Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Gulimzhan в категории Семья, Дом, Дети

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Батырлар бейнесінің шынайылығы
   Қашанда ұлт тағдырын, ел болашағын ойлайтын халық едік қой. Бірақ, өткенге көз жүгіртпей, бүгінгі күннің іргетасын берік қаламай, ертеңгі күнге қалай нық сеніммен қарамақпыз?! Тарих әр ғасырда азаматтық мәртебеге, халықтық бағаға лайық ұлттық тұлға, яғни батырларымызды толғатып дүниеге әкеліп отырған. Ата мекен жерімізді білегінің күшімен, найзасының ұшымен, амал-айласымен, ұшқыр ойымен қорғап, ұрпаққа аманат етіп қалдырған Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай, Қарасай мен Ағынтай, Саңырық пен Тайлақ, Өтеген мен Сұраншы, Сеңкібай мен Шойбек, Малайсары мен Райымбек, Бөлек пен Сатай, Жәнібек пен Тілеуке сынды батырларымыздың есімдерін атап отырсақ, аттарын аузымызға алмай отырған төбе-төбе батырларымыз қаншама?! Міне, осындай жүрек жұтқан рухты ерлеріміз тұрған кезде, біздің әдебиетіміздің, мәдениетіміздің, өнеріміздің тынысы ешқашан тарылмақ емес. Тамырымызды тереңге жайып қана қоймай, асыл құндылықтарымыздың қадіріне жетіп, рухани көшіміздің алды болуына жағдай жасау біз үшін үлкен борыш. Бүгінгі таңда құлақ естіп, көз көріп жүрген қаhармандар бейнесі тіптен жоғарыда аталған батыр бабаларымызды, ұлт жанашырларын жоққа шығарғандай. Көгілдір экраннан жарқ-жұрқ, тарс-тұрс еткен, әлемнің сүйікті кейіпкерлеріне айналып үлгерген "Бэтмен", "Халк", "Темір адам", "Супермен", "Өрмекші адам" қай халықтың жан беріп, жан алған батырлары еді?! Шетелдің шикі өнімдері ғой бұлар. Олар өздерінің батырлары болмағаннан кейін, қолдан қаhарман жасады, қиялдан кейіпкер тудырды. Ал, бұл дегеніміз ұлттық санаға теріс әсерін тигізуде. Біз кімбіз? Біздің шыққан тегіміз кім? "Біз батырлардың ұрпағымыз!"-деп кеудемізді соғып тұрып, мақтанышпен айтатын кез келді. Өзіміздің арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты батырларымыз тұрғанда, өзгенің жасанды қаңсық күшігін шәуілдетіп не таппақпыз? Сөнген отты қайта тұтатайық,ағайын!
ответил от Gulimzhan

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов