Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от аноним в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
«Үш Т атты ереженің» артықшылығы айқын:
•    Сіз тақырыптың ауытқымауын қадағалап, диалог арнасында болуыңыз қажет.
•    Сіз сұрақ қойып орнынан жауап алу тәсілін қолданғаныңызбен,тақырыпқа сай диалог құруыңыз қажет.
•    Сіз талқыланып жатқан сұрақтардың ішінен, тақырыпқа сай келмегенін тиімді түрде алып тастауыңыз қажет.
•    Атап айтқанда, қатысушылардың жеке қасиеттеріне сөз тигізбей, барлық назарды түпкі тақырыпқа аударуыңыз қажет.
•    Сіз белсенді, дәйекті ұстанымыңызды қорғап, тақырып аясында болуыңыз қажет.
•    Сіз әрқашан «Кімдікі дұрыс? Кімдікі бұрыс?» - деген пікірталасты тоқтатуыңыз қажет.
•    Сіздің қолыңызда талқылау жоспары болуы қажет.
•    Сіз жиналысты үзуге бағытталған кез-келген жағдайға тәртіппен төтеп беруіңіз қажет.
•    Сіз тиімді әрі дәйекті түрде талқылаудың жан-жақты болып кетпеуін қадағалайсыз.
•    Сізге сұрақ қойылады, бірақ бұл сауал талқылауды сізге керек бағытқа бұруға көмектеседі, ал сіздің жауап нақты әрі ауқымды болуы керек.
•    Соңында барлық сұрақтарға жауабы беріледі, бірақ сіздің көздегеніңіз диалогты дамыту, сол себепті әрбір сұрақ тиісінше бағасын алады.
Келесіге ой жүгіртіңіз:
Кез-келген жауап – сұрақтың дұрыстығын мойындау.
Риториканың негізгі қағидалары:
•    Дұрыс құрылымды сөйлем құраңыз.
Дұрыс емес: «Біз бір-бірімізге қарсыласу үшін жиналғанымыз жоқ!»
Дұрыс: «Біздің жиналу себебіміз, сапа мәселесін талқылау,өздеріңіздің ойларыңызды білдіруді сұраймын».
•    Барлық назарды басты мәселеге қоя біліңіз.
Дұрыс емес: «Бұл жолмен  жақсырақ әрі тез мақсатымызға жете алар едік».
Дұрыс: «Мұндай жолмен біз жиналыс мақсатына жетеміз».
•    Керек болған жағдайда қарсылықты білдіріңіз (Мүмкіндігінше аз қолданыңыз. Қолданған жағдайда көңілді сөйлем алдында қолдануға тырысыңыз).
Дұрыс емес: «Мәселе өнім жөнінде,сіздің жауапкершілігіңіз бен құзырлығыңыз жөнінде емес».
Дұрыс: «Мәселе сіздің жауапкершілігіңіз бен құзырлығыңыз жөнінде емес, өнім жөнінде».

•    Ойыңызды қысқа да нұсқа жеткізіңіз.
Дұрыс емес: «Демек, енді жағдай былай, тақырыпқа оралудағы бірнеше сәтсіз мүмкіндіктерден кейін, әрине, бірнеше... »
Дұрыс: «..тақырыпқа оралсақ. Келесі туралы келістік деп шештік..»
•    Сіздің интеллектуалды әлсіздігіңізді көрсететін шарт қою немесе шектеу қою құрылымын қолданбаңыз.
Дұрыс емес: «Осы күнге дейін келісіп келіп едім, сол көзқарасты өзгертетін кез келген сияқты..»
Дұрыс: «Мәселені шешетін ұсыныстарға оралайық. Алдыңғы ұсыныс..»
•    Талқылауды жүгізген кезде, сұрақ қою тәсілін емес нақты бұйырып сөйлеңіз.
Дұрыс емес: «Біздің тақырыбымызға оралсақ ?»
Дұрыс: «Герр Мюллер, өзіңіздің  мәселені шешуге деген ұсынысыңызды талдап дәлелдеп беріңізші!»
•    Орынсыз сұрақ қоймауға тырысыңыз – қате түсінік пен кейкілжің тууына себеп болады.
Дұрыс емес: «Жағдай мәз емес? Жоқ, олай емес»
Дұрыс: «Жоқ, халық алдында жақсы көзқарастамыз!»

Бірнеше таңдаулы Touch-шаблондар:
•    Иә/жоқ.
•    Бұл басқа тақырып.
•    Дәл солай.
•    Бұл сұрақ басқа жағдайда қарастырылады.
•    Бұл туралы кейінірек талқыланады.
•    Бұл тек сіздің ойыңыз.
•    Бәрін бір жерге үйіп тастадыңыз.
•    Біздің клиенттерді басқа нәрсе қызықтырады.
•    Бұл басқа аспект.
•    Дұрыс/дұрыс емес.
•    Бұл нақты ой.
•    Бұл шектеулі көзқарастағы жағдай.
•    Бұл жерде есептемей калдыңыз.
•    Қате мәліметтерге жүгінгенсіз.
•    Бұл алдамшы әсер.
Дөрекі пікір болған жағдайда:
•    Жеке сізге,
•    Сіздің мекемеге,
•    Оның репутациясына,
•    Сіздің құзырыңызға,
•    Сіздің біліміңізге,
•    Сіздің тәжірибеңізге,
қарсы сұрақ қоюға тыйым салынады. Әдетте, қарсыласыңыз барлық шешендігімен жауап қайтарады.
Қарсы сұрақ қоюдағы сәтсіз қорғануға мысал
•    Шабуыл: «Сіздің репутацияңыз нашар!»
•    Фатальді жауап: «Сіз неге олай ойлайсыз?»
•    Мүмкін жауап: «Біріншіден, барлық серіктестер сіз жоқта сізді жамандайды, екіншіден, ешкім сіздің бұл аса маңызды жобаны соңына дейін сәтті түрде жеткізе аларыңызға сенбейді, үшіншіден, сіз осыған дейін бір жобаны мойныңызға алып құлатқан болатынсыз, бірақ сіз оны мойындамайсыз!»
Егер сізді тақырыпты дамыту қызықтырса, қарсы сұрақта бағалау әдісін қолданғаныңыз жөн: « Сізде осынша қате көзқарас қалай қалыптасты?»
Мысал
«Өтініш, герр Шульк, басты хабарыңызды қайталаңызшы, кейін үзіліс жариялаңызшы. Солай істеу арқылы хабардың маңыздылығын байқатасыз, және жақсы есте сақтайсыз»
Бұрынғы ереженің өзгерістері жаңа жүйеде қолданылады
«Менің сізге кеңесім, герр Шульк: қазір сіз қайталаңыз, мысалға сіздің маңызды хабарыңызды, ал кейін үзіліс жасаңыз. Нәтижесі түсінікті әрі анық: сіз хабардың маңыздылығын байқатасыз, және біздің есімізде сақталуды жақсартасыз»
ответил от аноним

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов