Халық арасында ер адам тағамды жақсы жасайды деген түсінік бар. Кейде әйел адамға қарағанда еркек адамның тағам жасауда қабілеті жоғары дейміз. Ер адам қабілетті, дарынды, талантты деген тәрізді ой тууы мүмкін. Әйткенмен, барлық танымал аспазшылардың көбі – ер адамдар. Ерлердің тағамды жақсы жасаудағы себебі – олардың көп уақыт бойы тағам жасамай жүріп жасағандығы. Яғни, әйел адамдар күнделікті бұл іспен айналысатыны белгілі. Ал ер адам болса, қолы тигенде, анда-санда бір жасайды. Олар үнемі тамақ жасап жалықпайды. Ал бір жасаса «күйзеліспен» жасамайды.
Одан кейін ер адам тағам жасау барысында тек бір іске ғана бар назарын салады. Әйел адамдар тәрізді әр нәрсемен қатар айналысып кетпейді. Оның үстіне ер адам тағам жасау барысында демалып қалады. Өзге ойлардан айығады. Тек тамақты пісіру әлегімен ғана болады. Мүмкін, бұл да әсер ететін болар.
Алайда ер адамға тағамды үнемі жасау – зиян. Ер адамның асқазаны тұтанған майлы заттарды сіңіруге арналмаған. Ерлердің өзінің жасаған тағамын тәбетпен жемейтіндігі де сондықтан – тамақ жасау барысында майдың тұтық иісіне «тойып» қалады. Ал бұл ер адамға зиян.