Қазақ үшін бұл аса үлкен мәселе емес тәрізді. Есімінің, жоқ дегенде алдыңғы бір әріпін есте сақтап қалсаң болды, «Мәке», «Сәке», «Кәке», «Рәке», «Жәке», «Тәке», «Бәке», т.б. кете береді. «Қ» мен «К»-ге «Кәке» жарай береді))).
Дегенмен адаммен алған танысқанда оның есімін көп жағдайда ұмытып қаламыз. Мән бермейміз не есімі жайбарақаттау болса шатастырып алуға болады. Мұндайда кұрметпен қарап, ізгі ниетпен қайта сұраңыз: «Кешір, есіміңді қайталап жібересің бе?» немесе телефон нөмірін сұрай отырып есімін қайта сұрап алсаң болады. ВК, Whatsapp желісіндегі мәліметтерді де сұрастыра отырыңыз.