Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Gulimzhan в категории Товары и Услуги

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Лучший ответ
Астанада ақшаны қалай үнемдеу керек?
Барлығының да демалыста, мерекеде, мейлі іссапармен болсын Астанаға жолы түскен шығар немесе енді түседі. Өзіңізге белгілі, бас қалада баға да көш бастап тұр. Ендеше, сіздермен Астанада ақшаны үнемдеу жолдарымен бөлісейін.
Ең алдымен, міндетті түрде ұялы телефоныңыздағы тарифтік жоспарды ауыстырыңыз. Өйткені Астанада тек қолдағы ақша ғана емес, телефондағы ақша да тез жұмсалады. Ай сайынғы абоненттік төлемсіз тарифтер тиімді тарифтердің қатарына жатады. Бірақ сіздің демалысыңыз бір айдан аз болса, онда сізге «7» тарифтік жоспары сай келеді
Екіншіден, үлкен қаладағы уақытты да, қаражатты да шығынға ұшырататын - жол. Сондықтан екеуін де үнемдегіңіз келсе, ұялы телефоныңызға «2ГИС» қосымшасын орнатып, автобуспен жүріңіз. Ал егер сізге керек жерге автобуспен бару мүмкін болмаса, көшеден такси ұстамағаныңыз абзал. Өйткені такси жүргізушілері сіздің жергілікті емес екеніңізді байқап, бағаны екі есе өсіріп айтуы мүмкін. Сонымен ең тиімдісі – «ЯНДЕКС.ТАКСИ» бағдарламасы арқылы такси шақырту. Алғашқы 2 шақырымдық жер 100 теңге, әрі қарай әр шақырым 50 теңгемен және әр минут 10 теңгемен өлшенеді
Үшінші мәселе – тұрақтайтын жер. Егер туыстарыңыздың үйіне келіп жатсаңыз, әрине, қуаныш. Олай болмаған жағдайда пәтер жалдап тұруды ойламағаныңыз жөн. Өйткені пәтерлер бағасы өте қымбат. Қонақ үйлердің бағаларына сай келеді. Сондықтан, қонақ үйде тұрақтасаңыз, өкінбейсіз
Төртінші - тағам. Ең дұрысы - асханалардан тамақтану. Ақшаңызды үнемдеп қана қоймайсыз, дәмді тағам жеп, тойып қайтасыз. Сондай-ақ қарапайым дүкендерден гөрі супермаркеттерде тамақтар сәл болса да арзан болатынын ұмытпағайсыз.
    Әрине, ешқандай демалыс қыдырусыз болмайды. Әсіресе, Астанада демалатын жерлер жетіп артылады. Алайда, барлығының қалтасы көтере бермейтіні анық. Сондықтан, Астанаға алғаш рет келсеңіз, «Бәйтерек» монументін, «Хан шатыр», «МЕГА», «Думан» ойын сауық орталықтарын аралаңыз. Бұл жерлер сіздерді таңқалдырады әрі инстаграм парақшаңызды да әдемі суреттермен толтыра аласыз.
    Бұл Астанада ақшаны үнемдей жүріп демалудың алғышарты ғана. Пайдаңызға жарайды деп сенемін. Жолыңыз болсын!
ответил от Gulimzhan
выбран от Surak_zhauap

Похожие вопросы