Қымыз-ауруға ем, сауға шипа. Қымыздың денсаулыққа тигізер пайдасын айтып тауыса алмайсың. Қымыз құрамында "С" дәрумені мол, сыйыр сүтімен салыстырғанда он есе көп. Оның емдік қасиеттері, әсіресе құрт ауруын емдеу қасиеті жоғары. Қымыз адамды әлсірететін созылмалы аурулардың бойына қуат беретін ем ретінде қолданылған. Дәрігерлер қымызды безгек ауруына және жөтелгенде ішуге ұсыныс жасайды. Қымызбен емделгенде қан құрамындағы гемоглабин эритроцит көбейеді. Тамырдың соғуы жиілеп, қан айналымы жылдамдайды. Қан тамыры жұмысы мен жүрек соғысы жақсарады.