Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Aieke в категории Болезни, Лекарства

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Бруцеллез

Бруцеллез - малдан жұғатын аса қауіпті жұқпалы аурулар тобына жатады. Бүгінгі таңда сырқырамалы сарп қоздырғыштарының алты түрі бар. Қазақстанда бруцеллез қоздырғыштары қой-ешкі, сиыр малы арқылы таралады.
Бұл аурудың аса жұқпалы әрі ауыр түрі- қой-ешкі бруцеллезі. Ал мүйізді ірі қараның бруцеллезі адам үшін онша қауіпті емес. Бірақ ірі қара малы мен өзге түлік түрлері бір қорада бағылатын жағдайда бұлар қой-ешкі бруцеллезін жұқтыруы мүмкін және мұның да адам денсаулығы үшін өте қауіпті екенін ескерген жөн.
Бруцеллез қоздырғыштары, әсіресе шырышты қабатында көптеп кездеседі. Бұл тәрізді қоздырғыш-бруцелдер ауру мал атауларының тезегі мен зәрінен бөлініп шығады. Ол түгілі, тап осы бруцелдер сүт өнімдері: сүзбе, ірімшік, май, қымыз,, шұбат құрамында да кездеседі. Бактериялар көбіне сыртқы ортада тұрақыт болып келеді. Ал қайнаған нәрселерде олар бірден өледі және дезинфекциялық ерітінділерді жақтырмайды. Адам ағзасына түскеннен кейін, бруцелдер торлы эндотелий ұлпасы көп мөлшерде кездесетін ағзаға тарай бастайды. Сол жерде микроағзалар гранулема түзеді. Көбіне бактерия көктем мен қыс мезгілдерінде белсенді.
Көптеген уақыттар бойы бруцеллез адам ағзасында көзге көрінбейтін белгісіз белгілермен дамып отырды. Емдік шараларын жүргізу қажет болған кезде, науқас өзінің алтын уақытын жоғалтуға мәжбүр болды. Нәтижесінде, бұл дерттен құтылу бірнеше жылдарға созылды. Бруцеллез қоздырғыштары сүт өнімдерінде - 60, тоңазытылған етте-320, тұздалған етте-113 күнге дейін сақталады.
Табиғи жағдайда бағылатын ауру малдан бөлініп шығатын қоздырғыштар жайылымдылық жерге, топыраққа, суатқа, өсімдіктерге түсіп таралады, ал қорадан шығармай күтілетін малдардан бөлінетін бруцелдер еденде, жемде, т.б. ауру мал сүйеніп, сүйкенетін айнала төңіректің бәрінде қалады. Олар ауру қойдың терісі мен жүнінде 3-4, суда-5, зәрде-1,5, қи тезегінде 5 айға дейін сақталады. Міне, осы аталған объектілердің бәрі адамға бруцеллез жұғуының қайнар көзі іспетті. Бұл жерде қоздырғыштар қонған тұсқа тіке түскен күн сәулесі бруцелдерді өлтіретінін әрдайым есте ұстаған дұрыс.
Бруцеллез адамға үш түрлі жолмен: тұрмыстық қарым-қатынаста, азық-түлік заттары және ауру арқылы жұғады. Сондай-ақ, сарп ауруының таза кәсіби сипаттамасы бар екенін ұмытпалық. Расында, мал төлдету, қой қырқу науқаны кезінде малшылардың осы ауруды жұқтырып алу қаупі жоғары. Ал термикалық (жоғары температурада қыздыру, қайнату, т.б) өңдеуден өтпеген азық-түлік түрлерін пайдаланған адам да бруцеллезге шалдығуы мүмкін. Бруцеллездің ауа арқылы жұғуы қой-ешкі жүнінің тозаңды бөліктерінің, т.б. бруцелді микробтардың тыныс жолдарына енуінен болады. Сол үшін де сырқырамалы сарппен ауыратындардың басым көпшілігі-мал шаруашылығы мен мал өнімдерін өңдейтін мекеме еңбеккерлері болып келеді. Кез-келген адам жасы мен жынысына қарамастан, бруцеллезбен ауруы мүмкін. Тері, асқазан-ішек және тыныс алу жолдары арқылы ағзаға енетін қоздырғыштар алғашында ешбір белгі бере қоймайды. Аурудың жұққаны - қоздырғыштардың уыттылығына, ағзаға қандай мөлшерде енгеніне және оларға ағзаның қаншалық ты дәрежеде қарсылық көрсетуіне байланысты. Аурудың жұққаны - қоздырғыштардың уыттылығына, ағзаға қандай мөлшерде енгеніне және оларға ағзаның қаншалықты дәрежеде қарсылық көрсетуіне байланысты 3-4 аптадан кейін ғана білінеді. ҚР Ауыл шаруашылығы Министрінің 2009 жылғы 5 қарашадағы No 632 Адамға және жануарларға да қауіпті бруцеллез ауруының алдын-алу мен күресу туралы ветеринарлық санитарлық-эпидемиологиялық бұйрығын орындау мақсатында аудан бойынша орталығы және селолық округ тұрғындарының жеке шаруашылығындағы ірі қара малдары және қой-ешкілері жылма-жыл тексеруден өткізіледі. Бруцеллез ауруымен ауырған малды сау малдан оқшаулап, бес күн аралығында тиісті орынға тірілей тапсыру керек. Мал тұрған орында залалсыздандыру жұмыстарын жүргізу қажет.
Бруцеллезбен ауыратын науқаста төмендегідей шағымдар орын алады:
- Жоғары дене қызуы
-Дене буындарының сырқырауы (әсіресе, төменгі бөліктерде)
- Бірден күш жоғалтып, әлсіреу.
- Тершеңдік.
Ауру адамның барлық мүшесін зақымдауы мүмкін, бірақ көбіне тірек-қимыл аппаратын, жүректі, тыныс алу, ас қорыту, несеп-жыныстық, орталық және жүйке жүйелерін, лимфалық түйіндерді, көкбауыр және көзді зақымдайды.
Бруцеллезді төмендегідей препараттармен емдеуге болады:
- Доксициклин
- Рифампицин
- Стрептомицин
- Ципрофлоксацин
Егер сіз бруцеллезбен ауыратын болсаңыз:
-Иммунолог
-Инфекционист
-Отбасылық дәрігерге қаралуыңызға болады.
Сондықтан төрт түлікті бағатын адамдардың жеке бас гигиенасын сақтауы да аса маңызды.
Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың алдын алған әлдеқайда дұрыс. Салауатты өмір салтын ұстанып, зиянды нәрселерден әрқашан бойымызды аулақ ұстап, ауырмай, сырқамай, сыртқы ортадан, әсер етуші факторлардан ауру тудыратын түрлі кесірлі нәрселерден өз өмірімізді сақтап, деніміз сау болып, әдемі өмір сүрейік!
ответил от Aieke

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов