Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Gulimzhan в категории Образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Сұлулықты қалай түсінесіз?

Сұлу әйел, сұлу қыз, сұлу жар....
Адам баласы жақсылықты көруге құмар. Өмірге келгенде сәби айлық кезінен бастап, жылтырақ, түрлі-түсті затқа қызықтап қарап, көруге ұмтылады. Одан өсе келе жақсы киініп, жақсы тамақ ішуге, жақсы жерлерге барғанды ұнатады. Есейгенде жақсы жар тауып, жақсы оқуға түсіп, жақсы орынға отырғанды қалайды. Қолынан келгенше, жақсы үй алғанды, жақсы дүние-мүлік алғанды мақұл көреді. Мұның бәрі де дұрыс қой жақсылыққа ұмтылған.
      Жалпы, сұлулық деген не?! Білім деңгейіне қарай әркім әр қалай түсінеді емес пе. Техниканың қарыштап дамыған қазіргі заманында адамдардың әдемі болып жүруі, тазалыққа ұмтылуы заман талабы.
       Әдемі болып көріну –өнер. Өнерге баулу арқылы ғана адам оны өз бойына дарыта алады. Адам баласының әдемі болып көрінуі үшін еріншектікке жол бермей, бар болғаны күнделікті тазалықты сақтау. Өз өзіңізді қолға алып, жатын төсек, үй-жайдың тазалығы, аяқ-қолдың, жалпы сырт келбеттің тазалығы басты орында. «Қасынан қыз өтсе сексендегі шал басын көтерер» қыз-келіншектеріміз әдемі болып, сұлулығын сақтай білсе екен.
      Сұлулыққа ұмтылу –жан-жағыңыздағы адамдарға жағымды әсер қалдырып, әдемі болып көріну. Бұрынғы ата-бабаларымыздың жас кезінде әдеміліктің символы – жүргенде шашының ұшындағы шолпысы жаймен сыңғырлап, күлкісінің өзі адам жанын елжіретер, сөйлеген сөзі майда қоңыр нәзік үнді сұлу жан болса, бүгінгі күннің сұлулығы еуропа елінің бойжеткендеріне табынушылық басым алып, қарама -қайшы болып қалды.
       Көпке топырақ шашудан аулақпын, қазіргі заманда жастардың сұлулық туралы түсінігі мүлдем басқаша. Етек-жеңі шолақ көйлек- шалбар, кіндігін көрсетіп тұратын шолақ жейде. Бала кіндігімен байланысып тұратын мүшені көрсетудің өзі сорақылық емес пе. Кірпікті қайқайтып, ерінді дүрдитіп, шашты түрлі түске бояп, жайып жіберу. Баяғыда тек қана байы қайтқан әйел баласы ғана шашты жайып жіберуші еді. Осы сұлулық, әдеп пен әдет, этика жайлы түсініктерді жастарға түсіндіріп, арнайы сабақ ретінде мектептерге енгізссе нұр үстіне нұр болушы еді.
       Одан әрмен қарай жақсы оқу орнына түсіп, жақсы жар табу. Қазіргі заман қыздарының көбі үй-жайы бар, соңғы үлгідегі көлігі бар бай жігітті таңдайды. Бұрынғы заманда ата-бабамыз айттырған жерге барып, қаншама қазақ қыздары өз бақыттарын тапты емес пе. Жоқ мен бұрынғының сарқыншағын қазіргі заманда қолдануды құптамаймын. Бірақ жақсы адамдармен құда болу, балаға жақсы білім беруді құп көремін. Білім мен ғылымның шыңын бағындырып, жақсы азамат, азаматша болу әрбір адам баласының міндеті емес пе. Кей қыздарымыз жасы отызға келгенше «карера» қуып жүріп алады. Сонда ұрпақ өсіріп, оларға жақсы тәрбие, білімді қай уақытта беріп үлгереді. Кей қыздарымыз түнгі клубтар мен ресторан, кафелердің қонағы. Арақ, темекі деген қазіргі қазақ қыздарының ермегі. Қысқа ішкі киімі көрінуге шақ тұрған белдемше, кіндігі көрініп тұратын жейде. Өзінде дұрыс тәрбие жоқ, аузы сасық, темекі түтінін будақтатқан қыздан қайбір дұрыс ұрпақ тәрбиеленіп өсіп шығады?! Тіпті жиіркенішті қандай. Сонда сұлулықты осылай деп түсінеді ме екен?  Біздің қыздарымыз қайда жүр....
      Әрбір ата-ана қыз баласын тәрбиелегенде «қызға қырық үйден тыйым» деп отырған. Бұл дегеніңіз ата-анамен қоса жүрген ортасы, жеңгелері мен көрші-қолаң, ағайын туыс жақсы-жаманды үйретіп отырған. Қыз өссе елдің көркі, деп қызды гүлге, әдемілікке теңеген. Осы әдемілігіміз, сұлулығымыз қайда. Ұрпақтың өсіп,өнуі тікелей қызға, әйелге байланысты.
      Жапырағы жайқалған бәйтеректеректей, діңі берік емен ағашындай, сұлу да көрікті аққайың,  қырмызы гүліндей жайқалып өскен қыз баласының сұлулығы табиғатпен үндесіп жатса қандай жарасымды. Тәрбие басты байлық. «Адамдық –ақылда, сұлулық -жүректе», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда» мақалдарының құны жойылмасын.
ответил от Gulimzhan

Похожие вопросы