Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Aieke в категории Здоровый образ жизни

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Адамдар  темекі шегуді сән үшін, қатардан қалмау үшін үйренеді. Ал осы "сән" құру созылмалы бронхитке, стенокардияға, миокард инфарктісіне, гипертонияға, аяқ гангренасына, тыныс алу органының рагына, асқазан жарасына, тіпті белсіздікке тағы басқа бірқатар бақытсыздыққа ұшыратады. Қазіргі кезде бұл қырсыққа қарсы жалпы мемлекеттік ауқымда аяусыз да шұғыл күрес жүргізу керек, өйткені темекі шегу жылдан-жылға өсіп келеді. Темекінің адам ағзасына тигізетін зияны өте көп. Темекі мен темекі түрінің құрамдас бөлігінде никотин, күкіртті сутек, көміртек тотығы, көмір қышқылы басқа да қышқылдар бар.
Никотин-тыныс алу орталығын қоздырады, артерия қан қысымын көтереді, жүректің жиырылуын жиілетеді. Оның әсерінен қанның құрамындағы адреналин мен парадреналиннің шоғырлануы артады. Олар жүрек бұлшық етінің оттегіне деген қажеттілігін шұғыл өсіреді. Соның нәтижесінде бұл мүше зорыға бастайды. Әлсіреген жүрек өзіне түскен артық күшке шыдай алмай жеңіледі. Гипертония, стенокардия, миокард инфаркті пайда болады, жүректің соғысы барынша бұзылады.
Темекінің әсерінен артерия қан тамырлары тарылады, олардың қабырғалары қатаяды, олардан қан жай ағатын болады, қанның органдарға жетуі азаяды. Никотиннің шоғырлануы белгілі деңгейге жеткен кезде қан түйіршіктері әлсізденіп, бір-біріне жабысып, ұйи бастайды. Олар қанның жөңкіліп ағуына кедергі жасап, қан тамырының саңылауын бітеуге дейін барады.
Уақыт өте келе қан тамырларының қабырғалары тозады. Оларда қатпарлы табақша пайда болып, жүрекпен қатар мидың, бүйректің, аяқтың қан айналысы күрт нашарлайды. Мұның бәрі ми қан айналысының бұзылуы мен ақсақтыққа апарып соғады. Кейде гангренаға ұшыраған аяқты (аяқтың семуіне) кесіп тастауға мәжбүр болады. Бір буда темекі тартқан адамның ағзасына 300 мл иіс газы енеді. Темекідегі никотиннің, иіс газының және басқа компоненттерінің тұтасуы атеросклероз бен жүрек ишемиялық ауруының ерте пайда болуына әсер ертеді.
Темекі түтіні балаларға ерекше зиянды. Егер екіқабат әйел темекі тартса, жарымжан бала туу қаупі күшейеді.
Егер жүрек-тамыр жүйесінің ауруына ұшырағандар темекі тартуын қоймаса, онда олардың жағдайы бірте-бірте төмендей береді. Сондықтан бұл зиянды әдеттен бас тарту - шипалы емнің міндетті шарттарының бірі. Өзіңіздің жігер-қайратыңыз бен табандылығыңызды жұмылдырып, темекі шегуді тастаңыз!
Егер сізге темекіні тастау қиын болмаса, темекі тартпайтын адам болғыңыз келер ме еді? Онда сіз үшін нақты-нақты кеңестер! Ойыңызды бір сәт бізге бөліңіз!
Темекі тастайтын бір арнайы күнді белгілеп алыңыз. Ол сіз үшін ерекше күн болғаны жөн.
Осы күн ішінде көптеген әр түрлі жұмыстармен, істермен шұғылданыңыз, ол сізге шылым шегуге уақыт таппауыңызға септігін тигізеді.
Егер шылым шеккіңіз келсе, өзіңізге алдын-ала сәбіз, алма, асқабақ немесе күнбағыс дәндерін дайындаңыз, олар қолыңыздың астында болуы керек.
Бірінші үш күнде күнделікті минерал су мен шырындарды екі есе артық ішіңіз, сондай-ақ кофе, шай және алкогольден бас тартыңыз.
Темекі шегуді тастайтын күні барлық шылымдарды лақтыру және темекіге байланысты заттарды: оттықты, күлсалғышты және т.б. заттарды жасыру керек.
Өзіңізге артық салмақ жинап алмас үшін көкөністерді, жемістерді көбірек пайдаланыңыз, тәттіге әуес болмаңыз.
Шылым тартпаған бірінші күннің аяғына қарай, темекі шекпеуге ынталандыру үшін, өзіңізге кішігірім сыйлық істеген жөн.
Шылым шегетін адамдардан және сондай орындардан бойыңызды аулақ салыңыз.
Шылымды бір тартудан бас тартыңыз. Тіпті үш айдан кейін де ол зиянын тигізеді.
Егер сіз дағдарыстық ахуалға тап болсаңыз да, темекі шегу мәселені шешпейді.
Темекі тастау туралы тілегіңіз жайында өзіңізбен таласпаңыз. Бұрынғы өмір салтына оралу сіз үшін қаншалықты жиіркенішіті екенін ойлаңыз.
Егер сіз темекіні қайтадан шеге бастасаңыз, есіңізде болсын: темекіні толығымен тастау үшін, мүмкін, бір емес, екі, үш, тіпті бес талпыныс қажет шығар. Ең бастысы - сіздің тілегіңіз бен табандылығыңыз болуы қажет!
Темекі тастайтын күнге қалай дайындаламыз?
Шылымды неғұрлым аз шегуге дағдыланыңыз. Күніне шегілетін санын есептеңіз, өткен күнге қарағанда, келесі күні аз шегуге тырысыңыз.
Шылым түтінімен терең тыныстауды сиретіңіз, тыныс алу тереңдігін азайтыңыз.
Таңертең аш қарынға темекі шекпеңіз.
Шылым түтінімен терең тыныстаулар арасында, шылымды аузыңызда қалдырмаңыз.
Шылымның үштен бір бөлігіне дейін тартпаңыз, екі-үш тартқаннан кейін лақтырып жіберген дұрыс.
Жүріп келе жатқанда, әсіресе сатымен немесе тауға көтерілгенде, шылым шекпеңіз.
Қарқынды дене шынықтырудан кейін, немесе ауыр жұмыс үстінде ұзақ шылым шекпеңіз.
Шылым шегуде кейде үзілістер жасаңыз ("дүйсенбіге дейін шылым шекпеймін", "айдың аяғына дейін шылым шекпеймін", "Жылдың аяғына дейін шылым шекпеймін")
Шылым шеккіңіз келмесе шекпеңіз.
Сізбен отырғандардың бәрі шылым шегеді екен деп, оны қолдау үшін ғана сіз де шылым шекпеңіз.
Темекі шекпейтіндер арасында шылым шекпеңіз - олардың таза ауамен тыныс алу құқығын құрметтеңіз. Сіздің жеке басыңыздың бұл ерлігі темекі шегетін жасөспірімге міндетті түрде игі ықпалын тигізеді.
ответил от Aieke

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ