Жауап.кз вопросы и ответы
0 голосов
спросил от Batyirxanov в категории Прочее образование

Ваш ответ

Отображаемое имя (по желанию):
Конфиденциальность: Ваш электронный адрес будет использоваться только для отправки уведомлений.
Анти-спам проверка:
Чтобы избежать проверки в будущем, пожалуйста войдите или зарегистрируйтесь.

1 Ответ

0 голосов
Ұстаз ... Қандай қасиетті сөз! Әр адамның жүрегіне ерекше жылулық нұрын себетін аяулы тұлға бейнесімен өзектес ұғым. Адам баласының жүрегіндегі қадір тұтып, құрметтейтін екі ұғым болса, оның бірі – Ұстаз. Ол – адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін қалыптастыратын, білім мен тәрбиенің ұрығын шашатын, адамгершіліктің нұрын төгетін адам. Ұлағатты ұстаздан тәрбие алған адам жақсы қоғамдық қайраткер, ұлы тұлға болып өседі, өмірін дұрыс бағытқа бейімдеп, көркейтеді. Ол өзінің бойындағы бар аталық мейірімін, білімін, тәжірибесін алдындағы шәкірттеріне беріп, олардың рухани дүниесін байытады, өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге дайындайды. Шәкірт – ұстаздан дәріс қана емес, өмірлік ұлағат, тәрбие алады.
Ұстаз жолы – ауыр жол. Ол өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін, дегенмен шәкірт үшін барын беріп, сол қуанса қуанып, сол күйінсе күйініп, суығына төзетін ұстаздар қауымы бұрын да болды, қазір де бар. Солардың бірі – маған қазақ тілі нен сабақ берген мұғалімім Әренова Шайзат Өскелеңқызы. Апай қара сөздің майын тамызып сабақ түсіндіргенде   шаршаусыз сабақтың өткенін де аңғармай қалатынбыз. Шәйзат апайдың қоңыр даусы, балаларға мейіріммен қараған жанары, тасқа басқандай әдемі жазуы «мұғалім осындай болуы керек» деп тұрғандай болатын. Апайымыздың қазақ тілі сабақтары біз үшін өте пайдалы болды. Сабақтарда біз тарих, әдебиет, география пәндеріне байланысты көп жаңа мәліметтерді алып жүреміз. Қазақ тілі сабақтарында қазақ халқының көптеген әндерін, өлеңдерін, мақал-мәтелдерін, әңгімелерін оқып, халықтын даналығын танып жүрміз. Ұстазымыз сабақтарда тек тапсырма беріп қана қоймайды, әрдайым «Сендер қалай ойлайсыңдар?» деген сұрақтар қойып тұрады.
Бүгін біз  мектеп партасында кітапқа үңілген оқушы -  ертеңгі бір-бір тұлға. Ертеңгі қоғамның бір-бір кірпіші. Біз  туған еліміздің ертеңі үшін еңбек етеміз. Біз  – дамыған алдыңғы қатарлы елу елдің қатарынан өз Қазақстанымызды  көргісі келетін үкілі үміттерміз. Біз  – Қазақстанның 2030 жылғы білікті мамандары, ұстаздарымыздың берген білімін ақтайтынымызға сенімдіміз.
Ұстаз – мәңгілік тұлға, қасиетті жан, әр адам өмірлік мектебін ұстаздан алады, өзінің ұстазын қадірлейді, сыйлайды.
Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,
Ұстаз деген – анасы ол адамның.
Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,
Сен де одан адам болып жаралдың.
ответил от Batyirxanov

Похожие вопросы

0 голосов
1 ответ
0 голосов
4 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
спросил от Aknur.muratkyzy в категории Школы
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
0 голосов
2 ответов
0 голосов
1 ответ
0 голосов
1 ответ
спросил от Batyirxanov в категории Школы
0 голосов
3 ответов
0 голосов
2 ответов
0 голосов
2 ответов