Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Жер бетіндегі ең алғаш пайда болған жаратылыс (тіршілік иесі) не деп ойлайсыздар. Қандай өсімдіктер немесе жануарлар пайда болды
спросил от аноним в категории Животные, Растения

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Жер бетін 385 миллион жыл бұрын ағаштар қауымы жайлай бастаған. Содан бері жер бетіндегі өзгерістердің барлығына дәл осы ағаштар қауымы куәгер. Бірде Елбасымыз Ұлытаудың етегінде сұқбат беріп отырып: «Ұлытаудың қайыңдары талай қазақ хандарының билігіне куә ғой», –  дегені бар. Шынымен де, жер бетінің өзге жаратылыс иелеріне қарағанда ағаштардың ғұмыр кешу уақыты әлдеқайда ұзақ, ғасырдан ғасырға жалғасуда. Осы күнге дейін ғалымдарымыз жер шарындағы ағаштардың қайсысы жасы үлкен екендігін, көне екендігін анықтай алмаған еді. 2013 жылға дейін ең ұзақ өмір сүрген ағаш Калифорния тауларындағы Мафусаил есімді қарағай болатын. Оның жасы – 4845 жыл. Оған дейін одан 300 жас үлкен Промотей есімді қарағай болған екен. Алайда оны бір саяхатшы-студентіміз байқаусызда (алаңғасарлықпен) өртеп жіберген.
Дегенмен ғалымдарымыз одан  кейін 5062 жастағы тағы бір рекордсмен-қарағайды тапқан. Ойлап қарасаңыз, бұл қарт қарағай – адамзаттың жазуды ойлап тапқанынан бері жазылған барлық тарихи оқиғаларды көзбен көрген, былайша айтқанда адамзаттың соңғы 5 мыңжылдық тарихына түгелдей куәгер болған жалғыз жаратылыс иесі деген сөз.
Ал Еуропадағы ең көне ағаш – Грециядағы 1075 жасар Гельдрейх есімді қарағай. Еуропаның ормандары қашанда сырға да, сынға да толы ғой. Континенттің көне ормандарында «Гельдрейх-шалдан» да көргені көп «ақсақалдардың» болуы мүмкін. Дегенмен ғалымдарымыз, әзірше, көсегесі көгерген мұндай көне қарттарымызды кездестіре қоймапты. Еее, қазыналы қартты таба салу оңай ғой дейсің бе?!
Мұндай қарт қарағайлармен салыстырғанда, әлемдегі ең жасы үлкен жануар деп танылған 183 жасар тасбақа жай ғана жеткіншек болып қалары сөзсіз.  

Слямбеков Қымбат
ответил от Слямбеков Қымбат

Похожие вопросы

0 голосов
0 ответов
0 голосов
0 ответов