Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Менің елім –менің Президентім

Қол жетті, міне, аңсаған күнге,
Жасай бер, жаса, Қазағым менің!

Рухы күшті ел –алынбайтын қамал .Иә, бүгінде Қазақстан -әнұраны асқақ шырқалып, көгілдір туы биіктен көрінген бақытты ел. Өзге дербес елдермен терезесі теңесіп , керегесі кеңейген ұлы халықтың бірі. Қазақтың ұлылығы – бейбіт өмір сүргіштігінде , бауырмашылдығында , сабырлылығында  және  даналығында . Мен осындай данагөй , дербес, асыл қасиетке бай ғажап елде дүниеге келгеніме мақтанамын , қазақ екеніме шаттанамын.
    Бізді осындай бақытты күнге жеткізген , бақытымызды баянды еткен Елбасымыз- Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев . Ол кісінің көрегенділігі мен өлшеусіз еңбегінің арқасында қазір Қазақстан әлемге танылған тәуелсіз мемлекетке айналды. Елбасының нұрлы жолының , сындарлы саясатының арқасында еліміз өркен жайып қарқынды дамып , нұрлы күн кешудеміз. Асқан білімімен , табиғат сыйлаған дарынымен халықтың қалаулысы  болып, бір ауыздан сайланған алғашқы Президент болуы да жайдан-жай емес. Мен Елбасына ерекше ілтипатпен қараймын. Осындай жігерлі, қайратты ,дана , дара Елбасымен мақтанғанның өзі бір бақыт.
    Президентіміз белгілеген «Қазақстан -2030»  бағдарламасы және жыл сайынғы жолдауы – менің елімнің адаспайтын жолы, айқын да анық бағдары. Елбасының жолдауында Джон Кеннедидің : «Ел мен үшін не істей алады деп сұрамаңыз , елім үшін мен не істей аламын деп сұраңыз» , -деген сөзі бар . Иә, осы бір сөздің астарында терең де ойлы мағына  жатыр .
   Елбасымыз өзінің осы кезге дейінгі тыңғылықты еңбектерін, игі істерін өзінің жетістігі деп есептемей ,  «Ғасырлар тоғысында» , «Тарих толқынында» , тағы басқа еңбектерінде халықты өткенге үңілтіп, бүгінгіге шүкіршіліе етуге тәрбиелеп отыр. Маған Елбасы ежелгі қазақтың тарих бетіне енген ұлы ғұлама аты аңызға айналған тұлғаларымыздың бірі , бірегейі болып көрінеді. Елі үшін еңбек етуді бақыт санайтын мұндай жанашыр жан  «дара тұлға» емес пе ?!
    Тәуелсіздік –қазақтың қазақтығы , ұлтымның азаттығы . Тәуелсіздік –елбасы ұғымымен егіз.  Тәуелсіздік жолы - қасиетті жол. Ата-баба ерлігі –халық мұрасы, оның тарихы, ар-намысы.        Тәуелсіздік - ата-бабамыздың асқақ арманымен  туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс, қасиетті ұғым. Бізді бұл бақытқа жеткізу үшін аяулы арыстарымыз еркіндік үшін күресте қасық қаны қалғанша жанқияр ерлік көрсетті. Қаншама қыршын жастар тәулсіздіктің жолында құрбан болды. Ғасырлар бойы жасаған халқымыздың ерлік істерінің жемісі бізге баянды бақыт сыйлады. Анамыздың ақ сүтімен қанымызға сіңген қасиетті тіліміз, жүрегімізге иман сыйлаған құдіретті дініміз, қилы кезеңдерден адаспай жеткен салт-дәстүріміз - азаттықтың бізге тартқан ақ сыйы. Тәулсіздіктің    ақ таңы қасиетті Ата заңымды, аспан түстес көк байрағымды, елтаңбам мен әнұранымды дүниеге әкелді. Барша ұлтты бауырына басқан Отаным татулық пен бірліктің мекеніне айналды. Елбасы елімен, нұрлы жолымен талай биіктерді бағындырып, әлем өркениеттерімен иық теңестірді. Бүгінгі Қазақстан-әлемдік аренадан өз орнын ойып алған, Азия мен Еуропаны мойындата білген  өжет елдің мекені. Ата-бабамыздан қалған ұлан-ғайыр жерді игеріп,дербес мемлекет ретінде өз билігімізді сақтаған, өзгеге көңіліміз ашық, пейіліміз таза халықпыз.
     Бүгінгі күн-таршылықтың темір құрсауының, отызыншы жылдардағы отаршылдық пен сталиндік жаппай жазалау құрбандарының, Ұлы Отан соғысында от ортасынан оралмаған боздақтардың, тәуелсіздіктің рухы-желтоқсанда намысты қолдан бермеген қыршын жастарымыздың жеңісі.
    Биыл біздің тәуелсіздігімізге  25 жыл толды. Төл мерекеміз еліміздің барлық аймағында тойланып жатыр. Сәулетті ордамыз - Астана әлем тамсанған шаһарға айналды. Бейбітшілік пен тұрақтылық – елімнің  мызғымас тірегі. Болашағымыз – бірлікте! Иә, 130-дан астам ұлт пен ұлыстың мекені – қазақ елінің әлі де талай асулар мен биіктерді бағындыратыны сөзсіз. Міне, елім деп шын еңіреген ерлеріміздің арқасында бірлігі жарасқан мәңгілік елге айналдық. «Болашақ» бағдарламасы талай талантты балаларға үлкен мүмкіндік сыйлады. Қазір заман талабына сай жан-жақты білім алуға жағдай жасалған. Болашағымыз-жарқын. Денсаулық саласы да дамып, ана мен балаға жақсы жағдай жасалуда. Қазақстанда көптеген өнеркәсіп орындары ашылып, эканомикамыз нығайып, мәденетіміз дамуда. Осының бәрі еліміздің  ертеңі, болашағы үшін атқарылған ерен еңбек. Соның бірі-әлемнің көптеген елдері қатысатын «ЭКСПО-17» көрмесінің Қазақстанда өткізілуі еліміздің даңқының асып , мәртебесінің биіктігінің белгісі. Тағы бір жаңалық-қазақ күресінен әлемнің  сегіз елінің балуандары қатысатын «Еуразия Барысы » жарысы . Әрине , қашан да намысты қолдан бермейтін Қазақстан спортшылары жеңімпаз атанатынына сенім мол . Мақтауға , мақтануға тұрарлық игі істердің бұлар  біреу ғана. Осы орайда санамда жатталған «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетіне нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып  жүріп еңбек ет. Жердің де,елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»-деген Елбасының ұлағатты жан-дүниемді қамшылайды. Ендігі ұрпақтың міндеті-ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен бабалар қорғаған кең-байтақ жерімізді гүлдендіру, қорғау. Ол үшін бізге мол білім мен тәлімді тәрбиені бойымызға сіңіріп, аталар аманатына адал  болуымыз  қажет. Биыл біздің тәуелсіздігімізге  25 жыл толды. Төл мерекеміз еліміздің барлық аймағында тойланып жатыр. Сәулетті ордамыз - Астана әлем тамсанған шаһарға айналды. Бейбітшілік пен тұрақтылық – елімнің  мызғымас тірегі. Болашағымыз – бірлікте! Иә, 130-дан астам ұлт пен ұлыстың мекені – қазақ елінің әлі де талай асулар мен биіктерді бағындыратыны сөзсіз. Міне, елім деп шын еңіреген ерлеріміздің арқасында бірлігі жарасқан мәңгілік елге айналдық. «Болашақ» бағдарламасы талай талантты балаларға үлкен мүмкіндік сыйлады. Қазір заман талабына сай жан-жақты білім алуға жағдай жасалған. Болашағымыз-жарқын. Денсаулық саласы да дамып, ана мен балаға жақсы жағдай жасалуда. Қазақстанда көптеген өнеркәсіп орындары ашылып, эканомикамыз нығайып, мәденетіміз дамуда. Осының бәрі еліміздің  ертеңі, болашағы үшін атқарылған ерен еңбек. Осы орайда санамда жатталған «Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетіне нығайып көркеюі жолында жан теріңді сығып  жүріп еңбек ет. Жердің де,елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!»-деген Елбасының ұлағатты жан-дүниемді қамшылайды. Ендігі ұрпақтың міндеті-ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен бабалар қорғаған кең-байтақ жерімізді гүлдендіру, қорғау. Ол үшін бізге мол білім мен тәлімді тәрбиені бойымызға сіңіріп, аталар аманатына адал  болуымыз  қажет.
         Иә,«еркіндік» аңсаған халық тілегі бүгінгі таңда күндей күліп, арайлап атқан таңмен бірге  шапағын шашып тұрғандай.
 Ежелден аңсаған еркіндіктің туы жоғары,тәуелсіздігі баянды , елдігі  берік, тілегі қабыл бола бергей!
                            25 жыл –Тәуелсіздік ақ таңы ,
                            Жарқын өмір арайланып атқалы.
                            Сан ғасырлар елім, жерім аңсаған,
                             Бабалардың аманаты ақталды.

                              Бақыттымын елім аман , жұртым кең,
                              Кең пейілді мақтанамын ұлтыммен .
                              Бейбіт өмір аспанында қалықтап,
                              Көкке өрлеймін салт-дәстүрім , ғұрпыммен.

                             Тәуелсізбін дінім берік , тілім –бай ,
                             Жат жұртты да құрметтеймін ұлымдай.
                             Мақтанышым- титтей ғана жүрегім,
                              Қазақпын деп шұрқырайды құлындай.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
0 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Школы
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов