Асқабақ дәні іштегі құрттарды түсіреді. Әйелдер босанғанан кейін аяқ-қолының ісуіне , көкжөтелге, геморройға ем болады. Оның қолдану жолдары мен емге пайдалану әдісі мынандай:
1. Құртты түсіру үшін 100-120 г асқабақ дәнін суға қайнатып дәнмен қоса ішеді.
2. Көкжөтелді емдеу үшін асқабақ дәнін әбден кептіріп, үгітеді, Ұнтақты сумен араластырып, күніне бірнеше рет қабылдайды.
3. 1 кг асқабақ дәнін суға қайнатып, геморройды булайды. Емді бірнеше күн қайталаса ,аурудан айығады.
4. Балалардың жұтқыншағы қабынғанда асқабақ дәнін науатқа қосып қайнатып, күніне 15-20г қоспа қабылдайды.
5. Жас босанған әйелдің сүті азайса, 150г асқабақ қабығы мен шикі дәнін суға алып ашқарында ішеді. 3-5 күн ішкенен кейін сүттің мөлшері қалпына келеді.