Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

2 Ответы

0 голосов
Астана-бас қала
        Астанамыз Алматыдан Ақмола қаласына көшіріледі дегенде көпшіліктің көңіліне күдік кіріп, тақыр жерге қалайша астана салынбақшы деушілер көп болды. алайда,  1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті. Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Астана дамып, жылдан жылға көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды. Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Қаншама жаңадан бой көтерген сәулет өнерінің биік шыңындай бір-біріне ұқсамайтын ғимараттар жылдан-жылға көбейіп келеді. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі. Не деген махаббат сұрапыл, Тәңірден берілген нұр, ақыл. Астана қазақты ғаламға, танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп Қ.Әбілдақызы жырлағандай, Астана-Елбасының ғажайып ерлігі. Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. Әр елдің  Астанасы-сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар. Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: - қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты.  Ендеше, аяулы Астана - Елбасының тарихи қолтаңбасы. Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған нұрлы көш - Қазақстанның Тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес. Елбасы бізбен бірге. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады.  Астанамен бірге өсіп келе жатқан Қазақ елі мың жасасын! Ата-баба арманы орындалып Тәуелсіз елде, өз тілі мен діні, ділі сақталған елде өмір сүру қандай бақыт. Сол баяны бақытымызды бағалай білейік! Әрбір қазақ баласы өз тілінде сөйлеп, аяулы Астанамыздың өсіп, көркеюіне өз үлесімізіді қосайық!
ответил от Gulimzhan
0 голосов
Астана - бас қала
Астана - Қазақстан Республикасының елордасы. 900 мыңға жуық халқы бар бас қаламызға биыл 19 жыл. Тарихына көз жүгіртер болсақ,1830 жылы Есіл өзенінің жағасында орыс әскерлері тұрғызған бекіністен бастау алған. 1962 жылы қала мәртебесін алып, сол жылы Целиноград болып өзгертіледі. Тәуелсіздік алғаннан кейін 1997 жылы Елбасымыз астананыАлматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы жарлық шығарады. 1998 жылы 6 маусымда Ақмолаға Астана атауын береді. Ресми түрде 1998 жылдың 10 шілдесінде Астана қаласының тұсауы кесіледі.
Астана - еліміздің бас қаласы. Небары 19 жылдың ішінде әлемдегі ең әдемі, дамушы жас қалалардың қатарына қосылып үлгерді. Астана - болашақтың қаласы, мәдениеттің, ғылым мен білімнің ордасы.
Астана қаласының әдемі жерлеріне тоқталатын болсам, Бәйтерек кешені аспанмен таласып, сары алтындай жалтырап көздің жауын алады. Ең биік нүктесіне барғанда Астана "алақандағыдай" көрінеді. Шет елден келген туристер қызығып қарайтын ғимараттардың бірі 2002 жылдан бері Астананың да, Қазақстанның да символына айналып отыр. "Хан шатыр" ойын сауда орталығы Астана қаласындағы ең көрікті ғимарат. Отбасымен, достарыңмен көңіл көтеруге қолайлы жерлердің бірі. Думан ойын сауық орталығын білмейтін адам жоқ шығар. Су қоры 3 миллион литрге жететін және 100 ден астам су жәндіктері бар бұл орталық Астананың туристер жиі келетін жерлерінің бірі болып табылады. Осындай әсем жерлерді өз көзіммен көргенім үшін қуаныштымын. 2017 жылдың жаз айларында бүкіләлемдік ЕХРО көрмесі өткелі жатыр. Қаламызда әдемі-әдемі көкпен таласқан ғимараттар салынып жатыр. Осы шараның арқасында Қазақстанды соның ішінде Астанамызды миллиондаған адам тамашалап, мыңдаған елдер білетін болады. Бұл біз үшін үлкен мәртебе, және даму жолындағы үлкен қадам деп есептеймін. Жас қаламыз Астана мәңгі жасай берсін дегім келеді!
ответил от Aknur.muratkyzy

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ