Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Gulimzhan в категории Общество, Политика, СМИ

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Тәуелсіздік тағлымдары
«Мәңгілік ел құндылықтары»

Атыңнан айналайын «Қазақ» деген,
Қазағым, қайсарлығың ғажап дер ем!
Амангелді Иманов.

1991 жыл – еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл да өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген ірі экономикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген елдерден әлдеқайда алда.  Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы – негізгі стратегиялық бағыттар. Тәуелсіздік барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірліктің, ынтымақтастық пен татулықтың күні. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі – ең алдымен халқымыздың бақыты.  

Алашқы жылдарда басым мақсаттардығ қатарында егемендікті нығайту, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, экономикадағы қиыншылықтарға жауап беру болған еді. Сондықтан бүгінгі күні халқымыз өткеннен қалған тарихи өнегені, отансүйгіштікті, ұлтына деген махаббатты жоғалтпай, әрі қарай жастардың патриоттық сезіміне енгізуге ерекше көңіл бөлуі керек деп ойлаймын.

Өткен, 2016 жыл Қазақстан тарихында еліміздің Тәуелсіздігіміздің көгілдір туының көкте желбірегеніне ширек ғасыр толуымен жадымызда және жүрегімізде жатталып қалды. Мұны төрткүл дүние түгел мойындап отырғанын бәрімізде құрандай қастерлеп, мақтан тұтуымыз қажет. Қоғамдағы елеулі өзгерістер үшін оған ондаған, тіпті жүздеген жылдар қажет екендігі  дәлелдеуді қажет етпейтін шындық. Тұтас бір ел, жеке қоғам үшін 25 жыл дегеніңіз оның даму тарихында аққан жұлдыздай қас-қағым сәт.

Қазақстан – Тәуелсіз ел. Сол Тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, ХХ ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңімен есте қалды. Мың тоғыз жүз он алтыншы жылдағы көтеріліс, жиырмасыншы жылдардағы аштық, отызыншы жылдардағы тоталитарлық жүйе, Ұлы Отан соғысы, мың тоғыз жүз сексен алтыншы жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы. Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды. Қанша қиыншылық келсе де біз оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі, бұл – тарих.

«Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын. Сонау ел басына түскен нәубет жылдары тарыдай шашырап кенткендердің елге оралған сәттегі туған жердіғ ата-бабаларының кіндік қаны тамған топырақты құшырлана сүйген сәттегі бейнелерін көргенде қалайша толқымассың?! Міне, ежелден еркіндікті аңсаған азат халқымыз Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерей тойын тойлады.

Арыдан тарқатып айтар болсақ, осынау тарихи кезең Қазақстан атты қабырғалы елге ешкімге жалтақтамай тәуелсіз мемлекет құрудың іргетасын мықтап қалауға жол ашты. Осы уақыт аралығында қазақ қоғамында талай күрделі реформалар жүргізіп, оның кешегі кеңестік бетпердесін өзгертіп, қазіргі заман талабына сай қайта жасауға шұғыл кірістік.

Жиырма бес жылда атқарылған ұланғайыр ілкімді істрдің алғашқы жылдарында бұрынғы шырмауықтай шырмалған экономикалық байланыстардың үзілуіне байланысты туған батпандай қиындықтарды да бастан кешуімізге тура келді. Ең бастысы экономика саласындағы адам айтса нанғысыз күйзелістер еді. Әсірелеп айтсақ, бәрін де нөлден бастауымызға тура келді.  Себебі, Кеңестер одағы күйреп, ыдырағаннан кейін 70 жылдан аса барлық республикалар шаруашылығын бір-бірімен тығыз байланыстырған біріңғай, ортақ экономикалық кеңістік жұмысын біржолата тоқтатты. Осының салдарынан 1992-1993 жылдары Қазақстан халық шаруашылығының көптеген салаларында кәсіпорындардың жартысына жуығы, ал жеңіл өнеркәсіп пен кейбір өңдеуші салаларда олардың 60-тан 80 пайызға дейіні жартылай жұмыс істеп немесе толық тоқтап тұрды. Бұл егемен еліміздің еңсесін тіктеудегі кездескен алғашқы ауыртпалық болатын.

Екінші қиыншылық, бұрынғы орталықтан басталған жоспарлы экономиканы артқа тастап, тарықтық экономикаға бірте-бірте көшуімізден басталды. Кеңес Одағының егемендік алған өзге ресубликаларымен бірге бізде демократия, нарық жолымен жүруді таңдадық. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Алдымен – экономика, сонан соң – саясат» деген темірқазықтай тегеурінді бағыт ұстанғаны да осы тұс.
Тақтайдай тегіс емес, бұралас-бұралаңқы көп жылдарда Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы да сарабдал саясатының арқасында «Мәңгіліе ел» болуды мақсат тұтқан халықпыз. Тәуелсіздігіміздің алғашқы 25 жылдығында қол жеткізген жетістіктеріміз бен қиындықтарға қақая қарсы тұрып жеткен жеңістеріміз де жетерлік. Оны ауыз толтырып айтуымызға болады. Келешек ұрпақ жадында ұстауы үшін айту да керек.

«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – мәңгілік ел идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы –Мәңгілік ел», – деді

Президент.

Мәңгілік ел — мақсаты түрік елінің билігі деп осыдан 13 ғасыр бұрын мәңгілік идеясын ұсынған. Елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін геосаяси және ішкі, сыртқы қорғаныс шеңберін жасап, мәңгілік ел саясатын Көк Түріктер іске асырды. Сол идея, сол мұрат бүгінгі қазақ елінің бас ұранына айналуда. «Күл тегін» жазуының қазіргі қазақ тілінің нормасына келтірілген Ғұбайдолла Айдаровтың нұсқасында: «Көктегі түркі тәңірісі, түркінің қасиетті жер-суы былай депті: Түркі халқы жоқ болмасын дейін, халық болсын дейін...» — деген жолдар бар (2,63 б). Бұл жерде елдің тарих сахнасынан кетпей, сақталуын тілейді. Мәңгілік ел дегеніміз — мемлекеттің ғасырлар тоғысында, ірі державалар арасында бәсекеге төтеп беріп, өзіндік қорғаныс саясатын ұстану деп түсінуге болады.
ответил от Gulimzhan
0 голосов
Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік  Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын  идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Мәңгілік Ел  ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз!
Тәуелсіздік туын тіктеген алғашқы жылдардан бастап қоғамның барлық маңызды салаларында күрделі реформалар жүргізуімізге тура келгенін ашып айтуға тиіспіз. Нәтижесінде, алғашқы онжылдықта қазіргі заман үлгісімен мемлекеттік басқару жүйесі, ішкі-сыртқы саясат, әлеуметтік қорғау, нарықтық экономика жүйелері жасалынып, іске қосылды. Мазмұнымен маңызы, салауаты мен сапасы жағынан олар қазақ қоғамының өткен замандарда қалыптасқан бетпердесін түбегейлі өзгертті, жаңартты. Әлемдік қауымдастықта демократиямен нарық экономикасына көшкен ел ретінде тиісті орнымызды  таптық.

Тәуелсіздік жылдарында біздің жүздеген ұлттар мен ұлыстар уыздай ұйып отырған мемлекетімізде балабақшадан бастап, бастауыш, орта  мектеп, кәсіби мектеп, жоғарғы оқу орындарында білім сапасын арттыруды көздеген күрделі реформалар жүргізілді. Олар күні бүгінге дейін өзінің өміршеңдік жалғасын тауып келеді. Халықаралық БҰҰ ДБ-ның әр жылға жасаған салауатты өмірдің индексі бойынша әлем елдері арасында 55-ші орында. Осы жылы оқу жасындағы балалардың мектепке барғаны орта есеппен 80 пайыз болса, Қазақстанда ол – 97,7 пайызды құрады. Жоғары білім алуға жастардың әлемде 40,3 пайызы қамтылса, Қазақстанда бұл көрсеткіш 44,5 пайызды құрайды. Қазақстан адами даму индексі бойынша өзімен бір заманда реформа жүргізген Малайзия, Түркия, Қытай елдерінің алдында, ал есепке ілінген 188 әлем елдерінің ішінде аталмыш көрсеткіш бойынша 56-шы орында, яғни жоғарғы нәтижеге қол жеткізген елдер қатарында.

«Елу жылда ел жаңа» – демекші, біз әлемдегі ең дамыған, халқының тұрмысы жақсы елдердің қатарына қосылуды мақсат тұтқан елміз. Оған Елбасымыз алға қойған «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасын мерзімінен бұрын іс жүзіне асырып, әлемде дамыған 50 елдің қатарына ойып тұрып орын алғанымызды айтсақ та жеткілікті. Ендігі мақсат – 2050 жылға қарай озық  30 елдің қатарынан көріну. Бұл асқақ арманның да іске асар кезеңі алыс емес сияқты көрінеді бізге. Лайым сол күндерге аман-есен жетуді жазсын, Жаратқан ием!

Қазіргі таңда әлем сарапшылары дүркін-дүркін дабыл қағып, электр қуаты шикізаттарына тиімді балама табу мәселесін күн тәртібіне кеңінен қойып отыр. Барған сайын адамзат үшін ерекше үлкен қауіпке айналып бара жатқан жаһандық жылыну үдерісін тежеу электр энергиясын өндірудің негізгі көзі – көмірсутегі шикізатына балама табу болып табылады. Мамандардың пікірінше, қазір көмірсутегі шикізатына балама ретінде қолданылып отырған биоотын, жел және күн қызуынан алынатын әлемдегі энергия қуатының үлесі әлі де аз.  Қазірдің өзінде Қазақстан бұл көкейкесті мәселе бойынша бірқатар ғылыми жаңалықтар мен озық ойларды алға тартуда. Әрине, «Болашақтың энергиясы» тақырыбының ауқы¬мы өте кең. Бұл – негізінен болашақта адамзат игілігіне айналатын балама қуат көздерін ашу үшін жаңа технологияларды өмірге әкелу. Бұл – жаңа балама қуат көздерін игеруге халық¬аралық қоғамдастықтың назарын аудару. Біздің тіршілігіміз, жалпы адамзат өмірі жолынан ұстатпайтын зырлауық заманда көзді ашып, жұмғанша өте қарқынды өзгеруде. Бүгінгі біздің байлығымыздың басты көзі – мұнай мен газ болашақта өзінің маңызын жойып, баламалы энергия көздері қоданысқа кірері анық. Кейбір «әлем елдерінде ол айтарлықтай етек алып та жатыр. Қазақ елі осыны күні бұрын бағамдап, оған бірнеше жыл алдын кірісіп те кетті. Биыл елімізде ашылатын, оған әлемнің жүзден астам елдері өздеріндегі озық технологиялық үлгілерімен қатысатын Болашақ энергиясының көрмесі – «ЭКСПО – 2017» соның жарқын айғағы. Иә, электр қуаты көздерінің балама түрлеріне деген әлемдік сұраныс жылдан-жылға артып келеді. Ғалымдардың болжамы бойынша, үстіміздегі ғасырдың ортасына таман жа¬һандық энергетикалық баланстағы балама қуат көздерінің үлесі 35 пайызға жететін көрінеді. Еуроодақ өзінің мұндағы үлесін 2020 жылдары  20 пайызға,  2040 жылдары 40 пайызға жеткізуді көздеп отыр. Қазір іс жүзінде барлық дамыған елдерде жаңа технологияны қалыптастыру және дамыту бағдарламалары кеңінен іс жүзіне асырылуда.

Қазір Қазақстан еліндегі барлық мүліктің 85-90 пайызы жекешелендірілген нарықтық экономика елі деп әлемге танылдық. Әлемдегі барлығы 217 мемлекеттің 170-імен тұрақты экономикалық байланыста болғанымыз. Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшелігіне енгеніміз жоғарыда айтқандарымыздың бұлтартпас дәлелі.
Ендігі мақсат – Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іс жүзіне асыру. Ол үшін қоғамда орын алып отырған әділетсіздіктерді жойып, бюрократияны шектеп, сыбайлас жемқорлықты ноқталап, мемлекет заңдарына мойынсұнып, халыққа керекті салаларды жедел дамытуымыз қажет. Тәуелсіздігіміздің алғашқы 25 жылында жаңа мемлекет, жаңа экономика жасап еліміздің бетпердесін түбегейлі өзгерте білдік. Демек, баламалы және қайта жаңғыртылатын қуат көздерін игеруге, «Жасыл» экономикаға көшу мәселесін Елбасымыз алдағы 40 жылдың аса өзекті мәселесі ретінде бекерден-бекер атап көрсеткен жоқ. Әрине, Қазақстан мұнай мен газға, басқа да шикізат көздеріне бай ел ретінде таяудағы болашақта дәстүрлі қуат көздерін дамытуға ерекше көңіл бөлетін болады. Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың 2014 жылғы (17қаңтар) жолдауында бұл жайында анық жазылған. Осы жылдарда, Астана энергетика саласында үздік идеялар мен тәжірибелерді жинайтын, ғылым мен техниканың ең озық нәтижелерін ұсынатын орталыққа айналады деп көрсетілген.
Біз бұл жерде жоғарыда айтып өткен жетістіктерімізде Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының ерен еңбегінің бар екенін де баса айтуымыз керек. Президентіміз тарихымыздың тар жол, тайғақ кешу кезеңінде егемен елдің көк байрағын көкке көтеріп, мемлекетімізді басқару ісінде кемеңгерлігі мен көсемдігін көрсете білген кемеңгер тұлға. Ол Сарыарқа төсіне Елордасы – Астананы тұрғызды. Ол бүгінде әлем елдері басшылары жиналып, заманымыздың бүгіні мен ертеңі туралы келелі кеңес құратын беделі жоғары халықаралық орталық дәрежесіне дейін көтерілді. Астаналық форум шешімдері әлем елдерінің тарихында сақталатынына күмән жоқ. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін айтқанда, Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев және оның бейбітшілік сүйгіш халқы армандаған «Мәңгілік елдің» мәңгілік мұраттарының мұрты бұзылмастан іс жүзіне асатындығына сеніміміз мол. Оған ширек ғасырда қол жеткізген қомақты табыстарымызбен бағындырған белестеріміз, асқақ асуларымыз дәлел бола алады.
ответил от Gulimzhan

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
спросил от Gulimzhan в категории Образование
0 голосов
3 ответов
спросил от Kuaniysh в категории Школы
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Ulia в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов