Көгерген заттары бар мақта мата және зығыр бұйымдарын сода қосылған ыстық сумен сабындап жуып кетіреді. Сонымен қатар мүсәтір спиртін суға қосып (5 бөлік суға1 бөлік спирт) дақтарды ысқылайды. Мұндай ідіспен дақтарды кетіре алмасаңыз, ақ маталарға сутегі асқын тотығы мен мүсәтір спиртінің қоспасын (1 стакан жылы суға 1 шәй қасықтан ) қолданыңыз. Сондай ақ пияз шырынын пайдалануға болады. Онымен дақты бірнеше рет ысқылап, содан соң бұйымды ыстық сумен жуады. Боялған жүн және жібек маталарға тиген дақты скипидарға батырылған мақтамен ысқылайды. Егер із қалса,дақты сабынды ерітіндімен сүртіп, жылы сумен шаяды.