гендер тобы алынды. Гендік инженерияда жасанды гендер ситездеумен қатар рекомбинантты молекуласын құрастыру үшін табиғи гендер де пайдаланылады. Ол гендерді векторлық ДНҚ молекуласына байланыстыру бактериялық ферменттер рестриктазалар арқылы іске асырылады. Бактерия клеткасындағы қорғанштық қызмет атқаратын рестриктазалар клеткаға енген бөтен ДНҚ-ны жою мақсатыкда оны бірнеше бөліктерге кесіп тастауға қабілетті келеді. Кесілген ДНҚ фрагменттері шамалы уақыттан кейін комплементарлық принцкп бойынша лигаза ферментінің көмегімен қайта жалғанып, ДНҚ-ның сақина тәрізді пішіні қалпына келеді. Осы әдіспен түрлі клеткалардан немесе хромосома учаскелерінен алынған ДНҚ кесінділерін жалғастырып рекомбинантты ДНҚ молекуласын алуға мүмкіндік туды. Векторлар ретінде ДНҚ-дан басқа да фогтар, вирустар, пазмидтер, эписомдар қолданылады. Генетикалық инженерияның алдына қойған мақсаты алуан  түрлі, өйткені бұл әдісті  пайдалану  турлі деңгейде жүреді. Олар: организмдік деңгей клеткалық деңгей гендік  деңгей Организмдік деңгейде генетикалық  инженерияны қолданудың мысалы ретінде аллофендік жануарларды (тышқанды) алуға болады. Бірнеше аналық тышқанның жатырынан дамудың 8 бластомерлік кезеңіндегі ұрықтарды шығарып алып,  түтікше ішінде ол бластомерлерді бір-бірінен  ажыратады, Түрлі особътардан алынған осы бластомерлерді араластырып түзілген қоспа бластуланы дамуының  гаструлалық кезеңінде бір аналық тышқанның жатырына енгізіп дамуды жалғастырады. Дүниеге келген аллофенді тышқанның фенотипінде барлық ата-аналарна тән белгілер қайталанғанымен, бірқатар  өзіндік  жаңа қасиеттер де пайда болады. Ендеше, ересек жағдайда ұлпалары бір-біріне иммунологиялық жағынан сәйкес келмейтін особьтардың клеткаларынан осы жолмен қалыпты дамып  жетіліп, тіршілік етуге  қабілетті аллофендік ұрпақ алуға мүмкіндік туады. Клеткалық  деңгейде әр түрге жататын организмдердің сомалық клеткаларын будандастыру арқылы бірнеше генотиптен  құралған  бұдан клетка алынады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Мысалы «адам-тышқан» будандық клетканы алып, одан адам хромосомаларын біртідеп шығарып тастайды, Жойылған қайсы бір хромосомадан кейнгі байқалатын клеткалық  фенотиптік өзгерістерге қарай отырып адамның тіркесу топтарының гендік құрамын анықтайды. Гендік децгейде — тұқым  қуалаушылықты басқару жолы гендік инженерия деп аталады. Мұндағы мақсат қолдан жасанды гендер алып немесе даяр гендерді басқа организмдердің геномына енгізу арқылы олардың фенотиптерін қалаған бағытта  өзгерту. Гендік инженерияның негізгі әдістері осы ғасырдың 60-70 жылдары қолданыла бастады. Бұл әдіспен организмдердің  генотиптері мен  рекотиптерін өзгерту жұмыстары мынадай төрт кезеңнен тұрады: Қажетті генді донорлық клеткадан бөліп алу немесе жасанды түрде синтездеу; Реципиент-клеткасына енгізуге қабілетті векторлық ДНҚ-ға осы генді байланыстыру; Реципиент-клеткасының геномына генді енгізу. Гендердің экспериментальды    түрде    басқа    геномга    тасымалдануын трансгенез деп атайды; Геннің жұмыс істеуіне сай  транскрипция және трансляция нәтижесінде реципиент-клетканың фенотиптік өзгерістерін бақылау.Қазіргі генетикада генді организмнсн тыс синтездеудің екі әдісі бар: химиялық және ферментативтік. Гендік инженерия жетістіктерінің қолданылуы Гендік инженерия жетістіктерін қазіргі кезде өкеркәсіптік көлемде жануарлар мен адамның антибиотиктерін, витаминдерін, гормондарын синтездейтін микроорганизмдердің жаңа штамдарын шығаруға  пайдалануда. Соңдай-ақ, адамның  көптеген ауруларына себепші болатын вирустың бөліп алынған гендері бактерия клеткасына енгізіліп жан-жақты зерттелуде. Олай болса, адамзатты бірқатар тұқым  қуалайтын  аурулардан  арылтуда гендік: инженерияның болашағы зор деп есептеледі.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Трансгендік ағзалар.
Трансгендік ағзалар- бұлар тірі ағзалар, басқа ағзаның генін өзіне ендіру арқылы тіршілік ететін ағзалар болып табылады.
Трансген дегеніміз- ағзаның генетикалық материалының жасанды қолмен өзгертілуі
Трансгендік ағзаларға:
- жануарлар;
- өсімдіктер;
- микроағзалар;
- вирустар жатады.
Гендік модификацияланған ағзалар мен гендік модификация өнімдері туралы адамдар арасында проблема туындады. Ең алғаш трансгендік ағзалар туралы ХХ ғ 80 жылдарында айтылды. 1983жылы “Монсанто” компаниясының америка зерттеушілер тобы ең бірінші генетикалық модификацияланған өсімдік жасап шығарды.
 
Трансгенді немесе трансформацияланған ағзалар деп – геномында бөтен ген бар ағзаларды айтады. Трансгенді жануарлар алу трансгеноз әдісі арқылы іске асады. Трансгеноз дегеніміз – генді бір биологиялық жүйеден басқа жүйеге жаңа белгілері бар организмнің формасын алу үшін жасанды жолмен  тасымалдауды айтамыз. Трансгенді ағзалар әр түрлі  биологиялық активті биотехнологиялық  заттарды синтездеу және бағалы  белгілері бар жануарлардың жаңа  тұқымдарын алу үшін қолданылады.  Трансгеноз әдісімен бөтен генді эукариоттық жыныс клеткаға енгізіп, оның жұмысын бақылау арқылы генетикалық инженерияның көптеген мәселелерін айқындауға болады, өйткені мұнда трансгенді эмбрионның жатырдағы даму ерекшеліктерін зерттеу мүмкін болады. Тасымалданған гендер (трансгендер) генетикалық аппаратымен құрылымды ірі функциялы байланысқандықтан бұл процесс жағдайындағы генетикалық рекомбинацияға әкеледі.  Трансгеноз жұмысы көпжақты және бірнеше сатылардан тұрады:
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
1.    Екі пронуклеус стадиясындағы зиготаларды алу (синхронды овуляция уақытылы қолдан ұрықтау немесе шағылыстыру керек, осыдан кейін белгілі уақыт өткеннен соң зиготаларды хирургиялық жолмен алу);
2.    Зиготаларға бөтен ДНҚ-ны енгізбестен бұрын, оны in vitro (сыртқы) жағдайында әр түрлі әдістер мен тәсілдер арқылы сақтау;
3.    Енгізу кезінде вазелин майының астында арнайы ерітіндінің тамшысына орналасады (бұл сұйықтықтың кеуіп кетуінен сақтайды);
4.    Диаметірі 0,5-2 мкм арлығындағы ең аз дегенде 10-" мл ДНҚ енгізу;
5.    Бақылау. Себебі, трансгеннің клетка ДНҚ-мен байланысатын белгілі орны болуы керек. Трансгеннің иесінің геномымен байланысуы кездейсоқ жүретін болса, онда ол хромосоманың гетерохраматинді бөліктеріне еніп, инактивизацияланып кетеді. Бұдан бөлек хромосома бөлігімен байланысқан трансгеннің активтілігі клеткалық  ДНҚ-ң реттеуіш элементтеріне промотор, энхансер және силансерлерге-байланысты болуы да мүмкін.

Трансгендік  дара ағзаларды  алу жұмыстары үш бағытта жүргізіледі:  ауыл шаруашылығы  түліктерінің геномдарын анықтау, эндогендік  қосымша өнімдерді өндіру,  оларды малдардың тұқымдарын  жақсарту, асылдандыру,  климатқа бейімдеу  және  жерсіндіру  мақсаттарында  қолдану.
Солардың негізінде соматотропин  гені бар немесе бірқатар  ауруларға  қарсы тұра алатын (генетикалық иммундық формалар)трансгендік жануарлар желісін құруға болады. Келешекте зиготаларына бірнеше ген енгізілетін  политрансгенді  жануарлар шығарудың мүмкіндігі зор. Бірақ та жеке ағзаның эволюциялық геномын  құртып алу қаупі  жоқ  емес.  Сондықтан да бұл жағдайда  политрансгендік жануарлар геномын мұқият іріктеу және  селекциялау жұмыстары негізгі шарттардың бірі болмақ. Түрлері бойынша трансгендік жануарлар  шығару үшін гендік инженерияда іске асырылатын бірнеше бағытты  белгілеуге болады.
Ірі қара мал  — өсу гормонының трансгенозы, адам үшін  инсулин, интерферон,  қанның тұнба факторларын алу,  азотфиксация генін енгізу,  жабайы особьтарды ресинтездеу.
Шошқа  малы — адамның өсу гормонының гені, соматотропиннің  бұқа гені,  В гепатитінің  антиген гені,  релизинггормон гендері,  қоймен гибридтеу,  қаракөл шошқаларын шығару.
Қой түлігі —  қойдың өсу гормоны гені,  құрамында күкірт бар аминоқышқыл синтезінің гені,  протромбин  синтезінің гені,  қысқы ұйқы гені,  тотықұс гендерін егудің арқасында  өсетін түрлі-түсті жүн гені.
Құстар —  өсу факторына ұқсас ген, инсулин гені, иммуноглобулин гені, лейкозға, Марек ауруына,  Раус саркомасына қарсы тұрақтылық гендері,  құстардың өсу гормоны,  аденовирустың генанти мағыналы ДНК,  кішкентай үйректер,  жабайы құстардың ауруларына  қарсы тұрақтылық гені, т.б.
Үй қояндары — А гепатиті вирусының  антигені, адамның,  ірі қара малдың өсу гормондары,  адам интерфероны,  адам аденовирусының антимағыналы РНК гені.
Айтылған мәселелерді  қорытындылай келе,  мына  жайтты  айтқымыз келеді: жоғарыда аталған зерттеулерді  қалай болғанда  қатты абайлап жүргізу керек. Бір бактериядан екіншіге ауыстырылған  гендер адамның  ырқына көнбейтін  патогендік штаммдар беруі мүмкін, ал  оның  салдары тек  жануарлар үшін  ғана емес, адамдар үшін де қатерлі.  Атомды ойлап  тапқан  адамзат  қалай  зардап шегіп  отыр?! Гендік инженерия үшін де табиғат  адамзатқа  «өшігуі»
Трансгендік ағзалар Трансгендік ағзалар-генетикалық материалы жасанды жолмен өзгертілген организмдер. Ең алғаш рет 1973 жылы американдық ғалымдар ішек таяқшасының гендік- модификацияланған түрін алған. Бүгінде гендік-модификацияланған организмдер тек өсімдіктер мен жануарлар емес, сонымен қатар бактериялар болып табылады.
1978 жылы ең алғаш рет трансгенді адам инсулині алынды, гендік-модификация технологиясы фармацевтикада дәрілік препараттар өндіру үшін кеңінен қолданыла бастады.
1970-1980 ж.ж. гендік инженерияның өнімді әдістері пайда болып, олардың көмегімен геномға бөгде пайдалы гендерді енгізу арқылы ағзаның қасиетін оңтайлы жаққа қарай өзгерту мүмкіндігі туды.
Алғаш рет трансгендік ағзаны АҚШ ойлап тапқан екен. АҚШ-тың Monsanto 100 жылдан бері гендік-модификацияланған организмдерді «дүниеге» әкелді. Тарихқа көз жүгіртсек, 1960 жылы АҚШ пен Вьетнам арасындағы соғыс барысында қолданылған Agent Orange затының құрамында түрлі ісік аурулары мен адам организмінің мутациясын тудыратын диоксин бар. 1961-1971 жылдар аралығында Вьетнам жеріне 72 миллион литр Agent Orange төгілген. Осының салдарынан миллиондаған вьетнамдық мерт болып, АҚШ әскерінің сарбаздары ісік аурулары мен белгісіз мутациялардың сал¬дарынан көз жұмды.
ГМО- бұл гендік кодына бөтен гендер «жабыстырылған» ағзалар болып табылады.Мысалы: картоп генінің қатарына сарышаян геннін қосу нәтижесінде біз ешқандай жәндік жемейтін картоп түрін аламыз. Немесе, күнделікті пайдаланып жүрген томатты алсақ, оған солтүстік камбаласының генін пайдаланған.Енді ол аязға төзімді ,үсімейді.Бұл бізге не үшін қажет? Ғалымдар аштықтың алдың алудың жолы осы деп шешті ме? Айтып өткен картоп өнімі колорад қоңызынан зардап шекпейді, помидорды солтүстік аязында да өсіруге болады. Сонымен бірге, бір пішінді бірақ дәмсіз алмалар әбден шіріп біткенше керемет иіс береді. Қазір байқап қарасақ сатылатын жемістер сондай әдемі, біркелкі және ұзақ сақталатын болып келеді. Ыңғайлы! Күріш геніне астық тұқымдастарында ешқашан болмаған А витаминін өндіретін генді қосуға болады. Сонымен, ғалымдар дақылдардың өнімділігін арттыру үшін олар зиянкестерге төзімді болу үшін аз уақыттың ішінде жаңа сорттар шығаруда.
Ең кең таралған гендік модификацияланған дақылдарға — соя жүгері, бидай, қызылша, мақта, рапс, картоп жатады.
ГМО-қауіптілігі гендердің орналасуымен байланысты. Гендердің өзгеріске ұшырауынан белгісіз улы заттар түзіліп , адам мен жануарларда аллергия тудыруы мүмкін. Генді орналастыру үшін транспозон вирусын немесе плазмиданы қолданады. Олар ағза жасушасына еніп, жасуша ресурсын өзінің гендік тізбегін нөмірлерін құруға пайдаланады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
ГМА-ны жасаудың негізгі кезеңдері:
1. Оқшауланған генді алу
 2. Организмге тасымалдау үшін генді векторға енгізу
3. Модификацияланушы ағзаға гені бар вектордың тасымалдануы
4. Ағзаның жасушаларының өзгеруі
5. Модификацияланған ағзаларды іріктеу, яғни сәтсіз модификацияланғандарын жою

 
Қорытынды
        Қазіргі кезде гендерді орналастырудың кең таралған түрі бар. Біріншісі-биобаллистикалық пушка. Онда алтынның микробөліктерін немесе гендер жағылған гендермен жасушаны атады. Мұндай жағдайда қанша жаңа гендер орын ауыстырғанын білу мүмкін, білу мүмкін емес. Екіншісі-ең кең таралған және өте қауіптісі плазмид арқылы. Генді енгізу. Онда ісік түзуші бактериялар қолданылады. Неміс ғалымдары ГМ азықтан плазмидалардың тұқым қуалайтынын анықтаған. «Трансгенді азықтарды» қолдану адам үшін өте қауіпті екенін ресей ғалымдарының еңбектерінен көруге болады.
ответил от Surak_zhauap
0 голосов
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Әлмағамбетов Қ.Х. Биотехнология негіздері. Астана, 2006. 213 б.
2. Әлмағамбетов Қ.Х., Байдүйсенова Ә.Ө. “Медициналық биотехнология” (Мәтін ) - Астана: (б.и.),2009 - 232стр.
3. “Фармацевтикалық биотехнология” (Мәтін), оқу - әдістемелік кешені  5B074800 - фармацевтикалық өндірістің технологиясы мамандығына арналған. 4курс. Құрастырғандар: Жумина А.Г..электрон, 965 Кб, Қарағанды: ҚарМУ басп,2014 – 46  б.
4. Сартаев А., Гильманов М. С22 Жалпы биология: Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2006. ISBN 9965-33-634-2
5.  Биология. А. Оспанова, Т. Ахметжанова, Қ. Кульбаева, Э. Оспанкулова, Дәуір баспасы, Алматы, 2010.

ответил от Surak_zhauap

Похожие вопросы

0 голосов
3 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ