Қыста жағатын косметиканы сатып алмас бұрын , оның қай ел өндіргеніне көңіл бөліңіз. Неге дейсіз ғо? Косметиканы әр ел өзінің климатына сәйкестендіре өндіреді.
Макияжға боранды күндері көзге жағылмайтын,яғни суға кетпейтін сүрме қолданыңыз. Ондай сүрмені арнайы сұйықтықпен сүртіп кетіретінін білетін боларсыз.
Қыста бетке құрамында крем, корректор және опасы бар "үште бір" майлы опасын жағыңыз. Қыста тері ерекше күтімді қажет ететіндіктен көбіне майлы кремдер жағынып,үй жағдайында жасалған скраб, маскаларды жиі қолданыңыз.