Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
Тәуелсіздік тірегіміз шығарма керек
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз-тұрақтылық.


                                                     Тәуелсіздік!
Бабалардың ұраны
Бейуақытта,бойға таққан тұмары.
Тәуелсіздік!
Түнектерде тұншығып,
Ызғар ұрып жанбай қалған шырағы.
  С.Сейітұлы
Біздің тірегіміз де, тілегіміз де бір. Осы екеуі біздің таңдаған жолымыз. Осы шаңырақтың астында қанша ұлт өкілдерінің басын біріктіріп отырған қасиетті жол. Біздің татулығымыз берік болу үшін табан тірейтін тұғырымыз- тұрақтылық. Тәуелсіздік- баға жетпес басты байлығымыз. Тәуелсіздік, мейірлі мемлекетіміздің қасиетті құндылығы болып табылады. Тұрақтылық пен тәуелсіздікті нығайту үшін, біз алдымен елімізді нығайтуымыз керек. Бұл жарқын болашаққа- сенімді қадам. Өсер ел өтеннін қадірлейді демекші, осы күнге дейін жеткенімізді қадірлейік. Қазақ елі демократиясы дамыған,мақсаты үстем, тұрақты ел. Өз елін өзекке теппес тәуелсізбіз. «Ел жаусыз болмас, жер таусыз болмас» демекші, көп елдердің жауы бар,кей елдер өзгелермен ғасырлар бойы ерегесіп жатыр. Ал біздің ел жас, тамырын жерге енді жайып жатыр. Бейбіт, тұрақты, тәуелсіз. Сіздер ел мен жер егіз дейтін шығарсыздар, ал мен тәуелсіздік пен тұрақтылық егіз дер едім.
   Қазақстанда қаншама әртүрлі тура жолдан тайдыратын, діннен тайдыратын секталар бар.Олар бізді тұрақтылығымыздан тайдыратын бірден бір жол. Бізді тұрақтылығымыздан тайдыру үшін қаншама наным-сенімдер ұйымдастырылып жатыр. Осы таңда террористердің қатарында өзіміздің қазақтың қара домалақ балалары жолдан тайып, қара түнектің бір мүшесі болып жүр. Егер біз барлығымыз кім көрінгеннің сөзіне сеніп, осындай қылықтар жасасақ, біз құримыз. Онда ұлт болашағы, ел болашағы жоқ деп есептей беруімізге болады. Біз бірлігіміз жарасқан елміз, көп дауыс өосылса, бір дауысты жоқ қылады. Яғни біріге істелген жұмыс оңай. Біреуге топырақ шашсаң, өзіңнің де қолында қалып қояды. Мен бұнымен айтқым келгені, егер сен біреуге көмектескін келсе, тек жақсы жағынан көмектес. Мысалға алсақ, өзгелерге тәуелсіз болуға,тұрақты болуға көмектес. Тамыры жоқ ағаш тез қурайды,ол бірлігі жоқ ел тез құлайды. «Бірлік түбі-береке». Тәуелсіздік пен тұрақтылықтың басын құрайтын ең бірініші дүние-бірлік. Қазір көп елдерге басқындар қашып келіп жатыр, олар қайдан келді? Олар туып-өскен жер берекесіз, бірлікке ұмытылмаған ел. Олар татулықтың тәтті дәмін татып көрмеген. Барлығы біріге, ұйыла еңбек етпегендерінің кесірі. Әлемде әдемі-әдемі сан түрлі ғажайып жерлер бар. Мысалға Дубай,Париж, Лондон, Анталия тағы басқалары. Ол жерлердің барлығында көтеріліс және ұрыс-керіс бар. Дегенмен өз елім, жерім әдемі, ең керемет.
  Қорытындылай келе, біз тәуелсіздікке еңбек ,татулық арқылы жеттік деп ойлаймын деп есептеймін. «Құлан кісінесе үйір жиналар» демекші, біреуімізге бірдеңе болса , барлығымыз жұмылыумыз керек. Бәріміз біріміз үшін, біріміз бәріміз үшін. Білегіміз- бірлік, тірегіміз –тәуелсіздік! Тілегіміз-тұрақтылық!
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ