Қазақстанда рэп жанры аса танымалдылыққа ие емес. Тыңдармандар көп болғанымен, олардың барлығы ресейлік, америкалық рэп музыканттарды тыңдайды. Дегенмен қазақ тілді рэперлердің бар екендігін айтуымыз керек. Батыстық Жамағат продюсерлік орталығының экс-мүшелері Жақау ака Смерч, Тарланды, Астаналық Шоқанды тыңдап шығуға болады. Оларды қазіргі таңда музыка жазумен айналыспайды ғой деймін. Аш Қазақ продюсерлік лейблінің рэперлерін тыңдап шығуға болады. 2011-2013 жылдары жарып шыққан Репхана лейблінің Мс Мади, Big Kaji, Atilla-ны тыңдаса болады. Мс Мади 91 тобының рэперлерін дайындауға ат салысқан.
Шымкенттік B.Jigga мен Ra1, Baller-ді тыңдаса болады.
Сонымен бірге Ресей нарығына шығып жүрген Jah Khalib пен Скриптонитті міндетті түрде тыңдап шығу керек. Ресейлік әртістердің ішінде кейінгі уақытта рэп жанрында әлемдік деңгейде өнім жасап жүргендер қатарында Скруджи (БлэкСтар лейблі), Скриптонит (Газгольдер лейблі), MiyaGi мен Эндшпиль бар. Бұл әртістер нағыз рэп жанрымен айналысады. Ешқандай попсыз. Әрі ірі рэп революция жасаған адамдар.