Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Баламалы энергия дегеніміз не?
спросил от аноним в категории Наука, Техника, Языки

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

3 Ответы

0 голосов
Көптеген балалардың көкейінде «сонда адамзат экологияны одан әрі де ластай бере ме, мұның қандай да бір өзге жолы болуы тиіс қой» деген сұрақ болары сөзсіз. Міне, қазір біз сол сұраққа жауап бермекпіз. Жалпы адамзаттың техникалық революциясы дәл осы энергия мәселесін шешкеннен кейін басталды ғой. Энергияны мұнай мен көмірден алу көптеген технократтық жаңалықтарды өмірге әкелді. Алайда энергияны мұндай жолмен өндіру адамзатты құрдымға жіберетінін тым кеш ұғындық. Ұғынғанның өзінде де әлемді билеп әрі байлыққа белшесінен батып отырған мұнай магнаттары үшін (әсіресе, Рокфеллер тәрізді алғашқы миллиардерлерге) энергияны өзге тәсілдермен өндіру экономикалық жағынан мүлдем тиімсіз еді. Сондықтан энергияны өзге тиімді тәсілдермен өндіруге бағытталған зерттеулер жоғарыдағы мұнай магнаттары тарапынан кедергілерге ұшырап отырды. Алайда ХХІ ғасырда энергияның баламалы көздерін іздестіруге, жасап шығаруға деген қадамды жаңалыққа жаны құмар бизнесмендер құптап отырды. ХХІ ғасыр бизнес пен ғылымның бір арнаға тоғысқан дәуірі бола бастады. Алып корпорациялардың өздері баламалы энергия көздерін өндіруге бейіл қойып, әртүрлі зерттеулерді қаржыландыра бастады. Сондықтан да қазіргі уақытта баламалы энергия деген жаңа ұғым пайда болып, ғылыми ортада да, қоғамдық ортада да қолданысқа ене бастады.    
Естеріңізде болса, Қазақстанда өтетін EXPO-2017 бүкіләлемдік көрмесінің де тақырыптық өзегі дәл осы баламалы энергия көздерін пайдалануға үндейді. Сол себепті баламалы энергияның не екендігін толықтай түсініп алғанымыз жөн. Баламалы энергия деп қоршаған ортаға зиянын тигізбейтін барша табиғи таза энергия өндіру көздерін айтамыз. Бұндай энергия көздері экологияға ешқандай зиянын тигізбейді, мұнай мен көмір тәрізді пайдалы қазбаларды игерудің қажеттілігі тумайды.
Мәселен, қазіргі күннің өзінде Ирландия мемлекеті жердің геологиялық мүмкіндіктерін, яғни гейзерлерді пайдалану негізінде геотермальды энергия бағытын дамытуда. Ғалымдар геотермальды энергия көздерінің небәрі 1%-ын игере алсақ, адамзаттың энергияға деген тәуелділігі мүлдем жойылады дейді. Ал Испания мен Италия, Голландия мемлекеттері территориясы кең аймақтарға күн энергиясын өндіретін алып аппараттарды орналастырып жатыр. Сол тәрізді АҚШ елі Флорида штаты мен Маями қаласының маңынан өтетін мұхиттағы ең үлкен Гольфистрим ағысынан энергия өндіруді жоспарлап отыр. Негізінде, ХХ ғасырдың басында-ақ океонограф-ғалымдардың өзі мұхит кеңістігін энергия көзі ретінде игере алатын болсақ, бүкіл адамзаттың бірнеше миллион жыл бойы пайдаланатын энергетикалық мұқтаждығын қамтамасыз етуге болатындығын айтып кеткен.
   Дегенмен, баламалы энергия ұғымымен кеңірек танысу үшін, оның түрлеріне немесе әдістеріне тоқталып алайық.
ответил от аноним
0 голосов
Баламалы энергияны өндіру көздері (түрлері)

Баламалы энергияны түрлері өте көп. Алайда адамзатқа қаржылық жағынан тиімді әрі экологиялық табиғилығы басым энергия көздерін игергені әлдеқайда дұрыс емес пе?! Сондықтан қазіргі уақытта келесідей баламалы энергия түрлері адамзатқа қолжетімді болып отыр:
Гидроэлектроэнергия. Су электр станциялары (СЭС) арқылы өндірілетін бұл энергияны барлығымыз жақсы білеміз. Тау өзендері мен сарқырама, жасанды каналдардың жағасына үлкен СЭС немесе  гидроэлектрикалық тоған салынады. Ағысы қатты су айналып тұрған турбина арқылы өтеді де электр энергиясын өндіретін арнайы қондырғылар одан қуат алып оны электр энергиясына айналдырады. Қазіргі таңда Қазақстанда қуаты жоғары Өскемен СЭС-і (қуаты 331,2 мың кВт) және Бұқтырма СЭС-і (қуаты 675 мың кВт), Іле өзенінде Қапшағай СЭС-тері (қуаты 434 мың кВт) орналасқан.
Ядерлы энергия немесе атом энергиясы. Уран және өзге де радиоактивті элементтерден өндірілетін энергия түрі. Радиоактивті бөлшектер суда қатты қайнатылып, буға айналдырылады да кейін оны электр энергиясына айналдырады. Бұл үрдіс атом электр станцияларында жүзеге асады. Дегенмен атом энергиясы өндіріске тікелей байланысты, оның үстіне АЭС апатқа ұшыраса үлкен радиоактивті шығын келетіні сөзсіз. Сондықтан аталмыш энергия әдісі адамзаттың болашағын жасай алмайды.
Күн энергиясы. Күннен тікелей алынатын энергия түрі. Күннен келетін сәулені электр энергиясына айналдыру тәсілі. Кремний төсемелерінен жасалған фотоэлектрикалық ұяшық өзіне түскен сәулені электр энергиясына айналдырады. Сонымен қатар күннен келетін сәуленің жылуы да электр энергиясына айналдырылады, бұны күн жылу энергиясы деп атаймыз.
Жел энергиясы. Ауа қозғалысынан өндірілетін энергия түрі. Желдің қатты жылдамдығы алып жел турбиналарын қозғалысқа түсіреді де, кейін одан электр энергиясы өндіріледі. Нидерланды мен Дания елдері ежелден диірменді қолданатындықтан, қазіргі уақытта алып диірмен құрылыстарынан жел энергиясын өндіріп отыр.
Геотермальды энергия. Жер қыртысындағы белсенді геологиялық құбылыстар (гейзер, ыстық бу, жанартау лавасы) да электр энергиясын өндіруге пайдаланылады. Жанартау маңындағы жерасты сулары қайнау температурасынан да артық ыстық күйге жетеді. Мұндай белсенді геологиялық аймақтарға ұзын құбырлар немесе мұржалар орналастырылады. Ыстық бу осы мұржалар арқылы өтеді де мұржа ішінде орналастырылған турбиналар негізінде электр энергиясы өндіріледі.
Ағыс энергиясы. Теңіз бен мұхит бетінде айдың тартылыс күшіне байланысты судың толысуы мен қайтуы тәрізді табиғи құбылыстың орын алатындығын білеміз. Мұндай алып табиғи қозғалыс үлкен қуат көзін игеруге мүмкіндік береді. Жағалауға орналастырылған турбиналар судың ары-бері қозғалысынан электр энергиясы өндіріледі.
Биомасса. Өсімдіктен май өндірілетінін білеміз. Алайда ол өндірілген майдан жанармай жасауға болатындығын да ұмытпағанымыз жөн. Сол тәрізді этанол мен глюкозадан, саңырауқұлақ, бактерия мен балдырдан жанармай алуға болады. Ал бұл сұйықтықтың бензинді алмастыруға мүмкіндігі толықтай жетеді.
Сутек. Сутегі – ғарыш пен жер бетінде ең көп кездесетін элемент. Мәселен, судың өзі сутек бөлшегінен тұрады. Бұл газ тектес элемент болып табылады. Ал сутектің жануы үлкен энергия қуатын бере алады. Суды сутекке бөлу арқылы көгілдір газ аламыз. Ал бұл газ іштен жанатын қозғалтқыштың отыны болады.
Гидроэлектроэнергия, күн, жел, ағыс, геотермальды энергия түрлері сарқылмайтын қуат көзі болып табылады. Ал ядерлы энергетика уран мен өзге де ауыр элементтерден алынатындықтан, таусылмас қуат кені бола алмайды. Күн мен желден өндірілетін энергияның болашағы зор. Ең бірінші, бұлар сарқылмайтын қазына болса, екіншіден, оларды өндіру де адамзат үшін аса қиындық тудырмайды.
ответил от аноним
0 голосов
Баламалы энергия көздерінің дамуы

Қазіргі уақытта адамзат технологиясы баламалы энергия көздерін тұтынуды жолға қоя бастады. Мәселен, 2015 жылы адамзаттың энергетикалық қажеттілігінің 41,3 %-ын көмір, 21,7 %-ын табиғи газ құраса да, 16,3 %-ын гидроэлектроэнергия мен 10,6 %-ын атом энергиясы, сарқылмайтын энергия көздері (күн, жел, биомасса) 5,7 %-ын өтеген. Ал 2013 жылы бұл көрсеткіш 2-3 ессе аз болатын: гидроэлектроэнергия – 4,8%, атом энергиясы – 2,45%, сарқылмайтын энергия көздері – 1,2%.
Әрі соңғы жылдары баламалы энергия көздеріне көшу туралы халықаралық келісімдер де көбейе бастады. 2009 жылы Еуропа Одағы Сарқылмайтын энергия көздері жөніндегі Нұсқауға қол қойған мемлекеттер 2020 жылға дейін баламалы энергия түрлеріне көшуге уағдаласқан болатын.
Еуропадағы кейбір мемлекеттер бұл жағынан үлкен жетістіктерге жетіп отыр. Дания мемлекеті мұны артығымен орындаған. Жел энергиясы елдің электр энергияға деген мұқтаждығын толықтай өтеп (140%-ын құраған, яғни 40% артық электр энергиясын өндірген), артылған көлемді Германия мен Швеция мемлекетіне тасымалдауда.
Ал Исландия 2012 жылы-ақ геотермальды энергияны игеру арқылы электр энергияға деген сұранысты толықтай қамтамасыз еткен. 2016 жылы Германия мұнай мен атом энергиясынан бас тарту жөнінде саяси шешім қабылдады.
Халықаралық энергетика агентігі 2050 жылға дейін күн мен күн жылу энергиясы әлемдік сұраныстың 27 %-ын қамтамасыз ететіндігін есептеп шығарған. Агентіктің есебі бойынша 2050 жылы пайдалы қазбаларды өндіру ісі біржолата тоқтайтынын да болжап отыр.

Слямбеков Қымбат
ответил от Слямбеков Қымбат

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
0 ответов