Қазіргі уақытта мульфильмдерді теледидар арқылы көрсетпеген дұрыс. Арнайы планшеттерге жазып алып бөлек көрсетсеңіз болады. Өйткені теледидардағы балалар телеарнасында сапасыз, баланы интеллектуалды, моральды дамытпайтын бейәдеп мульфильмдер өте көп беріледі. Балаңызға, ең бірінші, қазақша мульфильмдерді көрсетіңіз. Олар санаулы. Алайда барлығын көрсетіп шығу – парызыңыз. Кейін советтік мультипликация өнімдерін көрсетіңіз. Бүгінгі диснейлік мультиктерге қарағанда баланы әлдеқайда дұрыс тәрбиелеу ықпал етеді. Советтік өнімдерден 4 жастағы балаға Айболит дәрігердің мультигін, Күлшеқыз (Золушка), Дюймовочканы, Гена қолтырауын мен Чебурашканы, Маугли, Қызыл телпек, 38 попугай мильтфильмдерін көрсетіңіз.
Советтік мультфильмдерді таңдауда келесі сайттың кеңестеріне мән беріңіз:
http://whatisgood.ru/