Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Aieke в категории Болезни, Лекарства

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Туберкулез-адамзат баласының ең көнеден келе жатқан аурулардың бірі. Бұған дәлел археологиялық қазбалар. Туберкулез туралы алғашқы түсініктерді  Вавилон тарихынан кезіктіруге болады. Дәл сол уақыттарда құрт ауруымен ауыратын ерлі зайыптыларға ажырасу ресми түрде рұқсат етілген. Құрт ауруы сөзі грек тілінен алғанда фтизис деген сөзден шыққан. Туберкулез ауруын емдейтін дәрігер - фтизиатр.Жиырмасыншы ғасырға дейін туберкулез мүлдем жазылмайтын дерт болып есептелді. Аурудың алғашқы анықтамасын Гиппократ берген болатын. Ол туберкулезді генетикалық ауруға жатқызды. Ал Авиценна бұл аурудың бір адамнан екінші адамға жұғатындығын анықтады. Он тоғызыншы ғасырда неміс ғалымы Роберт Кох ауруды тудыратын микробактерияны ашып,туберкулездің инфекциялық табиғатын дәлелдеп берді. Ауру тудыратын бұл таяқша Роберт Кохтың есімімен аталады. Ол өзінің осы жаңалығы үшін Нобель сыйлығын алды.Жиырмасыншы ғасырдың ортасында дамыған мемлекеттерде керемет емдік шаралар мен әдістердің жоқтығына қарамастан туберкулезбен ауыратын адамдардың саны сирей бастады. Бірақ сексенінші жылдары ол көрсеткіш қайтадан жоғарылап, туберкулез дерті күшейе бастады. Мамандар оны әлеуметтік факторлар - кедейлік, нашақорлық, қайыршылықпен байланыстырды.
Туберкулез-бұл адам ағзасына туберкулез қоздырғышы-туберкулез микробактериясы түсуіне байланысты туындайтын инфекциялық ауру. Туберкулез-асқынған және кең таралған ауру. Медициналық көрсеткішке сәйкес клиникалық жағдайда жүз мың адамның он екі мыңы өліммен аяқталады.
Туберкулез-көптеген мүшелерді (сүйекті, буынды, іш қабатын, бүйректі, теріні, көзді және басқа да мүшелерді) зақымдайды. Туберкулезбен ауыратын науқас жөтелгенде, түшкіргенде және қатты сөйлеген кезде қоршаған ортаға құрамындағы туберкулез микробактериясы бар сілекей тамшысын бөледі, ол ауада бірнеше уақыт сақталуы мүмкін. Бактериямен зақымданған адаммен бірге сау адамдар дем алған жағдайда, ол өкпенің ішкі терең бөліктеріне түсіп, сау адам ауруы мүмкін.
Кохтың ауру тудырғыш бактериясы адам ағзасына енгеннен кейін иммундық жүйе зақымдана бастайды. Ең бірінші қабыну процесі жүретін өкпе және лимфалық түйіндер зардап шегеді.
Өкпе туберкулезі диагностикасында анағұрлым нақты және тез әдіс-науқастың қақырығындағы туберкулез микробактериясын анықтау болып табылады. Кох бактериясы өзінің өмір сүргіштігімен ерекшеленеді. Ол төменгі температурада да, ыстықта да өлмейді. Кох бактериясы өлуі үшін, оған ұзақ мерзімде тікелей күн сәулесімен, жоғарғы температурамен және хлормен әсер ету керек.
Таңғаларлық жағдай, бірақ бала кезде әрбір адам Кох бактериясын жұқтырады, бірақ ол туберкулездің тұрақты дамуына әкеліп соқпайды. Ағзаға туберкулез бактериясы енгеннен кейін туберкулезге қарсы тұрақты иммунитет өңделіп шығады.
Туберкулез белгілері:
- Сырт келбетіңіздегі өзгерістер-салмақ тастау,терінің бозаруы.
- Қызудың 38 градусқа дейін баруы.
- Дененің терлей беруі.
- Құрғақ жөтел.
- Кеудеңіз қатты ауырады.
Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын БК+ науқас жылына орташа есеппен 10-12 адамға жұқтыруы әбден мүмкін.
Қақырықты не үшін тексеру керек?
Дәрігер ем барысында туберкулезбен ауыратын науқастың жағдайының жақсарғанын қақаырық анализіндегі туберкулез микробактериямен анықтау арқылы және басқа да әдістермен тексереді.
Науқас қақырықтың үлгілерін өз уақытында және дұрыс жинауды білуі қажет.
Өкпе туберкулезімен ауыратын науқастың қақырығын бақылау қарқынды кезеңнің соңында, бесінші айда және толық курсы біткеннен кейін тексеріледі. Әрбір бақылау кезінде қақырықтың екі үлгісі тексеріледі. Қақырықтың таңертең арнайы қақырық жинайтын бөлмеде немесе арнайы арналған жерде, тек арнайы дайындалған медбикелердің бақылауымен жиналады.
Емдік мерзімі қалай өтеді?
Туберкулез емі екі кезеңнен тұрады.
Бірінші кезең-бұл қарқынды кезең, ол стационарда екі-төрт ай бойы өткізіледі. Науқас күні бойы туберкулезге қарсы дәрігердің төрт-бес  түрін (изониозид, рифаминцин, пиразинамид, этамбутол, стрептомицин) қабылдайды. Жалғастыру кезеңінде қақырық анализін туберкулез микробактериясына тапсырғаннан кейін өткізеді.
Науқас екі-үш түрлі туберкулезге қарсы дәрілер (изониозид, рифаминцин, этамбутол) қабылдайды.
Дәрігерді дәрігер фтизиатордың тағайындауымен қабылдайтын болады.
Туберкулезді жұқтырмау үшін жақындарыңызды және қоршаған адамдарды қалай сақтандыру қажет?
Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын науқас жылына он-он екі адамды жұқтыруы мүмкін. Бұл адамдар сіздің қасыңыздағы жақындарыңыз, балаларыңыз, туыстарыңыз, достарыңыз.
Бұны болдырмау үшін төмендегі қарапайым бірнеше кеңестерді орындаңыз.
- Түшкіріп, жөтелген кезде аузыңызды бет орамалмен жабыңыз немесе басқа жаққа қарап жөтеліңіз.
- Жөтелген кезде міндетті түрде медициналық маска қолданыңыз.
- Қақырықты жерге, еденге түкірмеңіз.
-Қақырықты арнайы шыны ыдысқа жинаңыз.
- Үнемі үйдің ішін желдетіп тұрыңыз.
- Төсек орынды, жүннен, тоқымадан жасалған заттарды тікелей күн сәулесіне, далаға жайып тұрыңыз.
Туберкулез емін тоқтатуға болмайды. Міндетті түрде толық емдік мерзімнен өту қажет.
Ескерту. Егер сіз үш апта бойын түсініксіз жөтелмен қиналып жүрсеңіз, онда міндетті түрде дәрігер-фтизиаторға көрінгеніңіз дұрыс.
ответил от Aieke

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов