Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Aieke в категории Воспитание детей
категория изменена от Aieke

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Бала тәрбиесі
Біз баламызды қалай тәрбиелеп жатырмыз? Осы сұраққа ойланып көрдіңіз бе? Ойланып көрген болсаңыз, бала тәрбиелеудегі таңдаған жолыңыз түзу ме? Соған жауап іздеп көрейік.
   Халқымыз ежелден бала тәрбиесіне көбірек көңіл бөлген. Өйткені саналы, тәрбиелі ұрпақ өсіру - әрбір ата-ананың міндеті. Баланы тәрбиелеудегі мақсат- оның қоғамға, еліне, жеріне пайдасы тиер азамат болып өсуі. Сол арқылы бала ата-анасының мақтанышына айнала алады. Ежелден қазақ халқы мақал-мәтелдер, аңыздар, жыр-термелер әртүрлі жұмбақтар мен жаңылтпаштар арқылы баланы кішкентайынан жақсылыққа баулып, тәрбиеге үлкен жауапкершілікпен қараған.
   Қазіргі кезде бала тәрбиесінің нашарлап кеткендігін қоғамда орын алып жатқан көптеген жағымсыз оқиғалардан көре аламыз. Мәселе қайда жатыр? Баланы дүниеге әкелу бір басқа да, оны тәрбилелеп өсіріп, азамат етіп шығару бір басқа. Ол үлкен жауапкершілікті, төзімділікті, уақытты, шынайы махаббатты талап етеді. Ата-аналардың жұмысбасты болу салдарынан балалары, кейін өздері зардап шегеді. Неге? Себебі, жұмысқа кеткен ата-ананың балаға қарайтын уақыты болмайды. Ондайда ата-ана не істейді? Әрине, бала күтушіні жалдайды. Ал бала күтуші қандай адам? Оған баламды сеніп қалай тапсыра алам? Бұл сұрақтар қазіргі ата-аналарды алаңдатпайтыны қорқынышты жағдай. Сөйтіп, бала анасының аялы алақаны мен әкесінің қамқорлығын сезінбей өсіп жатады. Ата-ана қолдауын көрмеген баланың ең бірінші жасайтын әрекеті - суицид. Бала басына қандай да бір іс түссе оған төзе алмайды, себебі, ата-анасы оған қиындықпен күресіп, мәселелерді шеше білуді үйреткен жоқ. Теледидардағы, интернеттегі мультфильмдер мен кинолардың көбі ұрып-соғу, атыс-шабыс, күш көрсетуге негізделген. Санасы әлі жетіліп үлгермеген балаға мұның өте зиян екендігі айтпаса да түсінікті. Бірақ, іс жүзінде осының барлығы болып жатыр. Теледидардан көрсетілетін қатігездік пен озбырлық бала түгілі саналы адамның өзін улайды. Жастайынан  ұрыс-керіс бағдарламаларды көріп өскен бала есейгенде қатігез болып, қылмыс жасауға дайын тұратындығы ғалымдармен зерттелген. Ертеңгі күні үлкен өкінішке ұрынбас үшін, қазірден бастап қамданғаныңыз дұрыс. Кінәні кімнен іздейді? "Құдайға не жаздым?"-деп зар еңірейтін ата-аналар мәселенің қайдан бастау алып, қалай ушыққандығын мүлде есінен шығарып тастайды. Ата-ана өзінің еккенін көріп отыр. Еккен ағашыңызды қалай мәпелеп, бақсаңыз, ол жайқалып кейін тәтті жеміс беретіні тәрізді балаңызда сізге өскенде аялап-мәпелегеніңізге байланысты өз жемісін береді. Мұндайда "мен баламның дегенінің бәрін жасадым, бетінен қақпай өсірдім"- дейтін ата-аналар бар. Жоқ, олай жасағаныңыз үлкен қателік. Егер солай еткен болсаңыз, онда сіз ерке, қырсық, өзімшіл бала өсіргеніңізге сене беріңіз. Тәрбие-баланың дегенін жасау, оған керек дегенін алып беру, қалағанын жегізіп, кигізу емес, онымен көбірек уақыт өткізу, көбірек сөйлесу, онымен ақылдасу, бірге ойнау, бірге серуендеу, пайдалы нәрсемен шұғылдандыру, іс-әрекеттерін үнемі қадағалап отыру, тамақ, ұйқы режимін бақылау, бойындағы өзгерістерді бақылап, басындағы проблемарымен бөлісіп, барынша қолдау көрсету, көмектесу, жылуыңызды бере білу. Балаңызға зор сенім білдіріңіз. Сол арқылы ол жоғары белестер мен алып шыңдарды бағындыра алады. Жақын адамының сенімі мен қолдап-қолпаштауы оның жігерленуіне таптырмас құрал. Балаңызды басқа балалармен салыстырмаңыз, оның жеккөрініштілік сезімін оятып аласыз.
Ата-аналарға бала тәрбиесінде қандай амалдар жасау қажет және қандай іс-әрекеттер жасамау керек?
•    Балаңызға деген махаббатыңызды жасырудың қажеті жоқ. Ата-ананың махаббаты қандай жағдай болмасын оған көмектесіп, алға сүйрейтінін түсінуі қажет.
•    Бірақ махаббат баланы бақыламау деген сөз емес. Шектеулер мен талаптар қойып отырған дұрыс.
•    Балаңызды жазалауға асықпаңыз. Бәрін ақылмен шешкеніңіз жөн.
•    Балаға көп нәрсені ойын арқылы түсіндіруге болады. Үлкендермен балалардың бір-бірін жақсы түсінуіне ойын жақсы септігін тигізері анық.
•    Баланың әрбір қадамын бақылауда ұстап, әрбір шаруасына араласу дұрыс емес. Балаңызға дербестік беріңіз.
•    Балаңыздың өзін емес, оның іс-әрекетін бағалаңыз. Көпшілігі осы мәселеде жиі қателікке ұшырап жатады. "Сен дұрыс жасамадың" деудің орнына "сен жаман баласың" дейді.
•    Мәселені шешіп бермей, содан шығатын жолды көрсетіп бергеніңіз әлдеқайда дұрысырақ.
•    Балаңыздың сізге айтар әңгімесін сабырлылықпен, сөзін үзбей тыңдау шарт.
•    Балаңыздың жетістігіне қуана біліңіз, ал жеңілістеріне ашуланбаңыз.
•    Баланы ұйқыдан дұрыс оята білу керек. Себебі, ол баланың күні бойғы психологиясына әсер етеді.
•    Балаңызды "Бүгін немен айналыстыңдар?" "Қандай қызықтар болды?" деген сұрақтармен қарсы алғаныңыз жөн.
•    Баланың үйде де өз міндеттері болуы қажет. Оны үй шаруашылығына үйреткеніңіз және істі соңына дейін бітіруді тапсырғаныңыз өте пайдалы. Жауапкершілікті сезінуге үлкен көмек.
  Міне, осы жолдар арқылы сіз бала тәрбиесінде жетістікке жетесіз, жемісін де жейсіз. Саналы, тәрбиелі ұрпағымыз көп болғай!
ответил от Aieke
редактировать от Aieke

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от аноним в категории Воспитание детей
0 голосов
4 ответов