Кондуктордың өкінішіне орай, болады! Өйткені купюроны ұсату, майдалау – тек кондуктордың ғана мәселесі. Оған сіздің басыңыз қатпасын. Сіз ақшаны ұсындыңыз, өйткені төлегіңіз келді. Көптеген адамдар мұндай кедергіні жақсы пайдаланып кетеді. Кондуктор ақшаны қайтара алмаған сәтте автобустан түсіп кетпей, ары қарай «қозғалысын» жалғастыра береді. Кейінгі кезде автобустарға электронды есеп айырысу аппараттар қойылғалы мұндай «қулықты» жасай алмайсыз. Мұндайда сіздің майда, ұсақ ақша алып жүруіңізге тура келеді.