Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Aknur.muratkyzy в категории ВУЗы, Колледжи

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Студенттік өмір - өмірдің ең керемет , ең шуақты сәті. Қызығы мол студенттік өмірді әркім әрқалай түсінеді, әрқалай бағалайды. Біреулер жанталас күндердің  көрінісі деп бағаласа, енді бірі қайталанбас ғажап сәтке балайды. Меніңше, студенттік өмір - қызығы мен шыжығы, базары мен ажары, қуанышы мен қиындығы қатар жүретін өмірдің аса бағалы сәттері. Әрине аудиториядан алшақтап,қыық қуған студенттен болашақта білікті маман шығуы екіталай. Дегенмен арман жетегінде келген албырт шақтағы қайталанбас сәтті ұтымды пайдалануға тиіспіз.
Міне мен де студент атандым. Нақтырақ айтсам, ҚазҰУдың журналистика факультеті,журналистика мамандығы бойынша оқуға түстім. Мені мұнда әдебиетке деген шексіз махаббатым мен  бала күндегі арманым жетелеп әкелді. Журналист мамандығын игеруде талай қиындықтарға толы мың белесті бағындыруым керек екенін түсіндім. Себебі журналист болу - елдің сөзін айту арқылы қоғам назарын өз пікіріңе аударт секілді қасиетті парызды арқалаған қастерлі мамандық. Алдағы 4 жылдағы біздің мақсатымыз - сол қастерлі мамандықтың қыр-сырын жетік меңгеруде жатыр.
Әркімді арман жетегіне жетелеп келген студенттік өмір кімге болса да қымбат екені белгілі. Осы күндерді бағалауымыз керек. Қайталанбас ғажап сәтті басынан өткеріп жатқан құрбы-достарыма ұмытылмас әсерге толы шуақты күндер тілеймін.
ответил от Aknur.muratkyzy

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов