Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Школы

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Шығарма

Халық ауыз әдебиеті

 Халық ауыз әдебиеті негізінен ертеден халқымыздың қуанышы мен күйінішін, жасаған тірлігін жазу-сызусызақ пайда болған дүние. Қазақ халқының ерте заманда жасаған мәдени мұраларының бірі осы, халықтың ауыз әдебиеті. Осы тарауды әуел бастан адамдар ауызекі айту күйінде тудырған. Сол себепті де бұларды халықтың ауызша шығарған көркем жұмыстары, шығармалары, әңгімелері, даналық сөздері деп те айтамыз. Ауыз әдебиетін қалай алатын болсақ та, бұларды әрине , әуел бастан-ақ, бір жеке дара тұлға ауызекі түрде шығарып, ауыздан ауызға тараған. Бірақ бізге көбінекей түп нұсқасы жетпей,қаншама нұсқасы бізге әртүрлі болып жетеді. Осы тараудағы шығармалардың халық арасындағы авторларының есімі қағаз бетіне түспегендіктен, бізге дейін олардың есімдері жете алмай , хаты жетсе де аты өледі.
  «Халық немесе тайпа жазу өнерін білмеуі мүмкін, бірақ оның поэзиясы болмауы мүмкін емес»- деп , В.Г.Белинский айтқандай, әр халықтың жазбаша болмаса да, ауызекі түрде өз дүниелері, шығармалары болады. Ауыз әдебиеті ерте замандардан қалыптасып келе жатыр. Оның қалай туғаның , қалай қалыптасқанын әр ғалым әртүрлі айтады. Бәрі бірдей көзқараста болып, дұрыс түсіндіре білмейді.Көпшілігі халықтың еңбегіне, кәсібіне, тіршілігіне  , өміріне, дамуына байланысты ауыз әдебиеті пайда болады деп тұжырымдайды.
  Халық ауыз әдебиетінің негізгі тақырыптарына осы күнге дейін оқып, біліп таныған жырларды, шешендік сөздерді, аңыз әңгімелерді жатқызуға болады. Мақал-мәтелдерді әртүрлі адамның санасына алуан ой салатын аңыз әңгімелерді , баталарды,кеуделері қақпақтай, жауырлары тақпақтай , елінің сүйеніштері, тіректері, қолдарына найза ұстап, халқын жаудан қорғаған, қазақтың батыл батырлары туралы жазып жырлаған халық арасындағы осындай ауыз екі тілде болсың әңгімелерді, сол кездегі оқиғаларды, тарихымызды жеткізгені үшін ризашылығымызды, разылығымызды білдіруіміз керек. Тағыда халық ауыз әдебиетіне жұмбақтарды, шешендік сөздерді, айтысты жатқызуға болады.
 Халық ауыз әдебиетіндегі әңгіме жырлардың басты ерекшелігі, бұл тарауда өмірден тысқары қиял мен кереметтер айтылады.Ел арасында кеңінен таралңан осы тарау, әртүрлі жанрда дамыған.Мысалға лирикалық жанр, эпостық жанр, тағы басқалары.
Қазақ халқында дарынды ақындар көп болғанымен , олар аңыз әңгімелерін әр адамға бірдей жеткізе білуде дарын деп ойлаймын.Ол заманда адамадардың жаттау, есте сақтау қабілеті қазіргіден қарағанда шапшаңырақ болып көрінеді, себебі ол кездері бір айтқаннан екінші адам өзгеге жеткізетін.Сондықтан ,бізге осылайша ауыз әдебиетімізді де, жазба әдебиетпен бірге қатар ұстап, дамытуымыз керек деп ойлаймын.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы