Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Gulimzhan в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Жемқорлықсыз болашақ

Тегінде адам баласы, адам баласынан  ақыл,  ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ.
Онан басқа нәрселерменен оздым  ғой демектің бәрі де – ақымақтық
А. Құнанбаев

Мен -  қасиетті жер, Тәуелсіз ел -  Қазақстан Республикасының азаматымын.Осынау ұлан - байтақ қасиетті қазақ жерінде өмір сүрген ежелгі ата-бабаларымыз ғасырлар бойы елін, жерін сыртқы жаулардан қорғап келді.

   «Жау жоқ деме, жар астында»,бөрі жоқ деме, бөрік астында» немесе «Іштен шыққан жау жаман» деп тұспалдап, көрегендік танытқан атам қазақ, ұрпақ тәрбиесін басты назарда ұстаған. Олар Отанын шын сүйген, намысшыл,  рухани дүниесі бай, адал, текті ұрпақ қана жан -  жақты дамыған өзге елмен терезе теңестіре алатын « Мәңгілік Ел» жасайтынына күмәнсіз сенді.

    « Мәңгілік Ел» болудың басы ежелгі ата-бабаларымыздың салып берген сара жолынан бастау алатыны анық. Ал осы идеяны іске асырудың бірден - бір жолы сыбайлас жемқорлықпен күрес екені даусыз.

  Қазақ жерінде 1748-1814 жылдары өмір сүрген от ауызды орақ тілді Шал ақын  өз заманында осы жемқорлық қасиеттерді аямай сынап,

                              Ақылы жоқ надандар
                              Іс бітірмес жамандар, - деп толғай келе,
 адам адал еңбегімен, маңдай терімен табылмаған  байлыққа қызықпау керек, ондай байлық – уақытша, баянсыз, ал, жемқорлық – кесел, пара ол дүниеде – күнә, бұл дүниеде -  қылмыс екенін ескертіп, бұндай жаман әдеттер елдің экономикалық, әлеуметтік дамуына зиянды әсер ететінін атап көрсеткен екен.

  Ұлт көшбасшысы Қазақстанның қазіргі бағыты  мен ұстанған жолы және Мәңгілік Ел болудың басты міндеттерін айқындай келе,  2014 жылы 26 желтоқсанда  Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын бекітті.

   Стратегия мемлекеттің алдағы жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың негізгі бағыттарын көрсетеді және сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер мен жағдайларды жоюға оның деңгейін қысқартуға ықпал ететін кешенді шараларды қамтиды. Азаматтардың құқықтық сауаты мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениеті деңгейін көтеруді басты мәселе етіп қояды. Осы арада айтайын дегенім, өзін сыйлайтын, өзіне құрметпен қарайтын, намысшыл, мәдениеті жоғары оқыған әрбір азамат Шал ақын айтқандай жиіркенішті «қылмысқа» бармайтыны сөзсіз. Осындай азаматтарды тәрбиелеу  ең бірінші отбасынан басталуы тиіс «Отан – отбасынан басталады». Отбасында ата – анасын сыйлап, үлкенге құрмет, кішіге үлгі болып өскен ұрпақтың өз Отанына деген патриоттық сезімі де зор болатыны даусыз  Біздің  еліміз өз тарихында күрделі кезеңдерді бастан өткерді.

  Бүгінгі таңда  еліміздің таңдап алған жолының сенімді, берік, дұрыс жол екендігі айқын.

 1999 жылы «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қабылданды. Бұл заң азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізу теңдігіне арналған конституциялық құқықтарын жүзеге асыруда шешуші рөль атқарады.

  Себебі, қазіргі заман білімділердің заманы.Білімді ұрпақ -  шебер маман, ол «Мәңгілік Ел» идеясын жүзеге асырушы.Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлармен, қанағатсыз парақорлармен күресу -  әрбір азаматтың қасиетті борышы болуы тиіс.

  Өскелең жас ұрпақ «әркімге біліміне қарай, әркімге мүмкіншілігіне қарай» еңбек етіп, қызмет жасайтынын түсінгені абзал.

   Сыбайлас -  жемқорлықсыз болашақ -  «Мәңгілік Ел» діңгегі
ответил от Gulimzhan

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ