Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Gulimzhan в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Алматы жайлы әрбір ой...
     Бала кезімде ауылда жүріп «Алматы» дегенде ең әуелі көз алдыма келетіні: Медеу, Көк-Төбе, биік ғимараттар, өзге ұлт өкіліндегі азаматтар, танымал әртістер мен әдемі таулар еді. Жай ғана Алматыға барып оқу менің ең үлкен арманым болатын. Мектеп бітірген соң сол арманымды арқалап алып шаһарға келдім. Күздің алғашқы күндерінен бастап Алматы қаласымен таныса бастадым.
       Аламаты маған  әрбір уақыттың өз есебі бар екенін үйретті.  Әрбір күнімді жаңа тәжірибеге толықтырды. Әрбір танысқан адамым өмірімде  әртүрлі образда жүріп, біраз сабақ бере бастады. «Сенім» деген ұлы сөзді кез-келгенге пайдалануға болмайтынын, шынайы достықты уақыттың еншісінде анықтау керек екендігін ұғындырды. Табиғат аясында жүріп жалғыздықпен сырласуға да болатынын үйретті. Елдің сөзі емес, жүрегіңнің қалауы бірінші кезекте тұру керек екенін түсіндірді. Осы бір өмірлік сабақтардың арқасында, әр сәт мені жігерлендіре түсті және мен  бұл  үшін риза болдым. Әсем қаланың ерекшілігі тек сұлулығында емес-ті, ол қаншалықты қатал болса, соншалықты мейірімді бола білді. Бұл қала кез-келген жанның арманын жанына жақындастыра алды.  Бұрындары мен үшін арман болған дүние біртіндеп мақсатыма айнала бастады.
     Ең әуелі, бұл қалада ерекше мәдениет бар. Мәдениет бар жерде өркендеу мен даму қатар жүреді. «Келешектің кілті – жастарда» демекші, спорт болсын, өнер болсын сапалы білім алатындай жағдай да жасалған, тіпті баршамызға белгілі оңтүстіктің ордасында биыл қысқы олимпиада өткізіліп жатыр. 50-ден астам мемлекет пен 2000-нан астам спортшылар тартысты додада бақтарын сынайтын болады. Мұның өзі қаламыздың мерейі.
    Бұл  жақта күйбелең тіршілік бар...Сенделіп жүрген адамнан гөрі, қарбалас жүрген жұмысбастыларды жиі көресің. Таңның атысынан түннің  ортасына  дейін көшеден қарқынды басқан қадымдарды, тынымсыз еңбек етіп жүрген жұмысшыларды көріп қарбалас  тіршілікті, өмірді сезінесің.
   Кешкі уақытта  Алматы түндерінің жарқыраған көше шамдарынан тоқтаусыз ләззат алып, табиғатпен сырласып алғанға не жетсін?! Жалғыз келе жатып санаңдағы ойларға ерік берсең, жан-жағыңдағы шуға да қарамай өзіңнің бейбіт бір әлеміңді жасап аласың.  Ойдың шегі бар дейсіз бе?! Сол ұшқыр ойлардың арқасында өз әлеміңді реалистік тұрғыда қалыптастырасың. Міне, шығармашылық адамдарға шабыт осылай келеді.
    Тағы да  бұл қалада  бірлік пен татулық бар... Ұлтқа қарап бөлісу емес, бір туған бауырлардай татулықта өмір сүру көңіліңді жадыратады. Есік алдына шыға қалсаң, орыс пен түріктің, қазақтың кішкентай балдары бір-бірімен тәтті ойнап жатады. Бірінің тілін бірі түсінбей жатпайды. Барлығы орыс тілінде сайрай кетеді.  Тек, ана тілімізде сайрамаған соң ішің өретенеді...
    Мұнда маған ұнаған дүниелер өте көп. Тізбектеп тізсем тізім жетпес...
    Қорыта келгенде, Алматы асқақ армандарыма самғау үшін қос қанатым, биік мақсаттарымның шыңына шығу үшін баспалдақтарым болуда. Арман болған алып шаһар өз армандарыма жету үшін маған  шаршаусыз шабыт сыйлағаны секілді кімді болмасын шабыттандыратыны хақ. Барлығы үшін рақмет саған, Алматы!!!
ответил от Gulimzhan

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ