Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Gulimzhan в категории Семья, Дом, Дети

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Арман – адам көкейіндегі ізгі ниет, болашақтан күтер үміт, алға қойған мақсат.
 «Үмітсіз –шайтан» дегендей  кеудесінде  үміт оты бар адам ғана өз  арманына қол жеткізе алары сөзсіз.  

Арман! Осы бес әріптен тұратын сөзде қаншама бақыт, қуаныш, үміт, сенім,күш-қайрат барын кім білген?! «Армансыз адам-қанатсыз құспен тең» деп бекер айтылмаса керек. Мынау пәни жалғанда армансыз адам жоқ шығар. Сондай арманы көп жандардың бірі - менмін. Менің армандарым өте көп. Өз армандарымды ішкі және сыртқы арман деп екіге бөлемін. Ішкі армандарым;  орындалуға келмейтін армандар, ал сыртқы армандарым; үлкен үміт пен сенімнің күш-жігеріммен  табандылығымның және де һақ тағаланың нәсіп етуімен орындалып жүрген армандар.

Бала кезімнен өте қиялшыл болып өскендіктен бе,  ойға беріліп жоқ нәрсені армандауға әуеспін. Мектепте оқып жүргенде менің арманым – мұғалім болу еді. Бұған себеп өзімнің қазақ тілі мен әдебиеті пәні ұстаздарыма еліктеу болды. Сол мұғалімдердің жүріс-тұрысы, өзін –өзі ұстауы, сөйлеген сөздері, киім-киісі бәрі-бәрі  мені ұстаздық жолға ынтықтырды.  Қазірде арманым орындалып  жер жаннаты Жетісу өлкесіндегі қасиетті Қаратал ауылындағы Қаратал орта мектебінде мұғалімдік қызметтемін. Осы бала арманым жетелген жол – ұстаздық жолда сүрінбей, қадірлі ана тіліміз қазақ тілінің қыры мен сырын оқушыларға үйретіп келемін.

 Бір арманға жеткен соң екінші, үшінші арман тағы шығады екен. Ендігі арманым өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету мақсатында электрондық оқулық жазу. Бұл арманыма да жетемін деген үлкен сенім бар. Алла жазса,  қазақ елінде өмір сүріп жатқан өзге ұлт өкілдері менің электрондық оқулығыммен қазақ тілін үйренетін болады. Мен бұған сенімдімін. Өйткені менің кеудемде «сенің бұл арамның да орындалады» деген сәулелі үміт бар.
Қашанда армандаудан жалықпаңыздар! Арман – сіз бен біздің өміріміз!


Психология ғылымы арманды қиялдың белсенді түрі деп ашып айтқан. Психолог ғалымдардың пайыдауынша арман өз қалауымызша жаңа образдар жасау болып табылады.
ответил от Gulimzhan

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
3 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Surak_zhauap в категории Ұстаз