Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Жарас в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Мен аяулы анамды жақсы көремін .Ана жайлы айтып тауыса алу мүмкін емес. Әрккімнің өз анасына деген махабаты шексіз. Менде анам маған сыйлаған мәнді өмірі үшін алғысымды айта отырып,өз ойымды азда болса жеткізгім келеді. Ана дегенде толқымайтын
жүрек,толғанбайтын жан жоқ. Ана –әрбір адам баласы үшін қастерлі ұғым. Бәріміздің де аналарымыз бар. Ал кейбір балалар аналарын сыйламайды,өз аналарына қарсы сөйлеп аналарының айтқанын тыңдамайды. Олай болса, өмірде аналары жоқ балалар да бар, олар өз аналарының ыстық алақанының жылуын көрмесе де, тәрбиелеп отырған аналарын аялап мәпелейді.
 «Ана » табиғаты сыйлаған асыл қасиетімен бүкіл жанұясына, айналасына мейірімін төгеді.
Жаны нәзік аналарымыз күн іспеттес. Барлық жерге нұрын төгіп, жылуын шашып, адамзатқа өмір сыйлауда.
Иә, менің де анам ең мейірімді, жанашыр, ақылды адам. Менің көңіл-күйімді қас –қабағымнан танитын алтын адам. Жақсы қылықтарыма сәбише шаттанып, ал жаман қылықтарыма , Қожа айтпақшы «ақымақтық кейде ақылға мұрша бермей дедектетіп әкеткенде, істеп алып, әмәнда соңынан барып бармағымды тістейтін уақыттарымда» ақылды сезімін, күрсініп қана көзімен ұқтыратын дана анам. Сәл мұңданған кезін көргенде екінші рет бұзықтық жасамайтындай боламын.
Еһ, бар әлем қолымда тұрса, анама бар жақсылықты үйіп –төгер едім. Бірақ та «анаңды Меккеге үш арқалап апарсаң да, қарызыңнан құтыла алмайсың»- деген бар, дегенімен тырысып бағу менің міндетім.
Түн ұйқысын төрт бөліп оянатын анамның сенімін ақтау үшін мен жақсы оқып, үлгілі тәртібіммен, спорттағы, өнердегі жетістіктеріммен көзге түсуім керек. Мен анамды сыйлайтынымды, жақсы көретінімді қалайда жақсы қылықтарммен білдіргенім жөн деп санаймын.
Мен анамның әрқашанда көңілді жүруін тілеймін! Бала үшін ананың орны бөлек.
Аяулы анам!Сізге деген жүрегімдегі ризашылық сезімімді қанша айтсам да жеткізе алмаспын. Бұл дүниеде сіз қасымда болғанда ғана бақытты екенімді білемін. Анашым, мен үшін дүниенің бар асылы, данасы– бір өзіңіз! Сізді келе жатқан мерекеңізбен құттықтаймын! Сізге, әйел бақытын тілеймін!
ответил от Жарас

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ