Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Қазақтың ұлттық тағамдары.
Қазақ халқы өте қонақжай халық. Ол өзінің барын келген қонаңына беріп құрметтеген. Сондықтан қазақтар адам қажеттіліктерінің ішінде атғамды жоғары қойған. «Астан үлкен емессің», «Ерді қорласаң састырар, асты қорласаң құтырар» деген секілді ескертпе сөздер, мақал-мәтелдер осының дәлелі. Қазақ халқының ұлттық тағамдары адам денсаулығына да пайдасы бар екендігі баршаға мәлім сондықтан да «Ас –адамның арқауы » деп бекер айтпаған.
Қазақ халқының ұлттық тағамдары наннан жасалатын тағамдар бауырсақ, шелпек, күлше нан. Нанды баспа, қиқымын жерге тастама деп үнемі қастерлеп, дастарханға алдымен нан тағамдарын ұсынған.
Сүттен жасалатын тағамдар сүт, айран, қымыз, шұбат, ірімшік, құрт, сүзбе қаймақ, малта.  Сонымен бірге сүт тағамдарының адам денсаулығына пайдасының зор екендігін үнемі елеп ескеріп отырған.«Ақты төкпе», «Ақ ішсең ағарасың» деген сөздердің өзінде де бір мән-мағынаның жатқандығын аңғаруға болады.
Қазақ халқының тағы бір өзге ұлттан ерекшелендіріп тұратын тағам ет тағамы. Қазы, қарта жал-жая, қуырдақ, ет тағамдарының ішіндегі әр келген қонаққа сай асылатын сыбағалар мен соғымдар ұлттық тағамымызды  әрлей түсетіні бәрімізге белгілі. Халқымыздың құрметті кісілерге ұсынатын кәделі, әрі орны бөлек тағамдарының ең бастысы-қазақша ет немесе бешбармақ. Қазақтар сыйлы қонағына мал басын көрсетіп, табақ-табақ ет тартқан. Табақ тарту да үлкен өнер. Әр табақ қонақтардың дәрежесі мен жасына,іліктік жолына (нағашы, жиен,құдағи, қыз, бала) сәйкес келуі керек. Осыған орай табақ тарту –бас табақ, сый табақ, күйеу табақ, келін табағы, жастар табағы, жай табақ деп бөлінген.Осылай келген қонағында сый құрметіне қарай табақ тартып құрметтеген.
Тағыда айта кететін ұлттық тағамдарымыздің ішіндегі «Арпа бидай ас екен, алтын -жақұт тас екен» дегендей дәнен жасалатын тағамдар тары, талқан, жарма, жент қазақ халқының дастарханының молдығын кеңдігін одан әрі көркейтіп әрлей түсетіні белгілі.
Осы ұлттық тағамдарымыздың жасалу жолдарына тоқтала кететін болсақ.
Жент- сөктің талқанының арасына мейіз қосылып жасалынатын тағам.
Ірімшік-ашыған сүттің ішіне айран құйып пісірілетін тағам.
Малта-құртты суға езіп, көжеге қатық ретінде қолданылады.
Қуырдақ-жаңа сойылған малдың бүйрек, бауыр, жүрек, өкпесін қосып пісірілетін тағам.
Нарын –піскен ет пен қамырды ұсақтап турап, әбден араластырғанан кейін, үстіне тұздық құйып берілетін тағам.
Құрт-қалтаға құйылған айранды қайнатып жасалатын тағам.
Салма-пісірілген қамырды сүтке қайнатып жасайтын тағам.
Жаппа нан-қазанға қарып пісірілген нан.
Майсөк-сөкті жылы сумен жуып, ыстық суға бөктіріп, шамалы тұз араластырып қояды. Бөктірілген сөккемай, құмшекер қосып араластырады.
Бөкпен-қуырылған ұнды сүтке бөктіріп пісірген тағам.
спросил от Galiymzhan в категории Еда, Кулинария

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Қазақ халқының ұлттық тағамдарының бірі Наурыз көже.
Наурыз көже арнайы наурыз мерекесінде жасалады. Қыстан қалған соғымның жілігін асылып сол сорпаға 7 түрлі тағам қосылады. Сонымен бірге Наурыз көженің өзіндік ерекшелігі қыстан аман-есен шықтық, аузымыз көкке жетті деп көктемгі мерекеге тағам дайындап сүттен жасалған дәнен жасалған нанан жасалған тағамдар қойылады. Тоқтық пен берекетті білдіретін осы бір мерекеде қазақ халқының ұлттық тағамдары мен бәрге ұлттық ойындар, салт-дәстүрлерде жаңғырып жатады.
ответил от Galiymzhan

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ