Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Еліміздің бас қаласы,  оңтүстіктегі астанамыз, ірі мегополистердің біріне айналған, мәдениет пен өнердің отаны, арман қала Алматы- менің сүйікті қалам. Шаһарымызға биыл 1000 жыл толып отыр. Көркіне көз тоймаймын әсем қаланың тарихы тереңде. Кейбір деректерге сүйенсек осы жерде керуен жолы Жібек жолында Алматы сауда мекені орналасқан. Кейін 12 ғасырда Шыңғысхан тас талқан етіп кетеді. 1854 жылы ескі қала қалдықтарынан Верный қаласы пайда болады.  Кеңес одағы кезінде қала атауы Алма-ата деп өзгертіледі. 1929 - 1997 жылдар аралығында еліміздің астанасы статусын иемденген. Тәуелсіздік алғаннан кейін, Ата заңымызды бекітер кезде қала атауы Алма- атадан Алматы деп өзгертіліпті.
Алматы — елдің ғылыми, мәдени, тарихи, өндірістік және қаржы орталығы. 1997 жылы қаланы одан әрі іскерлік әрі қаржы орталығы ретінде дамыту туралы шешім қабылданды. 2006 жылы АӨҚО дамыту жөніндегі заңға қол қойылды.

Басты қала құндылықтарының бірі — Көктөбе. Оңтүстігі қаламен шектесетін жоталы мекен. Ол 1070 метр биікте орналасқан. Көктөбенің басына шығу арқылы қаланың алақандағыдай көрінісін тамашалауға болады. Дәл осы жерде қаланың керемет түнгі көрінісінің куәсі бола аласыздар.

28 панфиловшылар паркі. Паркте атақты мемориал, естелік аллеясы мен мәңгі алау от бар. Зенков кафедралдық шіркеуі де осы паркте орналасқан.

Қасиетті-Вознесенский православтық шіркеуін жергілікті сәулетші А.Зенков бірде-бір шегесіз 1940 жылы құрастырған. Ол әлемдегі ағаштан жасалған ерекше тоғыздықтың бірі болып саналады. Шіркеу 1911 жылы болған Рихтер шкаласы бойынша 10 баллдық жер сілкінісіне төтеп берген.

Тәуелсіздік монументі. Республика алаңына көрік берген қайталанбас құрылыс. Аталған монументтің авторы — Шота Уәлиханов. Монументтің ұшында барысқа мінген алтын адам бейнесі бейнеленген. Ал монументтің айналасында қазақ даласының ежелгі тарихы толықтай қамтылған.

А.Қастеев атындағы өнер музейі мен мемлекеттік орталық музей — республикамыздағы басты құндылықтардың бірі. Сонымен қатар қазақ халқының ұлттық инструменттерін топтастырған Ықылас атындағы ұлттық музей де ерекшелігімен көз тартады.

Медеу. Әлемге әйгілі Медеу мұз айдыны 1972 жылы құрылған. Ол қаладан 15 км. қашықтықта орналасқан.
Еліміздегі нөмірі бірінші , әлемде алдыңғы 300дің ішінде тұрған Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Алматы қаласында орналасқан. Сондай-ақ қаламыздағы  ұлттық және мемлекеттік университеттер мен колледждер, орта білім беретін мектептер санына шек жоқ.  Мұнда  Қазақстанның әр қаласынан арман қуып, білім алуға келетін студенттер өте көп. Мәдениет пен өнердің ошағы болғандықтан қаламызда бірнеше театр халықтың көңілінен шығу үшін қойылымдар қояды. Оған тек қана үлкен адамдар ғана емес, көптеген оқушылар мен студент жастар ағылып жатады.  
Басын мәңгі қар басқан ақ басты Алатаудың баурайында орналасқан Алматы - менің сүйікті қалам. Мен өз болашағымды осы қаламен байланыстырғым келеді. Жақсы білім алып, білікті маман боламын. Сүйікті қаламның дамуына өз үлесімді қосамын
ответил от Aknur.muratkyzy
0 голосов
dssssadada

ответил от aibar1111

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Школы
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов