Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Gulimzhan в категории Семья, Дом, Дети

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
3 жасқа толған балаларға арналған дамытушылық және жаттықтырушы ойындар (1 бөлім).

«Кім несіз болуы мүмкін емес» жаттығу
Балаларға маңызды белгілерді ерекшелеуді үйренуге жәрдемдеседі. Ересек адам (тәрбиеші) сөздер тізбегін оқиды. Осы сөздердің арасынан тек ең маңызды , несіз басты нәрсе болуы мүмкін емес екі сөзді таңдауы қажет. Мысалы, бақша... қай сөз ең негізгі: өсімдік, баушы, ит, шарбақ, жер? Не нәрсесіз бақша болуы мүмкін емес? Өсімдіксіз бақша болуы мүмкін бе? Неге? Бақшасыз... итсіз... шарбақсыз... жерсіз? Неге?

Әр ұсынылған сөз жете бір талқыланады. Ең бастысы, баланың түсінігі, неліктен, осы түсінікке сол немесе өзге болмыс басты болып табылады.
Үлгілі тапсырмалар:
Етік (бау, табан, өкше, қоныш)
Өзен (жаға, балық, балықшы, балдыр, су)
Қала (автокөлік, ғимарат, қалың топ, көше, велосипед)
Ойын (қарта, ойыншылар, айып, жаза, ереже)
Оқылым (көз, кітап, сурет, баспасөз, сөз)
Соғыс (ұшақ, зеңбірек, шайқас, мылтық, сарбаз)
Мектеп (мұғалім, оқушылар, ұстелдер, орындықтар, кітаптар, дәптерлер)

Екінші нұсқа. Сөздерді атап, сұраймыз: осы нәрсесіз не болуы мүмкін емес, не үшін немесе кім үшін ол ең маңызды.
Мысалы: су, өткізгіш, қарындаш, әйнек, кірпіш.
Жанды – жансыз
Балаларды «жанды» және «жансыз» түсінігімен таныстырамыз.

Біріншіден, барлық тірі заттарды «КІМ», ал жансызды «НЕ» деп атайтынымызды түсіндіреміз. Бірнеше мысал келтіреміз.
Содан соң, сұрақ-жауап арқылы ойын ойнаймыз. Сюжетті суреттері бар кітаптарды қолдануға болады.
Не өседі? Кім өседі?
Кім ұшады? Не ұшады?
Кім жүзеді? Не жүзеді?
Кім ең үлкен? Не ең үлкен?
Т.с.с

Ішінде не, сыртында не?
Ересек адам (тәрбиеші) жұп заттарды атайды, ал бала сыртында және ішінде не болуы мүмкін екенін айтады.
Үй- шкаф; кітап – шкаф; сөмке – әмиян; әмиян – ақша; кастрөл – ботқа; аквариум – балық; үйшік – ит; атан – түлкі.
 Содан соң керісінше, енді балалар жұп сөздерді айтады.
«Бұл кім?» мамандықтармен танысамыз.
Ойын үшін  әр түрлі мамандықтағы адамдар мен құрал-саймандардың карточка ретінле суреттің болғаны жақсы.


1 нұсқа: Сұрақ қоюмыз: ауруларды кім емдейді? Мектепте балаларды  кім оқытады? Түскі асты кім дайындайды? Трактормен кім жұмыс істейді? Кім көйлек тігеді?

2 нұсқа: Сұрақтар: Аула сыпырушы не істейді? Дәрігер не істейді? Электрмонтері не істейді? Мұғалім не істейді? Жүргізуші не істейді? Сылақшы не істейді? Шаштаразшы не істейді?

3 нұсқа: Жұмақтар ойлап табамыз. Мысалы: сыпырғыш пен күрегі бар, бұл адам далада жұмыс істейді.

4 нұсқа: «Кімге не қажет?» Пошташыға не қажет? Шаштаразшыға не қажет? Тағы керісінше: кімге қайшы қажет? Ине кімге қажет?


Әңгіме құрастырамыз
Ересек адам (тәрбиеші) сөйлемді оқиды, балалар бастауыш, баяндауыш, түсіндірме сөздерді қояды және т.б.
Мысалы: «Аяныш мяулап табалдырықта отырды... (кім?). Көзі тоймай сүті бар тостағанның алдында мысық отырды... (не істеді?). Мысық бақшада ұстап алды....(кімді?). Мысықтың жүні...(қандай?), тырнағы...(қандай?). Мысық балаларымен жатты... (қайда?). Мысықтың балалары доппен ойнады...(қалай?)».

Сөйлемді кеңейту
Үлкендер айтады: «Бақшы суарады...(Не? Қайда? Қашан? Не үшін?). Балалар барады...(қайда? Не үшін?) және т.б. сөйлемнің дұрыс құрылғанына көңіл аудару қажет.

Бірнеше берілген сөздер арқылы сөйлеи құрастыру
Жабайы аң, қу, сарғыштау, мамық құйрығымен.
Жәндік, түрлі түсті қанаттарымен, гүлге ұқсас.
Көлік, үлкен, ауыр, артымен және қанатымен.
Көкөніс, қызыл түсті, домалақ, оны салат пен борщқа қосады.
Тәтті, кішкентай, әдемі қағазбен оралған.

Дамытушылық 2, 3, 4 жастағы балаларға арналған ойындар
2 – 2,5 жастағылармен сурет салу
Балаңызға бояу, түрлі түсті қарындаштар, кисть сатып беріңіз.
Осы құралдармен қалай қолдану керек екенін көрсетіңіз. Балалар бояумен жұмыс жасағанды ұнатады. Кішкентай балаларға кқрнекті суреті бар бояу-кітапшасын алыңыз.

3 жастан бастап балаларға құыршақ театры
Ертегі кқрінісін қою үшін, ең алдымен «тірі», яғни қолға киетін қуыршақтар, не болмаса үйдегі бар қуыршақтар қажет болады. Балаңызбен қарапайым «Шалқан», «Бауырсақ», «Қызыл телпек» деген ертегілерді қойып көріңіз. Балаңызға ең басты рөлге қойыңыз.

3 жастан бастап театр.
Қуыршақтар театры сияқты, бірақ тірі актерлармен. Қосымша қуыршақтарды қолдануға болады. Әкесін ойынға қосыңыз.



3 жастан санауға үйрету.
Мынадай тапсырмаларды ұсынуға болады:

•    Үстел үстінде неше тостаған, неше бар сонша рет шапалақтауға (секіруге) болады.
•    «3» саны жазулы тұр. Сонша кәмпитті ал.

Мен не үшін соқтым? 3 жастан бастап.
Кез келген зат: кастрөл, кітап, үстел, орындық және т.б. сіз кез келген затты соғасыз, содан соң бала артқа қарап қай затты соққаңызды айтуы керек.

Не артық? 3 жастан бастап
Үстел үстінде 5 түрлі зат жатыр. Бала зер салып қарап, қандай заттар үстелдің үстінде жатқанын қарайды, есінде сақтайды, бөлмеден шығады. Сіз тағы бір артық затты қоясыз. Бала қандай заттың алдында болмағанын анықтап, артық затты табуы керек.

Бұл не? 3 жастан.
Жаттығу, бірнеше сөз беріледі, мысалы, ит, шал, шошу. Балалар оны сөйлемге қоюы қажет. Бала ақырындап жалпы сөйлеу мәнін жаңа сөздер мен түсінік арқылы меңгереді.

Сөйлемді толықтыру
Баладан сөйлемді аяқтауын сұрау: «Балалар гүлбағындағы гүлдерге су құйып жатыр, себебі... » «Ағашта бірде бір жапырақ қалмады, өйткені...» «Қыста аю ұйқыда болады, өйткені...» және т.б.


Заттарды бөліктері арқылы анықта
 Бұл ойынды екі нұсқа арқылы ойнауға болады.

Бірінші нұсқа – суреттер мен картиналарды қолдану арқылы. Қатысушыларға әр түрлі заттардың суреті бар карточкалар таратылады – жиһаз, көкөніс, жануарлар, әөлік және т.б. бала, басқа ойыншыларға өз карточкасындағы салынған суретті көрсетпей, айтпай,  бқлшектерін айтады. Кімде кім бірінші болып не туралы айтылғанын тапқан болса, жаңағы карточканы өзіне алып, бір ұпай алады.
Екінші нұсқа – карточкасыз. Ойынның мазмұны сол мәнінде қалады. Бұл нұсқанын тиімділігі, балаңызбен кез келген жерде ойнай беруге болады. Мысалы, балабақшаға келе жатқанда, дәрігерге кезекте отырғанда.

Мысалдар:
Төрт аяқ, арқау, отыратын орны.
Цифрлар, көрсеткіш.
Әріптер, суреттер, парақтар.
Дің, бұтақ, жапырақтар.
Тамыр, сабақ, жапырақтар, гүл жапырақ.
Экран, кнопка, электрлік сым, пульт.
Шүмек, құлағы, қақпақ, электрлік сым.
Табан, құйрық, мойын жіп.
Табан, құрық, пілтұмсық.
Бірінші көзқарасқа барлығы оңай көрінеді. Бірақ шын мәнінде барлық балалар заттарды суреттей алмайды. Байқап көріңіз!


Суреттеу арқылы затты анықтаңыз   
Ойынның шарты біріншідегідей. Бірақ тапсырмалар мұнда қиынырақ. Бұл жерде тек затты тауып қана қоймай, оның сын есімін және зат есімін дұрыс үйлестіру қажет, сонымен қатар заттардың түсінігін жиһазды, көкөністі, жемістерді, жәндіктерді, үй мен жабайы жануарларды білу қажет.

Жабайы аң, орманда мекендейді, үлкен, жүндес, балды жақсы көреді.
Бастапқыда бала затты ұстап көреді. Содан кейін көзін байлап, заттардың орнын ауыстырасыз. Ол заттарды ұстап, қандай зат екенін айтады.

4 жастан бастап жануарларды тауып көр
Кем дегенде – 2 ойыншы. Бірінші ойыншы кез келген жануарды жасырады. Бала жануарды табу үшін сұрақтар қояды, ал бірінші ойыншы «иә» немесе «жоқ» деген жауап қайтара алады. Мысалы, «ол орманда мекендейді ме?» (жауап – «иә» немесе «жоқ»). Ойын жануарды анықтаған кезде аяқталады.

Ертегіні табу 3 жастан бастап
Ана бір парақ қағазға ертегінің сюжетін салады (мысалы, «Бауырсақ» - қағазға қоян мен бауырсақтың суретін бейнелеуге болады). Бала бұл қандай ертегі екенін анықтау қажет.
 
Ұйқас ойлап табу 4 жастан бастап
Алғашында балаға ұйқастың не екенін түсіндіру қажет – бұл ұқсас қосымшалармен сөздер, өлең жолдарындағыдай. Содан кейін анасы баласына берілген сөзге ұқсастық тауып ойластырсын дейді.

4 жастан бастап ертегі ойластырамыз
Қатысушылар көп болса жақсы. Бірінші ойыншы бірінші сөйлем айтады, екіншісі жалғастырады және т.с.с. Бұл ойын сөйлеу, ойлау қабілетін дамытады.

Баланың ой-қиялын дамытуға әр түрлі әдіс- тәсілдер қолдануға болады. Ұрпағымыз тәрбиелі де, білімді болсын!
ответил от Gulimzhan

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов