Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ауылым алтын бесігім. Оған құрлықтағы ешбір жер атаулысы тең келмейді. Атам мен әжем тұратын көшенің ең соңындағы көк шатырлы үйге жазғы демалысымыз басталғаннан ақ жетіп баруға асығып тұрамыз. Ауылға аяғымыз тигеннен бастап, бұрынғы достарымыздың үйін жағалап асыр сап ойнауға кететінбіз.  Қанша бұзақылық жасасақ та, атам мен әжем бар еркелігімізді көтеріп айналып толғанып отырады. Ертесіне таңғы 6 лар шамасында өз тіршілігін бастаған ауыл тұрғындары ауладан бір-біріне сәлем жолдап жатады. Атамызға көмек қолын созу үшін біріміз өріске малды айдап келсек, біріміз әжемізге дастарxан жасауға көмектесіп жатамыз. Немерелеріне арнап жинаған бар тәттісін алдымызға үйіп төгеді. Айраны бар, құрты, сары майы, ірімшігі, сүзбесі бәрі бәрі біз үшін сақталатын. Ауылдың бір ерекшелігі де осында болса керек. Күні бойы ойыннан көз ашпай кешкісін бетімізді жууға да әліміз келмей құлай түсетінбіз. Күн сайын бір тіршілік қайталанса да, қала өмірінен гөрі ауыл тынысы әлдеқайда ерекше көрінеді. Жаздың үш айы қалай зулап өткенін аңғармай да қалушы едік. Сабақ басталуға таяу қалғанда ауылды, ондағы құшағы кең ата- әжемізді, және достарымызды қимай қимай кетуші едік.
Әжемнің тамағына ешбір қымбат мейрамxаналардың тамағы жетпейді, атамның айтқан ертегілеріне ешқандай мультфилм тең келмейді. Ал менің  ауылымның қасында әлемнің Нью-Йорк, Лондон секілді алпауыт қалалары түк емес. Жасай бер, алтын бесігім!
ответил от Aknur.muratkyzy

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ