Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Өмір, қымбатсың маған... Ал сізге не қымбат?
спросил от Анара Ажигалиева в категории Общество, Политика, СМИ

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ақын Әкім Ысқақтың «Бұл фәниде қашанда өмір қымбат» деген өлең жолдары естеріңізде шығар. Шынымен, өмірдің бағасы қымбат екені анық. Осы өмірге біреу ерте, енді біреу кеш келеді. Ең қызығы, өмірден кету де солай: біреу ерте, біреу «кеш» деуге болмас, әрине, сәл кешірек кетеді. Яғни, өмірге келу де, өмірден кету де – заңдылық. Себебі мәңгі өмір жоқ. Ол – ақиқат. Десек те, мейлі аз болсын, мейлі көп болсын (бірақ көптік етпейтінін бәріміз де білеміз), әйтеуір жарық дүниеге келген соң лайықты өмір сүріп кету керек сияқты. Алайда сол «лайықты өмір сүру» дегенді әркім әрқалай түсінеді. Біреулер үшін өмір байлықтан құралады. Бақыттың кілтін байлықтан іздейді. Мол ақшаға кенелу үшін өмір сүреді. Енді біреулер атақ пен абыройды бірінші орынға қояды. Өмірінің тең жартысын атақ пен абырой жинаумен өткізеді. Біреулер үшін ар-намыс қашанда алғы шепте. Арым таза, намысым жоғары болса, өмірім мәнді деп санайды. Бұл адамдар үшін ар-намыс жоғалса, өмір бітіп қалғандай көрінеді. Ал біреулер өмірдің мәнін ойын-сауықтан іздейді. Көңіл көтеріп, содан рахат алады. Ойын-сауықсыз өткен күнің санаулы ғұмырдың босқа кеткен бір күні деп есептейді. Ал кейбір жандар үшін жай ғана деннің саулығы, отбасының амандығы, жақындарының жылулығы өмір сүрудің басты критерийлеріне кіреді. Отбасым, досым, жақындарым деп өмір сүреді. Айтқандай, әр адам әрқалай өмір сүреді. Өмірде қанша адам бар болса, сонша арман, мақсат бар. Әр пенденің өз ойлағаны, өзінің көздегені бар. Яғни, қалай болса да, не үшін болса да өмір сүруге талпынады. Әр күнің өзі үшін мағыналы, мәнді етіп өткізуге тырысады. Ал, өмір сүрудің мәнін жоғалтқандар не істеп жүр? Өмір сүруін жай ғана тоқтата сала ма?
    Қазір ғаламтордың етек жайған заманы. Бәрі қол астында. Атақты «google» желісі аман болсын деп тілейтіндер де аз емес шығар. Өйткені сол желі арқылы іздегенін табады. Әлеуметтік желінің де түр-түрі бар. Пайдасын айтып тізбектемей-ақ қояйын, жетіп артылады. Бірақ зияны да кем қалмайды. Оны да атап өтудің қажеті жоқ деп санаймын. Әбден мезі болған тақырып. Десе де, осы тақырып қанша қозғалып жатса да, ата-аналарға да, балаларға да күнде ескертіліп жатса да, өмірде қорғанудың амалын жасап жатқандар аз. Ешкім ешкімнен «ұялы телефонын тартып ал, ғаламторын өшіріп таста» деп жатқан жоқ. Жай ғана жаман әрекеттердің алдын алуды сұрап жатыр ғой. Жақсы болсын деп тырысып жатыр. Өзіңізге мәлім, қазіргі таңда жастарды түрлі-түрлі іс-әрекеттерге итермелейтін адамдар көп. Сол қара ниетті адамдар істерінің бәрін осы әлеуметтік желілер арқылы жасап отырады. Бәлкім, естіген боларсыз, Вконтакте желісінде «Разбуди мен в 4:20», «Синий кит», «Ня.Пока» сынды ойындар тарап жатыр. Бұл ойындардың түбі – өлім. Бірнеше баспалдақтан тұратын бұл ойында адамдар бір-бірлеріне түрлі тапсырмалар береді. Тапсырмалардың барлығы да адамның өз-өзіне зиян келтіруінен тұрады. Ең соңында өз-өзіне қол жұмсауы қажет. Бұл – шындық. Тіпті, осындай ойынның кесірінен өз-өздеріне қол жұмсағандар бар. Алғашқылардың бірі болып 16 жастағы Рина Паленкова есімді қыз өмірмен қоштасқан. Адамның өмірін ойыншыққа айналдырған қандай қатыгез жандар деп отырған шығарсыз іштей. Иә, бұл заман адам өліп жатса, ақырын ғана жанынан өтіп кететін заман болды ғой. Жарайды, заманды қоя тұрайық, мәселе адамда болып тұр. Сол адамдардың бір-біріне сонша қатыгездікпен қарап, өлімге бір-бірін жетелейтіндей не себеп болды? Өмірдің ащысын мен тұщысын көріп үлгермеген үрімдей ғана қыздың өмірін оп-оңай қия салуына не түрткі болды? Сол ойынды ойнау неге сонша ынта-ықылас тудыруда? Сіз әлі де осы сұрақтарға жауап таппадыңыз ба? Ендеше, мен айтайын. Бәрі өмірдің мәнін жоғалтудан басталып тұр ғой.          
Өмірге келмей жатып, шетінеп кетіп жатқан сәбилер қаншама... Сол сәбилер осы өмірді көргісі келмеді ме? Өсіп-өнгісі келмеді ме? Жоқ, әрине! Анасының ыстық құшағына оранғысы келді. Әкесінің алақанының жылулығын сезгісі келді. Амал нешік, бұйырмады. Олар байлыққа да, бақытқа да, атақ пен абыройға да ұмтылмайды. Ар-намысты да білмейді. Жай ғана өмірді көргісі келеді, өмір сүргісі келеді. Осыны біле тұра,  «өмірдің мәнін жоғалттым, мен үшін бәрі бітті» деп қалай ғана айтуға болады? Менің айтуға аузым бармайды. Өйткені менде бұл өмірде ең қымбат, ең асыл дүние бар, ол – өмір. Ал, өмірдің мәні – өмір сүруде. Ендеше, мен «Өмір қымбатсың маған» деп жар салып айта аламын. Өмірге келгеніме, жарық дүниені көргеніме қуанамын. Өмір сүріп жатқаныма шүкіршілік етемін. Сізге де айтарым, өмірге келгеніңізге қуаныңыз, барыныңызды бағалаңыз! Себебі, бұл фәниде қашанда өмір қымбат...
ответил от Анара Ажигалиева

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
0 ответов
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
0 ответов
0 голосов
5 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Saiynbek_pro в категории Музыка
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ