Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Шығарма
Ауылда тұрған –өмір бір арман
Туған жерін ұмыту – ақымақтың ісі. Қала болсын, аудан болсын, ауыл болсын – әр  адамның туған  жері бар. Осы жерде мен өз туған ауылым –Үшқарасу ауылы жайында әңгіме қозғамақпын. Ауылдын аты үш шалшық су немесе көл болған жердің жанынан құрылған деп санайды көне көз қариялардың айтуы бойынша. Мен өзім ес білгелі аулдың меңгерушісі Төлеухан дейтін кісі болған және қазіргі кезге дейін басқаруда. Ауыл кезінде дүркіреп халқы да басым болған. Шаруашылық жағынан отар –отар қой шаруашылығы, бақша өсіру, егістік жерлер орын алган. Он бір жылдық мектеп, бала –бақша, кейін мектепті, бала-бақшаны жылумен қамтитын «Сантехник» ғимараты іске қосылды.
Балалық кез шалалық, сотқарлық кез десе де жараса береді ғой, соған сай біз де қарбыз ұрлауға кештетіп  барамыз, сол бір қызық кезең. Күзетшінің мылтығы бар, тұзбен атады, әрине көрІп қалса егер. Ат жегілген арбамен барамыз. Салдыр –гүлдір аз болсын деп ең бірінші арбамыз бен атымызды сайлап аламыз, содан іске көшеміз.
Мектепте дене шынықтыру пәнінен арнайы спорт залы жоқ. Қыста далаға шығып футбол ойнаймыз, алысып қағысу, сонда ауру дегенді білмейміз. Қыстың ермегі құлын – тай  үйрету, жарысу, казаки-разбойники ойнау. Жалпы қазіргі ұялы телефон,интернет, әртүрлі спутниктердің шығуы баланы үйге қамады, жіпсіз қолын байлады және физикалық тұргыдан нәзік қылдырды. Қит етсе ауырып жатады. Біз оларды білмей остік және қызықты саттер де көбірек, бастысы естен еш ұмытылмас.
Ауылда жергілікті қазақтардан басқа орыстар, татарлар, немістер, шешен ұлттары тұрды. Бөліну дегенді білмейміз. Негізі біздің көшені орыс көшесі дейтін. Сонда орыстардын балалары бала болып әр түрлі машина жасап ойнайтын. Ал мен болсам оларга қызыға қарайтыным рас. Сойтіп біз де барымызды алып шығып ойнайтын болдық. Жаздың аптап ыстық күндері су шашып ойнаймыз. Жастардың кешке жиналып гитарамен ән шырқауы «романтика» демей не дейсін. Біз де ұйықтамай соларды андыймыз. Түнгілік  сағат он екіде  үйімізге әрен кіргізеді. Свет жоқ, бірақ бәрі орынды секілді болып тұрады, электр қосыла қалған жағдайда көзімізбен әлгі шамға қарай алмаймыз, сығырайған май шамына үйреніп қалғанымыз соншалық. Теледидарға үңілеміз, ал ол құрғыр  быжылдап корсетпейді, далаға шыгып вышканы мын құбылтамыз. Эх шіркін, естен кетпес ауыл өмірі.
Шоқ самауырдан ішкен шайын, ыстық тоқаштан быжыма, балқаймагы, ірімшік – құртын тағы бар дастарқанның сәнің келтіреді.
Жалпы ауыл халқы бір-біріне ыстық кұдды бір улкен отбасы сияқты бір – біріне  комектесуге дайын тұрады. «Бір ауылда бір үй аш болса, бар үй аш» демекші қайғыда да, қуанышта да бірлесіп тірлік кешеді. Ауылда турған – өмір бір арман демекші қалалық достарым осы қызықты әңгімелерімді тындай отырып маған қызыға қарайды, ал мен болсам ауыл баласы екенімді айта алатыным – мен үшін мақтаныш.
ответил от Batyirxanov