Урбанист мамандар – қаланы, жекелеген кеңістікті жобалаумен айланысатын адамдар. Урбанисттер қаланы абаттандырумен, энергияның баламалы көздерін қолдануды жобалаумен айналысады. Бір сөзбен айтқанда, қала құрылысын көптеген экологиялық факторларды ескере отырып қайта жасап шығатын мамандар. Алдағы уақытта мұндай маман иелері сұранысқа ие болатын тәрізді. Қазіргі күннің өзінде Үндістанда, АҚШ-та, Норвегия мен Данияда қоршаған ортамен тығыз байланысқан қала кешені тұрғызылуда. Жак Фресконың «Шолпан» футуристік жобасында да экожүйемен жобаланған «Болашақтың қалаларын» салу жоспарлаған.